"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

18.02.2020
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның жұмасы күні «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалының ғимаратында қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Бұл жолы қала әкімі орынбасарының қабылдауына жазылғандардың басым көпшілігі баспана мәселесіне қатысты сұрақтармен келіпті. Олардың арасында егде жастағы адамдар көп болды. Тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдаған Николай Николаевич олардың әрқайсысына кең көлемде түсінік беріп, алдағы уақыттарда заңға сай көмек көрсетілетінін жеткізді.

Дегенмен басым көпшілігіне 2023 жылға дейін өз кезектерін күтулеріне де тура келеді. Бұл ретте тұрғындар сауалына жауап қайырған әкімнің орынбасары:

— Соңғы бес жыл ішінде біз көп қабатты тұрғын үйлер салуға айрықша мән беріп отырмыз. Сәйкесінше, осы уақыт аралығында Семей қаласы бойынша қолданысқа берілген тұрғын үй саны да бұрынғы жылдармен салыстырғанда артып отыр. Ал алдағы уақыттарда, Президент тапсырмасына сай, мұқтаж тұрғындарды баспанамен қамтуға мән берілетін болады. Бұл орайда «Бақытты отбасы» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында бірінші кезекте көпбалалы аналар мен ата-анасыз өскен азаматтардың өтініштері ескеріледі,- деп атап өтті.

Қабылдау барысында Николай Ушаков қазіргі күні пәтерді жекеменшік құқығынсыз ұзақ мерзімге жалға алу сынды тиімді тәсіл жайында, сонымен қатар Тұрғын үй жинақ банкі арқылы аз пайызбен пәтер алу мүмкіндіктері жайлы түсіндірді. Ол үшін аталмыш банк қызметкерлерінен кеңес алу қажет екенін жеткізіп, жеке сұрақтарымен келген тұрғындарға бағыт-бағдар берді.

Қабылдауда болған тұрғындардың кейбірі тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет бойынша толыққанды қызмет көрсетілмей отырғанын айтып шағымданды. Атап айтсақ, Мичурин көшесінде орын тепкен үш қабатты тұрғын үйде орталықтандырылған су мен кәріз желісі орнатылмаған. Осы мәселе бойынша шағыммен келген тұрғынның айтуынша, үй сыртындағы кәріз суының иісі баршаны алаңдатып отыр.

Мәлім болғандай, бұл үйдің кәріз жүйесі орталыққа қосылған емес. Әйтсе де кейбір тұрғындар үйлеріне өз еріктерімен коммуналдық қызметтің қатысуынсыз орнатып алған. Николай Ушаков бұл үйдегі жағдай қала басшылығының назарында екенін жеткізе келіп, рұқсатсыз кәріз жүйесін тартып, лас суды далаға төгу дұрыс еместігін жеткізе келе, бұл сауал қалалық ҚДБ мекемесіне жолданғанын айтты.

Қабылдау барысында аталған тұрғын үйді басқаруға қатысты мәселелер ортақ талқыға түсті. Бұл ретте барлық сауалдарға жауап қайырған қала әкімінің орынбасары «Семей су арнасы» мекемесі басшылығына арнайы тапсырмалар берді. Ал кәріз жүйесі мәселесі бойынша қалалық әкімдік алдағы уақыттарда көмек көрсететін болады. Ол үшін арнайы жер бөлініп, кәріз суы жиналатын септик қазылады.

Сөз соңында Николай Николаевич аталмыш бағыттағы мәселелер бойынша бірінші кезекте тұрғындардың өздері заң шеңберінен шықпауы қажет екенін ескертіп, қалалық әкімдік өтінішпен келген барлық шаһар тұрғындарының талап-тілегін қанағаттандыруға әзір екенін айтты.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

20 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

20 часов бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

20 часов бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

20 часов бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

20 часов бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

7 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

7 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС