"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЕМХАНАЛАР МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ДАЙЫН

17.01.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЕМХАНАЛАР МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ДАЙЫН

Апта дүйсенбісінде Семейге жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жекселекова келіп, бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінде болды.

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін еліміздегі барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған. Сол себепті адамдар осы уақытқа дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық көмек пакетіне сүйенетін медициналық қызметтерді ала алады. Оған дейін тұрғындар нақты мәртебесін анықтап алулары шарт.

Айта кетейік, сақтандыру пакетіне барлық жоспарланған медициналық қызметтер кіреді: оңалту және қалпына келтіру емі, мамандардың консультативтік-диагно-стикалық көмегі, стационар-лық көмек, амбулаторлық  дәрі-дәрмектер және басқа медициналық қызметтер. Кепілдендірілген тегін пакетке барлық жедел медициналық, паллиативті, алғашқы медициналық және жедел жәрдем көмегі кіреді. Сонымен бірге созылмалы және қоғам үшін қауіпті аурулары бар пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан, сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.{jcomments off}

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін, ал жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін ай сайын МӘМС жүйесіне жарна аударады. Ал азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты — балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы аналар және тағы басқалар мемлекет есебінен сақтандырылады.

— ҚР Үкіметі тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі жанынан орталық штаб құрылды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап МӘМС енгізілуін бақылау мақсатында ел аймақтарында болып, жұмыстар жүргізудеміз. Жаңа жүйеге байланысты мәселелерді тыңдап, ұсыныстарды қарастырудамыз. Семейдегі емханалар МӘМС жүйесіне дайын екеніне көз жеткіздік. Компьютерлермен, тұрақты интернетпен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарымен жабдықталыпты. Жалпы, ШҚО бойынша халықтың 99 пайызы сақтандырылған, — деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Жанғарашева.

Делегация сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. МӘМС жүйесінде орын алған алғашқы мәселелердің қайталанбауы үшін шаралар қабылдануда.

Мамандар Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында өткен жиында Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық жұмыстары туралы айтып берді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов аймақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін нормативтік-құқықтық база бекітілгенін мәлімдеді.

— Еліміздегі міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде халықты медициналық көмекпен қамту шамамен 87%-ды, ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 86,5% -ды құрайды. Облыс халқының 13,5%-ы шартты түрде сақтандырылмаған, бұл — шамамен 184 мың адам. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мәртебесін жаңартуды қажет ететін 186 мың облыстың тұрғындарынан тұратын тізім анықталды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 34,4 мың адамды құрайды. Жұмыс жалғасуда. Халықтың 86,5%-ы шартты түрде сақтандырылған деп саналады. Мемлекет тарапынан жарна аударылатын азаматтардың 15 әлеуметтік санатына 722 мың адам кіреді. Тұрақты емес төлемдерге келер болсақ, өткен жылы Қорға 43 мың салық төлеушіден 7,3 млрд теңгеден асатын аударымдар жасалды,- деді Ғалымжан Әбілов.

Еске сала кетейік, азаматтар МӘМС жүйесіндегі мәртебесі туралы E.gov порталынан біле алады.

Айтолқын САМАТОВА,«Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

13 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

13 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

15 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

15 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

15 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

15 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС