"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЕТЕЛДЕН ОРАЛАТЫНДАРДЫ ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

30.03.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қаламыздағы қоғамдық орындарындағы сақтық шаралары күшейтілгені белгілі. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бірінші кезекте автовокзалдар мен темір жол вокзалдарында тексеру жүргізуде.

Нақтырақ айтар болсақ, ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен апта ішінде облысқа келген 10416 жолаушыдан анкета алынған. 185 көлік құралы тексерілген.

— Карантинге жабылғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласынан қайтып келген 3942, Алматыдан оралған 5117 жолаушы анкета толтырды. Сонымен қатар Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекарасындағы бес автокөлік бекетінде және Қытай елімен шекарасындағы екі бекетте санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еліміздің Ресей Федерациясымен шекарасындағы барлық кеден бекеттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылау қатаңдатылды. Қазіргі күні Семей қаласы арқылы өтетін транзиттік Ташкент — Новосібір, Алматы — Новосібір және Бішкек-Новосібір бағыттары бойынша жолаушылар қатынасы уақытша тоқтатылған. Сондықтан да аймақтардағы  темір жол бекеттері мен барлық автобекеттерде жолаушылар саны азайған.

— Қазіргі күні барлық вокзалдарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді. Вокзал қызметкерлері көп реттік пайдалануға жарамды медициналық бетперделермен, арнайы қолғаптармен толықтай қамтамасыз етілген. Залалсыздандыру жұмыстарына қажетті антисептикалық құралдар да жеткілікті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жолаушылар саны азайғандықтан қауырт жұмыс жоқ. Ал осы жағдай вокзал қызметкерлеріне Абайдың 175 жылдық мерейтойына даярлық шараларын толыққанды жүргізе беруге мүмкіндік туғызып отыр, — дейді Семей темір жол вокзалының басшысы Ержан Құрманалыұлы.

Айта кетер тағы бір жайт, қазақстандықтарға шетелге шығуға уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ көршілес Қытай мемлекетіне қатынайтын жолаушылар автобустары әзірше тоқтатылды. Бұл туралы облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Кабаков жуырда аймақтық коммуникациялар қызметінде болып өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

— Турфирмалар ұсынған дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде шығысқазақстандық 72 азамат БАӘ, Тайланд, Египет, Вьетнам, Гоа, АҚШ және РФ елдерінде жүр, — деді Марат Кабаков.

Брифинг барысында басқарма басшысы облыстағы барлық қонақ үйлер мен демалыс базаларында, хостельдер мен турбазаларда санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Туристік саланы дамытуға ден қойған кәсіпкерлердің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді, — деді өз сөзінде басқарма басшысы Марат Кабаков.

Мамандардың айтуынша, сақтық ережелеріне сәйкес, шетелден оралатын жерлестеріміз қатаң тексеруден өткізіліп, карантинге жатқызылады. Айта кетерлігі, қаламыз бойынша қазіргі күні коронавирус инфекциясын жұқтырған екі азаматпен байланыста болған 5 адам бар. Олардың барлығы үй жағдайында карантинге алынып, дәрігерлердің жіті бақылауында.

Өз тілшіміз{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

19 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

19 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС