"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАҒАЙЛЫДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

30.04.2020

Жақында Семей қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Болат Жақаевтың қатысуымен онлайн – брифинг өтті. Қарағайлы шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жайлы кеңінен баяндап берген Болат Жақаев БАҚ өкілдерінің тұрғын үйге қатысты көптеген сауалдарына жауап қайтарды.

Семейдің бас жоспарына сәйкес, бүгінде Қарағайлыдағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Шағын ауданда кәсіпкерлік нысандарын ашуға қолайлы үлгіде салынған 20 көп қабатты үй пайдалануға берілген. Кварталаралық жолдар мен автокөлік қоятын орындар заман талабына сай жабдықталған. Көлік қоюға бір пәтерге шыққанда 1,5 метр орын бөлінген.

— Қазіргі таңда 20 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, жалпы алаңы 95,883 мың шаршы метрді құрайтын 18 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар жалпы алаңы 171, 600 мың шаршы метр болатын 43 тұрғын үйдің жобалық — сметалық құжаттары дайындалуда. 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша құрылысына жер телімдері бөлініп отыр.  Бүгінгі күні тағы бір мектептің құрылысына жобалық — сметалық құжаттар әзірленуде. