"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК

09.04.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында аймақ басшысы «Адал» дүкендер желісінің қызметімен танысты. Сонымен қатар Абай театрындағы жөндеу жұмыстарын барып көріп, Орталық саябақтағы жаңғырту жұмыстарын бағамдады.

2 сәуірден бастап қала әкімдігі «Адал» супермаркеттерімен және «Адал-фарм» дәріханаларымен бірлесе отырып, қарттар мен мүгедектерге ең қажет заттарды жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол үшін 52-12-12 нөмірі бойынша қоңырау шалып, тапсырыс беру жеткілікті. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді Жастар ресурстық орталығының еріктілері керекті мекенжайға жеткізіп береді. Тапсырысты аптасына бір рет жасауға болады. Байланыс орталығының мамандары тапсырыстарды таңертеңгі 7.00-ден бастап 19.00-ге дейін қабылдайды. Сәуірдің екісінен бүгінгі күнге дейін 1200 тапсырыс қабылданған. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы супермаркеттің жұмысына оң баға берді.

Келесі кезекте облыс басшысы Абай атындағы театрға бас сұқты. Қазіргі мұнда ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай жөндеу жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатыр.

Театр директоры Яков Горельниковтің айтуынша, өткен жылдың қыркүйегінде жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, өнер ордасындағы стендтер жаңартылып, ғимаратқа әктеу, бояу жұмыстары жүргізілген. Заманауи дыбыстық және жарық беру жабдықтары сатылып алынған.

— Біздің театрда мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары бұған дейін болған емес. Енді ғимаратымыз жаңаша кейіпке енетін болады. Биыл театрды күрделі жөндеуге облыстан қомақты қаражат бөлінді. Ғимараттың шатыры, баспалдақтары мен қасбеті жөндеуден өтеді, сонымен бірге театр аумағын абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Абайдың 175 жылдығына арналған ең маңызды іс-шаралар біздің театрда өтеді, сондықтан да біз қонақтарды лайықты қарсы алуымыз керек, — деді Яков Горельников.

Театр директорының айтуынша, ғимараттың іші де өзгереді. Екінші қабаттың фойесі де көрермендерді жаңа келбетте қарсы алатын болады. Көрермендер залы да жаңартылады. Абайдың мерейтойына орай театр әртістері енді жаңартылғпн сахнаға шығады, қазіргі уақытта еден жабыны төселуде.

Гримерлік және дайындық бөлмелерінде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Театрдың шығармашылық құрамы төтенше жағдай режиміне байланысты уақытша мәжбүрлі демалысқа шыққанымен, жұмыс тоқтаған жоқ. 15 күннен кейін көрермендер онлайн-режимде «Ревизор» қойылымы тамашай алады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов театрдың түс гаммасына мұқият қарауды ұсынды.

— Түрлі түсті бояулардың қажеті жоқ, колористиканы сақтаңыздар. Металл қоршауларды безендіруге де назар аударыңыздар. Біз мұнда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіземіз, сондықтан да дизайн мәселесі жақын арада шешіледі деп үміттенемін,– деді Даниал Ахметов.

Облыс басшысы сапарының соңында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Орталық саябақ пен алдағы уақытта Ибраев көшесі мен Мәңгілік Ел көшесінің қиылысында құрылысы жоспарланып отырған жаяу жүргіншілерге арналған көшенің орнын барып барып көрді. Аталған орын үш ай ішінде абаттандырылуы керек.

— Мұнда серуендеуге келетін жастар шетелде бізден әдемі деген ойда болмаулары керек. Келушілерді тамсандыратындай тамаша демалыс орындарын жасау біздің де қолымыздан келеді. Бұл 300 метрлік демалыс орны Еуропадағыдан кем болмауы керек. Ол үшін бізде қаражат бар, — деді Даниал Ахметов.

Сонымен,1 шілдеге қарай Семейде жаяу жүргіншілерге арналған  көше пайда болады. Облыс әкімі жергілікті атқарушы билікке демалыс орнының заманауи дизайнын жасауды тапсырды.

— Адамдар атмосфераның өзгерісін сезінулері керек. Бұған дизайнерлік шешімдер көмектеседі. Жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтау қажет,- деп тапсырды облыс әкімі.

Орталық саябақты аралап шыққан Даниал Ахметов қайта қалпына келтіру жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы журналистерге сұхбат беріп, облыс тұрғындарына үндеу жолдады:

– Егер біз өз балаларымыз бен немерелеріміздің амандығын ойласақ, олардың бақытты болғанын қаласақ, шектеу шараларын қатаң сақтауымыз керек. Көлік санының айтарлықтай азайғанына разымын, бірақ әлі де қысқарту керек. Еш қажетсіз үйден шықпаңыздар — бұл коронавируспен күрестегі жалғыз тәсіл,- деді Даниал Ахметов.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

9 часов бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

1 день бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

3 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

3 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС