"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Ниеттің» ақ ниеті

11.02.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

10 ақпан күні Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінде «Ниет» республикалық қорының Семей филиалы және Бесқарағай ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясы барысында ауданның ауылдық округтерінен 85 отбасы қайырымдылық көмекке ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны баршамызға мәлім. Еріктілер жылы аясындағы игі істер Бесқарағай ауданында да сәтті жүзеге асып жатыр. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі — ағымдағы жылдың 10 ақпаны күні Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінде «Ниет» республикалық қорының Семей филиалы және Бесқарағай ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясы барысында ауданның ауылдық округтерінен 85 отбасы (423 адам) қайырымдылық көмекке ие болды. Акцияға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ауданның еріктілер қозғалысының мүшелері және аудан жастары қатысты.

Шараға қатысқан аудан әкімі Шалқар Заманбекұлы Байбеков қайырымдылық көмек көрсеткені үшін «Ниет» қорына алғысын білдіріп, филиал директоры Айдос Серікқалиұлына алғыс хат табыс етті.

— Биылғы жыл ауданымызда игілікті істермен басталды. «Ниет» республикалық қорының Семей қалалық филиалының демеушілігімен бүгін ауданның ауылдық округтерінен келген 85 отбасы қайырымдылық көмек алып отыр. «Ниет» республикалық қорының Семей қалалық филиалына және директоры Айдос Серікқалиұлына зор алғыс айтамыз. Биылғы Еріктілер жылына сай бастама деп ойлаймыз. «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей, алдағы уақытта да мұндай ізгі істерді жалғастыра береміз. Көпбалалы отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әрдайым мемлекет қамқорлығында,- деді аудан әкімі Шалқар Байбеков.

Осыдан соң аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қыстық күрткелер мен қалың киімдер салынған сөмкелер таратылды.

Акция балалардың шығармашылық концертімен аяқталды.

Назира Идрисова, Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

9 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

9 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС