"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДӘУЛЕТІН ЕЛІМЕН БӨЛІСКЕН ДӘУЛЕТ

20.04.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Игі істер туған жерге деген махаббаттан туындайды. Өзінің туып-өскен жерінің көркеюіне, гүлденуіне ерекше іңкәрлікпен үлес қоса білген азамат тұтастай бір елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ету білімнен емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктен десек, ешкім жоққа шығара қоймас. Осы сөзімізді Алаш арысы Әлихан Бөкейханұлының «Халыққа қызмет ету – білімнен емес мінезден» деген нақылы растап тұрғандай. Ел басына күн туғанда халқымен бірге болу, жұрттың қамын жеу — нағыз патриотизм!

Қайда жүрсе де туған өлкесін, туған халқын естен шығармай, таршылық көргендерге қол ұшын созуға асығып тұратын нағыз патриоттар елімізде баршылық. Осындай халқының қамын ойлайтын азаматтар жаһанды жайлаған індет біздің елімізге де жеткен кезде көмекке келіп, ауылдағы ақжүрек ағайынға қолдау көрсетуде. Сондай жандардың бірі КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, атымтай жомарт азамат Дәулет Болатұлы Тұрлыханов облысымыздың 6 ауданына, атап айтсақ, Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар өңірлеріне жалпы көлемі 80 тонна болатын азық-түлік жіберіпті.

Қайырымдылық автокеруенінің алды қазіргі күндері кейбір аудандарға жетіп, балуанның жолдаған сәлемдемесі көп балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына таратыла бастады.

Көмек керуені алғашқы кезекте күре жолдың бойындағы Аягөз ауданына келіп жетті. Автокеруенді бастап келген Азамат Тәңірбергенов қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Дәулет Болатұлының өзі тікелей жетекшілік еткенін айтады.

— Өзінің елін, туған жерін әсте естен шығармайтын қазақтың батыры Дәулет Болатұлы бізге осыдан бір апта бұрын хабарласып, көмек қолын созуға ниетті екенін жеткізген болатын. Бұл қамқорлығы өзге де азаматтарға үлгі боларлықтай,- дейді бұл ретте аудан әкімі Ділдабек Оразбаев.

Жіберілген азық-түлікті жергілікті «Nur Otan» партиясы филиалы қабылдап алыпты. Қазіргі күні Аягөз ауданы бойынша жалпы саны 720 әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы бар екен. 17 адамнан тұратын арнайы комиссия құрылып, бұл көмек аудандық әкімдіктің назарға алуымен мұқтаж жанұяларға үлестірілді.

Дәулет Болатұлының қайырым-дылық керуені өзінің туған мекені Жарма ауданына да жетті. Меценат азаматтың жанашырлығы жайында аудан әкімі Ахметқали Ахашұлы фейсбук әлеуметтік желісінде ізгі лебізін жеткізіп, жерлестерінің атынан алғыс білдірді.

«Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қоғамның әлжуаз топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» акциясы аясында түрлі игілікті шаралар қолға алынуда. Бұл игі іске Жарма жұртшылығы да бір кісідей атсалысып келеді. Осындай ізгілікті іске даңқты палуан, жерлесіміз Дәулет Болатұлы Тұрлыханов та үн қосып, азаматтық ұстанымын танытып, облысымыздағы 6 бірдей ауданға гуманитарлық көмек жолдаған болатын. Күні кеше ғана жеткізілген азық-түліктерді аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеткізу мақсатында арнайы комиссия жасақталып, еріктілердің күшімен әр отбасыға бөлініп, бүгін бекітілген тізім бойынша округтердегі жанұяларға жолданды. Батыр палуанның жіберген сәлемдемесі 400-ге жуық қолдауға мұқтаж отбасының шаңырағына жылылық ұялатты.

Туған өлкесі Жарманың жалауын биік ұстаған Дәулет Болатұлының қамқорлығын жерлестері әрдайым сезініп келеді. Халқының қамын ойлаған азамат ел басына түскен осынау ауыртпалық кезеңде жерлестеріне қамқорлық танытуы арқылы өскелең ұрпаққа өнеге, өзгелерге үлгі болып отыр.

Алып тұлғасын еңбегімен танытып келе жатқан Дәулет Болатұлына деген Жарма халқының ықыласы қашанда ерекше. Қолда барымен бөлісіп, қамқорлық танытқан жерлесімізге қайырымды ісі үшін жармалықтардың атынан риясыз алғысымызды білдіре отырып, ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне табыс тілейміз!»– деп жазды аудан әкімі өз парақшасында.

Халықтың жанашыры, тектінің тұяғы Дәулет Тұрлыхановтың жолдаған қайырымдылық көмегі өткен аптада облысымыздағы Абай ауданына да жеткізілді.

Жалпы жиыны 2 тонна ұн, 1 тонна күріш, 2,5 тонна қант, 1 тонна макарон өнімдері, 1500 литр өсімдік майы, 600 дана кір сабын Абай ауданындағы аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға — барлығы 150 отбасыға таратылды.

«Адал ұл ер боп туса — ел тірегі». Осындай қиын-қыстау кезеңде халықпен бірге болып, елді береке-бірлікке шақырып, жанды қолдау білдіріп жатқан атымтай жомарт азаматтың бұл игілікті ісі көптеген отбасылардың дастарқанына ырыс болып құйылғаны анық. Ұлы ақынның өсиетін бойтұмардай қастерлеп, ұлылар мекеніне үлкен құрметпен қарайтын Дәулет Болатұлының осынау жанды көмегіне абайлық ағайын шынайы ризашылығын білдіруде.

— Дәулет ағаның төтенше жағдай кезінде бізге көмекке келіп, азық-түлік жібергеніне шексіз алғысымызды айтамыз. Ел ағаларының халқымен бірге болып, қарапайым ауыл тұрғындарына жанды қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Шынайы ниетпен ұсынған көмегі үшін Дәулет Болатұлына Алла разы болсын! – дейді Қарауыл ауылының тұрғыны Кәмшат Әбеуова.

Көмек керуенін күтіп алған Көкпекті тұрғындары да ризашылықтарын білдіруде.

— Сәуірдің 15-і күні Көкпекті ауданына меценат жерлесіміз Дәулет Тұрлыханов жолдаған гуманитарлық көмек келіп жетті. Өңірімізге келген бұл қайырымдылық жәрдемді аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы бастаған жұмыс тобы қарсы алып, керуенді бастап келген өкіліне Дәулет Болатұлына бағытталған халықтың лебізін жеткізіп, алғыс хат табыстады. Аудан басшысы арнайы құрылған комиссия мүшелеріне Дәулет Болатұлы жолдаған көмек қорын 250 отбасыға қажеттіліктеріне сай әділ бөліп беруді міндеттеді,- дейді Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаев.

Қазіргі таңда алты ауданның тұрғындарына ұн, қант, күріш, май сияқты ең қажетті азық-түлік өнімдері таратылып жатыр.

— Дәулет Болатұлы туған өлкесіндегі жерлестерін еш ұмытпайды. Жаһанды жайлаған індет кезінде әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткен жандарға көмек беруді азаматтық парызы санайды, — дейді бұл ретте осы игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Жандос Ілиясов.

Балуанның сәлемдемесі Тарбағатай ауданына да жеткізілді. Жолданған көмекті тарбағатайлықтар да ризашылық сезіммен қабылдап алды.

— Қазақтың даңқты балуаны, атақты меценат, грек-рим күресінен жеті рет КСРО чемпионы, бірнеше дүркін Еуропа, Азия чемпионы, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Дәулет Тұрлыханов жерлестеріне әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Бүкіл әлем елдерінің алаңдаушылығын тудырып отырған коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу мақсатында Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Еліміздің шығысында да сақтық шаралары қолға алынып, халықтың жүріп-тұруына шектеулер енгізілген кезде, яғни сын сағатта атақты балуанның жерлестеріне тағы да көмек қолын ұсынуын үлкен азаматтық деп білеміз, — дейді ақжарма алғыстарын білдірген Тарбағатай халқы.

Дәулет Болатұлының демеушілігімен 16 сәуір күні Тарбағатай ауданына жалпы құны 3 млн теңгені құрайтын 12,1 тонна азық-түлік жеткізілген. Гуманитарлық көмекті Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов бастаған қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар қарсы алды. Аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы қазақтың батыр ұлы Дәулетке жұртшылық атынан алғысын білдірді.

КСРО спорт шебері Болат Оразғалиев, қарт ұстаз Совет Болысбаев, еңбек ардагері Әбдікәрім Ахметкәрімовтер де осындай қиын кезеңде халыққа қолдау білдірген атақты палуанға ризашылықтарын жеткізді. Ауданға жеткізілген азық-түлік барлық ауылдардағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылды. Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Нұғиев алғашқы көмекті еңбек ардагері Әбдікәрім Ахметкәрімовтің үйіне жеткізіп берді.

Бұл күндері Үржар өңіріне де қайырымдылық керуенімен 4 млн 350 мың теңге көлемінде бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер — ұн, қант, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы және басқа да халық тұтынатын тауарлар жеткізіліп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар мен жалғызілікті қарттар, көпбалалы отбасыларға үлестірілді.

Қайырымдылық көмекті қабылдап алған үржарлық азаматтар, аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков Дәулет Тұрлыхановтың өкіліне аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің алғыс хатын табыстап, жанашырлық танытқан жерлесімізге ізгі тілектерін жолдады. «Құрметті Дәулет Болатұлы! Елі сүйіп, қадірлеген, қандай қызметте болмасын жоғары жауапкершілік, адалдық сияқты адами қасиеттерді ту еткен сіздей жерлесімізбен мақтанамыз. Отбасыңызға береке-бірлік,  амандық тілейміз»,- деп жазылған алғыс хатта.

Елінің қамын жеген арда ұлдарына разы болған үржарлық аналардың атынан ауданның Құрметті азаматшасы Рысхан Жанкүшікова алғыс білдірсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұхаметқали Бітімбаев сынды ақсақалдар ақ баталарын берді.

Сын сағатта сүйеу болып, халқына қолдау көрсеткен Дәулет Болатұлының көмегін жерлестері ерекше ықыласпен қабылдады.

Хамза СӘТИЕВ,

Ақерке АЛТЫНБЕКОВА,

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

15.05.2026
Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

15.05.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

✔️Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін...

Толығырақ...Details

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

15.05.2026
Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу мақсатында...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

15.05.2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

Абай облысында биылғы жылдың төрт айында тұрмыстық салада 1345 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізгі басым бағыттардың...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

15.05.2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

15.05.2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

21 час бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

21 час бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

21 час бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

21 час бұрын

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

22 часа бұрын

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

22 часа бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

22 часа бұрын

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

22 часа бұрын

Облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

23 часа бұрын

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС