"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ. ЕЛ НЕ ДЕДІ?

11.02.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпанның 7, 10 күндері қала әкімі Ермак Сәлімов шаһардың сол және оң жағалау тұрғындары алдында есеп беріп, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, Семей қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және қаланы әрі қарай дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы баяндады. Тұрғындар сауалдарын, ұсыныс-тілектерін тыңдап, нақты жауаптар қайтарды.

Қала әкімі Ермак Бидахметов 7 ақпан күні сол жағалау тұрғындары алдында есеп берді. Шаһар басшысының баяндауынша, өткен жылы өндірілген өнеркәсіп өнімі 209 млрд. теңгені құраған, бұл 2018 жылдың деңгейінен 24,3 млрд. теңгеге артық. Қаланың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінің зор үлес салмағын өңдеуші өнеркәсіп құрап отыр.

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағында «Семей механикалық зауыты» ЖШС-нің «Асфальт өндірісін ұйымдастыру» жобасы іске асырылып, 30 жұмыс орны құрылған.

Агроөнеркәсіптік кешенде өндірілген ауылшаруашылық өнімінің көлемі 7,9 %-ға артқаны байқалады. Өткен жылы 745 тонна астық, 300 тонна күнбағыс, 54 мың тонна картоп, 30 мың тонна көкөніс, 1096 тонна бақша дақылдары жиналған. 2020 жылы егістік алқапты 7 пайызға ұлғайту, 500 га суармалы жерді игеру жоспарлануда.

— «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен жылы Комсомол кентінде ұзындығы 32,6 км болатын кварталішілік желілер салынды. Ағымдағы жылы Комсомол және Ұшақтар кенттерінде электр және сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. «Нұрлы жол», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша «Затон» су тоғанын, Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкерін, Степной кентінің су құбырын қайта жөндеу, Ақсай кентінде және Мұқыр ауылында сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасады. Бұл мақсаттарға 2020 жылы 2016,6 млн. теңге қарастырылған. Коммуналдық шаруашылықтың жылу желілерін жаңғырту ЕҚДБ-мен ынтымақтастық аясында жоспарланып отыр. 2020 жылдан бастап екі жыл ішінде ескірген шамдар қазіргі заманғы энергия үнемдейтін шамдарға, 1,8 млрд. теңге сомасында, ауыстырылады,- деді Ермак Бидахметұлы.

Өткен жылы ауыз судың сапасын және коммуналдық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту үшін жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жүргізілді. ЕҚДБ-мен әріптестік аясында 3,2 км су құбыры желілері жаңғыртылып, жалпы сомасы 540 млн. теңгеге сорғы жабдығы мен арнайы техника сатылып алынды.

Орталық жылу жүйесінде сақталған қазандықтар мен жылу электр станцияларын жаңғырту және қаладағы жылу желілерін қайта құру жұмыстары аяқталды. ЖЭО-1-ді кеңейту және жаңарту жұмыстары жүзеге асырылғаннан бері 25,4 млрд. теңге жұмсалды.

Қала әкімі айтып өткендей, 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 118,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген: 50,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы болса, 63 мың шаршы метр жерге 12 көп пәтерлі тұрғын үй салынды (2 жалдамалы, 3 кредиттік, 7 коммерциялық үй).

— 2019 жылы қала көшелерін абаттандыру мен көгалдандыруға 1,5 млрд. теңге жұмсалды. «Менің аулам» жобасы аясында 89,7 млн. теңгеге 7 тұрғын үйдің аумағы мен кварталішілік өтпе жолдар абаттандырылды. Биылғы жылы Мәңгілік ел көшесіндегі Орталық саябақты жөндеу жұмыстары аяқталады. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында облыстардың қосқан үлесі есебінен де абаттандыру жұмыстары жалғасады.  Оның ішінде Орталық алаңды, Абай Құнанбаев, М.Әуезов атындағы алаңдарды, Мирный кентіндегі өзен жағалауын, М.Әуезов даңғылындағы «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аумағын, балаларға арналған спорт алаңдарын орнату, елу ауланы абаттандыру, Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді жарықтандыру жұмыстары жоспарланып отыр, — деді Е.Сәлімов.

Қала жолдарын жөндеуге 1,1 млрд. теңге жұмсалды. Ұзындығы 14,5 км болатын қаланың 9 көшесі: Найманбаев, Қаржаубайұлы, Бозтаев, оң жағалаудың айналма жол айрығы, Параллельная, Дәстенов, Глинка көшелері орташа жөндеуден, Мичурин көшесіндегі өтпе жолдар мен тротуарлар күрделі жөндеуден, 32,8 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өтті.

2020 жылы жеті көшені орташа жөндеуге және 34,3 мыңнан астам шаршы метрді ағымдағы жөндеуден өткізуге 1,4 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда. Сонымен қатар Жангелдин көшесінен бастап республикалық маңызы бар «Омбы — Майқапшағай» жолына дейін автомобиль жолы қайта жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 200 млн. теңге бөлінген.

Білім беру саласында да ілгерілеушілік байқалады. Өткен жылы 40 білім беретін мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 615,6 млн. теңге жұмсалды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 100 %-ды құрайды.

