"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕВАЛЬВАЦИЯНЫҢ ДАМУЫМЫЗҒА ЗИЯНЫ ЖОҚ

07.03.2014
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі күні қалалық әкімдіктің үлкен залында қала басшысы Айбек Кәрімовтің жетекшілік етуімен мемлекеттік қызметкерлердің кезекті аппараттық сабағы өтті. Аппарат сабағында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Әбіл «Макроэкономика: манитарлық саясат» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында экономика саласына жан-жақты шолу жасаған Ерлан Қуанышұлы макроэкономикалық жағынан 2014 жыл Қазақстан үшін жақсы басталғанын айтты.

— Жақында ғана болған девальвация еліміздің экономика саласының дамуына елеулі серпін берді десе де болады. Өйткені, девальвацияның зияны тек ірі қаржы қорлары бар елдерге көбірек әсерін тигізеді. Әрине, девальвацияны ешкімнің ұнатпасы анық. Алайда, бұл құбылыстың Қазақстан сияқты дамушы елдерге аса қатты зияны бола қоюы екіталай, — дей келе, елдегі девальвацияның болу себебін де түсіндіріп өтті.

 

 

{jcomments on}Оның айтуынша, қаржылық құбылысқа АҚШ экономикасы дамуының әсерімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде үш рет дағдарыс және үш рет девальвацияның орын алғанын атап өткен Ерлан Әбіл инфляция мәселесін де сөз етті. Бүгінгі күні өз қызметін атқарып тұрған Кедендік Одақ жайлы да өз ойын білдірген Ерлан Қуанышұлы Ресей Федерациясы экономика бағытында да еліміздің ең сенімді серіктесі екенін жеткізді. Мысалы, Қазақстанда өндірілген тауарлардың Еуропаға және өзге де елдерге Ресей арқылы экспортталатындығын, сол сияқты импортталып келетін тауарлар да осы көрші мемлекет арқылы елге жеткізілетіндігін тілге тиек етті.

 

 

— Экономиканың өсуі адамдарға, олардың мінез-құлықтарына және ділі мен әдеп-ғұрпына да байланысты. Мысалы, салт-дәстүрін мықтап ұстанатын Жапония мен Кореяның, содан кейін темірдей тәртіп орнаған, заңдары қатал Германия мемлекеті экономикасының қалай дамығанын білесіздер. Экономика саласында адамдардың мәдениеті мен жүріс-тұрысына дейін бәрі ескеріледі. Сондықтан, саясат пен экономика және мәдениет салалары бір-бірімен тығыз байланысты, — деген Е.Әбіл бизнестің дамуына да кеңінен тоқталып өтті. – Жалпы, адам баласы қандай іспен айналыспасын, мысалы, музыка маманы болуды көздейтін адам туралы айтар болсақ, оның бойында аз да болсын таланты болады немесе өзінің қызығушылығына байланысты арнаулы оқу орынында білімін шыңдайды. Егер таланты да, арнайы білімі де болмаған жағдайда «талаптыға нұр жауар» дегендей мықты ортада жүрсе де, талабының арқасында жетістікке қол жеткізеді. Міне, бизнеспен айналысу үшін де адамға талант немесе білім не орта қажет.

Ерлан Қуанышұлына мемлекеттік қызметкерлер экономика саласына қатысты көкейдегі сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын да алды. Сөз соңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының бағдарламасы туралы да айтып, аталмыш академияның докторантура, магистратура бойынша мемлекеттік қызметкерлерді   дайындайтындығын жеткізді.

Қала әкімі Айбек Кәрімов экономикалық жан-жақты шолу жасап, осы салаға қатысты сұрақтарға кеңінен жауап бергені үшін барша мемлекеттік қызметкерлердің атынан Ерлан Қуанышұлына ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі. Алдағы уақытта да академиямен тығыз байланыста болуға ниетті екендігін айтты. Жиын соңында бірқатар мемлекеттік қызметкерлер маманға жеке сұрақтары бойынша да кеңес алуға мүмкіндік алды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

2 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

2 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

2 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

2 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

2 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС