1873 жылы салынған 4 сыныптық әйелдер гимназиясының ғимараты
Әйелдер гимназиясы ХІХ ғасыр соңындағы қазақ даласындағы іргелі оқу орындардың бірі болған.
Гимназия 1919 жылы жабылып, түрлі кеңселер ретінде жалға берілді. 1925 жылдан губерниялық партия мектебі, политтехникум ретінде жұмыс істеді. Ал соғыс жылдарында мұнда әскери госпиталь орналасты.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары шамасында ғимараттың үшінші қабаты бой көтерді.
Соғыс аяқталған соң, 1952 жылы зооветеринариялық институт ретінде қайта ашылды.
Ғимарат өз тарихында бірнеше мәрте өртенген.
1986 жылғы желтоқсан айындағы қатты аязда жарылған жылу құбырларын дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі шыққан өрттен кейін нысан жарамсыз деп танылып, қолданылыстан шығарылды.
Деректерге сүйенсек, өткен ғасырдың 90-шы жылдары жекеменшікке өткен. Алайда тарихи нысан ретінде мемлекет қорғауында тұр.{jcomments off}