— Өткен жылы Ұшақтар кентінде мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында екі жүз сексен орынға арналған балабақша және «Эрудит», «Радуга» жекеменшік балабақшалары пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы Бобровка кентінде 320 орынға арналған, Восход кентінде 230 орынға арналған екі балабақшаның құрылысы жоспарлануда, — деді Е.Сәлімов.

Қалада спорттық ғимараттар саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылы 5500 орынға арналған бірегей мәдени-спорт кешені пайдалануға берілді. №22 мектеп-лицейі аумағында жасанды көгалы бар футбол алаңы, балалар алаңы және Workout тренажерлері бар әмбебап спорт алаңы ашылды. «Менің аулам» бағдарламасы аясында тоғыз аулада «Workout» спорт алаңдары орнатылды. 2020 жылы тағы да он спорт алаңын орналастыру жоспарланған.

Баяндамадан соң семейліктер қала әкіміне толғандырған сауалдарын жолдады.  Тұрғындар көбіне қар шығару, жарықтандыру, таза ауыз су құбырын тарту, қоқыс шығару, тұрғын үй мәселелерін қозғады.

Есеп беру кездесуіне келген Суықбұлақ кентінің тұрғындары оқушылар мектепке барып-қайтатын орталық көшеде жарықтың жоқтығын, кентке су құбырының тартылмағанын, аялдаманың алыстығын айтып, қала әкімінен көмек сұрады.

— Суықбұлақ кентінде үш мыңдай халық тұрады. Ереже бойынша, халық саны екі мыңға жеткенде су құбыры тартылуы керек. Әлі күнге су тасып ішеміз. Аялдама да алыс. Кентке тағы бір аялдама салып, су құбырын тартып берсеңіздер, — деп өтініштерін білдірді кент тұрғындары.

«Поколение» үкіметтік емес ұйымының мүшесі Альберт Перемы-кин қала шетіндегі зираттардағы қоқыс мәселесін көтерді. Оның айтуынша, зираттардағы жылдар бойы жиналып қалған қоқыс өткен жылы өрттің шығуына әкеп соққан.

— Жыл сайын зиратқа барғанда осы көріністі көреміз. Зираттар қоқысқа толып жатыр, кейде өрт шығады, — деді Альберт Перемыкин.

Әкім тек жерлеу орындарында ғана емес, қалада да бұл мәселенің көкейкесті екенін айтты.

— Қалада қоқыс жеткілікті. Себебі қоқыс жинайтын машиналар қатты тозған, тиімділігі өте төмен. Биыл 30 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа қоқыс жинайтын 45 бетон орындарды жабдықтаймыз. Сол жерден қоқыстарды жаңа техникалар алып кететін болады. Зираттарға келетін болсақ, әр зиратты тазалауға қала бюджетінен қаржы қарастырылмаған. Оған мүмкіндік те жоқ. Бірақ азаматтардың қатысуымен бұл мәселені шешуге болады. Мәслихаттың келесі сессиясында Семейді абаттандыру ережелерін қабылдаймыз. Осы сессияда зират қоршауы туралы да сөз қозғаймыз, — деді Е.Бидахметұлы.

Қаланың Аэропорт шағын ауданындағы Жас Алаш көшесінің тұрғындары қала әкіміне әлі электр энергиясының қосылмағанын жеткізді.

— Жас Алаш көшесінің бойында біздің отбасымызбен бірге бірқатар азаматтар жаңа үйлер салған болатын. 2017 жылы электр бағаналары тұрғызылып, есептеу құралдар орнатылды. Бірақ әлі күнге дейін жарық тартылмады. Бұл мәселені бірнеше рет көтердім, әлі нәтиже жоқ, — деп шағымданды жергілікті тұрғынның бірі.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев Жас Алаш көшесіндегі үйлерге жарық наурыз-сәуір айларында берілетінін жеткізді.

Кездесу барысында электрондық билет жүйесінің кемшілігі туралы да айтылды.

— Жол ақысын валидатор арқылы төлеу кезінде жүйе бұзылады. Интернет болмаған кезде Avtobys қосымшасы арқылы төлем жүргізілмейді. Бұл мәселені реттеуді сұраймын, — деді қала тұрғындарының бірі әкімге.

Қала әкімі бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

— Бүгінгі таңда жүйені әзірлеушілер қосымшаны жетілдіруде. Жалпы, электронды билет жүйесін енгізудің пайдасы зор. Біз нақты жолаушылар санын көре аламыз. Осылайша, көлік жүйесін оңтайландыруға мүмкіндігіміз бар. Белгілі бір желілерде жолаушылар ағынының артқанын көру арқылы көлік құралдарының санын көбейте аламыз,- деді қала әкімі.

Қала әкімі биыл қардың қалың түсуіне байланысты жеке тұрғын үй секторындағы көшелер қардан тазартылатынын жеткізді.

— Мамандар қардың мөлшерін есептеп шығарды. Бізбен бірге барлық мердігерлер жұмыс істейтін болады. Жеке секторды қардан тазалаймыз, — деп түйіндеді әкім.

Жиын қорытындысында семейліктер қала әкімі Ермак Сәлімовтің 2019 жылы атқарған істеріне оң баға беріп, 2020 жылы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.{jcomments off}

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

22 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

22 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

22 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

22 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС