"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРІКТІЛЕР КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

30.03.2020

Семей қаласы бойынша еліміздегі төтенше жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Осы орайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен Семейде тігілген бірнеше мәрте қолданылатын бетперделер соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектер мен атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы отбасыларға тегін таратылуда.

Семейлік еріктілер өзара бірнеше топтарға бөлініп, бетперделерді жекелеген тұрғындарға жеткізуді бастап кетті.

Жалпы, бүгінгі таңда өзімізде дайындалған бетперделер Семейдің 13090 тұрғынына, соның ішінде 213 жетім балаға, 9972 бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, 2635 тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген 270 адамға берілмек.

— Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен белсенділері өзара бірігіп, игілікті шараны қолға алдық. Қазіргі күндері Семей қаласы бойынша 1400-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген екен. Біздің еріктілер осындай мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып, оларға санитарлық бетперделер мен коронавирустан сақтану шаралары жазылған облыстық басылымның арнайы шығарылымын таратты, — дейді Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының заңгері Асхат Асқаров.

Достық үйінің еріктілері де Семей қаласының тұрғындарына бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскаларды тегін таратыпты. Айта кетсек, Семей медицина университетінің  ректоры Ерсін Жүнісов қалалық Достық үйінің этномәдени орталықтарына көмек ретінде 500 бетперде берген екен.

Аталмыш оқу орнының жанындағы тігіншілер цехы бірнеше рет пайдалануға болатын маскалар тігіп, ең алдымен өз қызметкерлерін, университет госпиталіндегі кіші медицина мамандарын және дәрігерлерді маскалармен қамтамасыз етіпті. Университет басшылығы сонымен қатар қалалықтарға да көмектесу жағын қарастырып отыр.

Осы орайда ҚХА еріктерлері Антонина Клиновицкая, Ядвига Радионова, Ольга Ушакова, Мария Горбачевалар да инфекцияның алдын алу шараларына атсалысып, тұрғындарға вирустан сақтану жолдарын түсіндіріп, бетперделер таратыпты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-баевтың Үндеуіне орай, облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен өңіріміздің 470 мыңнан астам азаматы бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалармен тегін қамтамасыз етілмек.

Бүгінде бетперделер жергілікті дәріханаларда 170 теңгеден сатылуда. Ал зейнеткерлер мен көп балалы аналар «Қазпошта»  бөлімшелерінен тегін ала алады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС