"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЯГӨЗГЕ КЕЛ, ЖАС МАМАН!..

28.02.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда облыс әкімі Даниал Ахметовтің айрықша назарға алуымен аймағымыздағы Аягөз ауданында да халық денсаулығын жақсарту бағытында ілкімді шаралар қолға алынып жатыр. Өңір медицинасын дамытуда бірқатар жоспарлы жұмыстар сәтімен жүзеге асырылуда. Соның ішінде медициналық орталықтар ашу, аудан көлеміндегі емдеу орындарын жаңғырту мен медициналық қызметті жаңашыл бағытта жүзеге асыру ісі кеңінен жолға қойылған. Алайда, аталмыш шаралардың нәтижесінде ауданда медицина саласы мамандарының қажеттілігі артуына байланысты, дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Осы орайда Семей медицина университетінде білім алып жатқан осы өңірдің түлектерін ауданға тарту қажет. Бұл жайында кеше, апта бейсенбісінде қаламыздағы медицина университетінде оқитын Аягөз ауданының студент жастарымен өткен кездесу барысында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев кеңінен айтып өтті.

Студенттермен кездесуге аудандық орталық аурухана басшылығы, аудандық білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы, Жастар ресурстық орталығының белсенділері және өзге де бөлімдер мен мекемелер басшылары келген болатын.

Кездесу басталмас бұрын Семей қаласында оқитын аягөздік болашақ жас мамандар үшін еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шараға ертеңгі күннен үміт күткен жастар көп жиналды. Тек медициналық университет интерндері ғана емес, қаладағы барлық жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарын бітіруші түлектер де келіпті.

Бүгінде Аягөз ауданында көптеген мамандықтарға сұраныс бар. Соның ішінде, дәрігерлер және педагогтермен қатар, инженерлік сала, IT маманы, ветеринариялық қызмет саласы мамандықтарына деген қажеттілік жоғары екен. Еңбек жәрмеңкесі барысында болшақ мамандар жұмыс орнын ұсынушылармен ашық әңгімелесіп, бірқатар сұрақтарын да қойды. Атап айтсақ, ауылдық елді мекенге барып жұмыс істегісі келетін жастардың сауалдары көбінесе жалақы мен баспана мәселесіне қатысты болды.

Ал оқу орнының залында болып өткен кездесу жиынында сөз алған аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы ең алдымен аудан көлеміндегі медицина саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қатарына тоқталды. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған жаңа нысандар туралы да айтып өтті. Мәселен, Аягөз қаласында ашылған инсульт орталығында бүгінгі күнге дейін 650-ден астам адам ем алған. Келешекте орталықтың қызмет аясын кеңейте түсу көзделуде. Сондай-ақ облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен алдағы уақыттарда Аягөзде жүрек-қан тамыр ауруларын емдеу және диагностика орталығы да ашылатын болады. Бүгінгі таңда бұл жобаның жалпы құны 658 млн теңгені құрайды.

Аудан басшысы тоқталып өткендей, алдағы уақытта ауданаралық травматология және ортопедиялық орталық ашу да жоспарда бар. Осы және өзге де өзекті тақырыптарды қозғаған Аягөз ауданының әкімі Ділдабек Тәжібайұлы жастармен кездесуінің мақсаты Семей қаласының оқу орындарында әртүрлі салада білім алып жатқан студенттерге өңірде қандай мамандықтарға қажеттілік барын жеткізіп, туған өлкесін көркейтуге атсалысуға, кіндік қаны тамған жерге қызмет етуге шақыру екенін де айтты. Сондай-ақ аудан басшысы биылғы жылға «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша 30 маманға үй алуға жеңілдетілген несие беруге және көтермеақы төлеуге республикалық бюджеттен 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінгенін де айтып өтті.

Жалпы, қазіргі күндері Аягөз ауданы бойынша бірқатар мамандарға тапшылық бар. Атап айтсақ дәрігерлер мен педагогтерге деген қажеттілік жоғары болып тұр.

— Бүгінгі күні ауданымызға 7-8 дәрігер мен 43 мұғалім керек. Соның ішінде физика, орыс тілі, математика пәнінің ұстаздарына сұраныс көп. Елбасының тапсырмасы бойынша, Аягөз ауданында үш тілде білім беру мәселесі жолға қойылуда. Сондықтан жаңаша білім беруге маманданған мұғалімдерді ауданымызға шақырамыз. Бір бұл емес, өңірімізге ауыл шаруашылығы мамандары, атап айтсақ мал дәрігерлері, зоотехниктер, агрономдар керек. Ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде білікті мамандарға сұраныс артып отыр, — деп атап өткен аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы аталмыш саланы дамытуда ғылыми бағытта жұмыстар жүргізілетінін де жеткізді.

Осы орайда айта кетсек, Аягөз ауданының әлеуетін арттырып отырған сала — ауыл шаруашылығы. Мемлекеттік бағдарламалар игілігін тиімді пайдаланудың нәтижесінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер пайда болды. Соның нәтижесінде Аягөз ауданы облысымыздағы 19 аудан-қала арасында бірінші орынға шықты. Бұл жайында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасап өткен Ділдабек Тәжібайұлы қазіргі таңда аудан бойынша ауылдық елді мекендерде немесе Аягөз қаласының өзінде тұрып, жұмыс істеп қана қоймай, мал өсіріп, отбасының әл-ауқатын арттыруға да мол мүмкіндік бар екенін айтты. Яғни «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында келген маман үшін төмен пайызды несиемен мал сатып алып, бордақыға байлап, жеке шаруашылығымен айналысуға да жан-жақты жағдай бар.

Бүгінде Аягөз өңірінде жастарды ауылдық жерлерге тарту мақсатында бірқатар тиімді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, ауылдық елді мекендердегі клуб үйлерін жаңалау, жастардың өз уақыттарын тиімді өткізулері үшін саябақтар мен мәдениет үйлерінің жұмыстарын жандандыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Осы шаралар жайлы айтып өткен Аягөз ауданының әкімі жиналған жастар қауымын еш алаңдамастан Аягөз өңіріне, өңірдегі ауылдарға «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша келіп, еңбек етуге, туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар осынау кездесу барысында бүгінде Семей қаласында тұратын, заманында Аягөз ауданында еңбек етіп, өңірді гүлдендіруге, әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге үлес қосқан аға буын ардагерлермен де кездесті.

Сондай-ақ аталған шара барысында аудан басшысының бастамасымен Семейдегі оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан Аягөз өңірінен шыққан 10 студент жасқа аудан әкімінің атынан алғыс хат пен сыйлыққа ноутбуктер тарту етілді.

Ал жиынның соңында студенттерге кезек беріліп, сауалдары тыңдалды. Аудан әкіміне сұрақ қою мүмкіндігін алған аягөздік студенттер бір реттік көтермеақы, тұрғын үймен қамту, ауылдық жерлердегі жастарға жасалып жатқан жағдай, Шұбартау өңіріндегі мәдениет саласының даму қарқыны жайлы, тағы басқа да сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Айта кетсек, студент жастармен кездесу жиындары дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

9 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

9 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС