"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК – БАСТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАҢДАУ

05.03.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісінде Семей қалалық «Nur Otan» партиясы филиалында Саяси кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолғы басқосуға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, Семей қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарова, Саяси кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының шаһарымыздағы өкілдері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды кіріспе сөзбен ашқан Семей қаласының әкімі, қалалық филиалдың төрағасы Ермак Бидахметұлы күн тәртібінде «Ұлттық бірлік — «Nur Otan» партиясының стратегиялық таңдауы» басты тақырып ретінде алынып отырғанын жеткізіп, аталмыш мәселе төңірегінде сөз қозғады.

Алдымен аталған тақырып бойынша Қалалық Достық үйінің директоры Надежда Васильевна баяндама жасады.

— Президентіміз айтып өткендей, бүгінгі таңда еліміздегі барлық этностар бір ұлт тәрізді тұтастықта, тұрақтылықта өмір сүруде. Ал қазақ халқы шын мәніндегі мемлекет құраушы ұлтқа айналды. Мұның маңызы терең. Ең алдымен, бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін ерекше жауапкершілік, қасиетті борыш. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері осы бағытта жұмыс жүргізіп, елдегі береке-бірлікті нығайтып, жастарымызға дұрыс жол көрсетіп, тәрбие беруі керек. Бұл ретте Қордайдағы оқиға сабақ болуы тиіс, — деп атап өткен Достық үйінің директоры кез келген келеңсіздікті қылмыстық топтар өз мүдделеріне пайдаланып кетуі мүмкін екендігін жеткізді. Яғни, ұлттық бірлікті сақтауда партия мүшелері бас болып, қоғам болып жұмыла жұмыс жүргізу қажет.

Жиында сонымен қатар «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова да баяндама жасады. Партияның қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысынан бастап Елбасының еліміздегі ұлттар бірлігі саясаты жөнінде де сөз қозғаған Айнұр Серікпайқызы аталмыш бағытта партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен кең көлемде таныстырды.

Басқосуда қазіргі таңдағы қоғам үшін өзекті саналатын бірқатар мәселелер, атап айтсақ қала ішінің тазалығы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қазақ тілін үйрену сынды мәселелер де кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ отырыс барысында іс-шараға қатысушы бірқатар партия мүшелеріне қала көлемінде өткізілетін түрлі қайырымдылық акцияларында, семинарларда белсенділік танытқандары үшін арнайы сертификаттар, алғыс хаттар табыс етіліп, салтанатты түрде марапатталды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

43 минуты бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

55 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС