"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ БІРЛІГІ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

30.04.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде Семейдің рухани өмірі ғаламтор желісі арқылы жалғасып жатыр. Қаланың өнер, мәдениет мекемелері тұрғындарға онлайн — қызмет көрсетуде. Соның ішінде көптеген ұлттық орталықтардың басын біріктірген Семей қалалық Достық үйінің атқарып жатқан шараларын айтпай кетпеске болмайды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Бұл мерейлі сәт Семей қаласындағы этномәдени орталықтар үшін де маңызды екендігі анық. Осы орайда әр ұлт өкілдерінің басын қосқан Достық үйі халықтың ынтымақ-бірлігін нығайту жолында көптеген шараларды жүзеге асырып келеді.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, өңіріміз бойынша Қазақстан халқының бірлігін дәріптеуге арналған 17 онлайн — іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Тілдерді оқыту орталығында «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбында танымдық сағат, Зағип және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты онлайн форматындағы достық кездесу, саңырау, мылқау азаматтарға арналған клубта «Я, ты, он, она — вместе дружная семья» тақырыбымен ұлттық тағамдардан фестиваль ұйымдастырылды.

Ал қаламыздағы орталық кітапханада 20 сәуірден бастап «Бірлікте біздің күшіміз» атты құттықтау акциясы, Достық үйінде 27 сәуірден бері этномәдени бірлестіктердің қатысуымен арнайы іс-шаралар циклі — «Біз біргеміз» онлайн-құттықтау өтіп жатыр. Мәселен, орыс этномәдени орталығының төрайымы Антонина Клиновицкаяның, «Рудаки» тәжік этномәдени орталығының төрағасы Алавидин Гадаевтың онлайн — құттықтаулары қаламыздағы татар, әзірбайжан сияқты өзге ұлт өкілдерінің ізгі лебіздеріне ұласып кетті. Ал татар, украин сынды ұлт өкілдері әлеуметтік желілер арқылы Абайдың әндерін оқудан онлайн — эстафета өткізіп, жырсүйер  қауымды сүйсіндіруде.

Сондай-ақ «Единство в многообразии» атты концерт, ұлттық киімдерді насихаттауға арналған шеберлік сыныбы, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу және тағы да басқа қызықты іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Бірлігімізді бағалауға, ұлтаралық ынтымақты арттыруға бағытталған мұндай мазмұны терең бейнероликтерді Семей қалалық Достық үйінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларынан көріп тамашалауға болады.

Қалалық Мәдениет сарайы да жаңа жағдайға бейімделіп, «Концерт в пустом зале» атты онлайн форматындағы мерекелік концертті дайындау үстінде. Аталған концертті қала тұрғындары «Semei» арнасынан мереке күні тамашалай алады.

Осы ретте Достық үйіндегі орталық өкілдері де «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына қолдан келгенше атсалысып жатқандарын айта кеткен жөн. Соның жарқын бір мысалы ретінде Семей қаласының Татарлар қоғамы мұқтаж жандарға, жалғыз басты және қарт адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсеткенін айтуға болады. Бүгінгі күнге дейін қоғамдағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топ өкілдеріне барлығы 90 жиынтық жеткізіліпті.

— Қасиетті Рамазан айының қарсаңында өткізілген бұл акция біздің бірге екендігімізді, ел үшін қиын кезеңде мұқтаж жандарды қолдаусыз қалмай, жан жылуын сыйлайтын адамдардың аз еместігін көрсетеді, — дейді бұл ретте аталмыш шараны ұйымдастырушылар.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын бірнеше бағытта ұйымдастыруда. Осы орайда «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясында 300 мыңға жуық адамға 276 миллион теңгенің көмегі көрсетілгенін, өңірлерде 400 мыңнан астам медициналық бетперде таратылғанын да айта кету ләзім.

Бұған қоса, #бізбіргеміз, #бізүйдеміз бірыңғай хэштегімен түрлі челлендждер ұйымдастырылып, хакім Абайдың 175 жылдығына орай, ақын өлеңдерін оқу эстафетасы, Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздейтін «Ұлы даланың ұлтаралық тілі», «Мәміле» жобалары және басқа да онлайн — іс-шараларды жұртшылық назарына ұсынды. Атқарылған жұмыстар жөнінде әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен бейнесабақтар жарияланған.

Барлық жобалар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, карантиндік шектеу талаптарын сақтауға шақыруға бағытталған.

Бүгінде Ассамблея Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін онлайн форматында ұйымдастыруға қызу кіріскен. Елдегі жағдайға байланысты ҚХА республикалық және өңірлік деңгейде #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz, #Abai175 бірыңғай хэштегімен қызықты онлайн — жобалар дайындау үстінде. Бұл шаралардың барлығын әлеуметтік желілер, жергілікті телеарналар арқылы тамашалайтын боламыз.

Ал Семей өңіріндегі халық бірлігі мен ынтымағын дәріптеуге, этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты насихаттау шаралары ауылдық елді мекендердегі клубтарда да әлеуметтік желілер арқылы өткізіліп жатыр. Тоқтала кетсек, Қайнар орталықтандырылған кітапханасы «Бірлік түбі — береке» тақырыбында виртуалды кітап көрмесін және елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан challenge өткізуді жоспарлап отыр. Ал Қайнар Мәдениет үйінің әртістері facebook парақшасында мерекеге орай «Бірлігіміз жарасқан!» атты концерт ұсынбақ. Сол тәрізді Мұқыр ауылының кітапханасы «Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан» онлайн режимінде сурет байқауын өткізеді. Бұл жайында жуырда қаламыздағы ақпараттық орталықта өткен арнайы брифинг барысында Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина ақпараттандырды.

Қорыта келе тоқталар болсақ, елімізде енгізілген уақытша шектеу шараларына қарамастан, қалалық Достық үйінің өкілдерімен қатар, өңіріміздегі мәдениет саласының мамандары да Қазақстан халқының бірлігі күнін, Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық мерейтойын өз мәнінде атап өтуде.

Біз, Қазақстан халқы, мемлекеттің даму тарихында бірлік пен қоғамдық келісімнің арқасында қиын кезеңдерді бірге өткізіп, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Жұдырықтай жұмыла білсек, бүгінгі уақытша ауыртпалықтарды да ойдағыдай еңсеріп шығарымызға күмән жоқ.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 час бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

3 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

3 часа бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

3 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

3 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

24 часа бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС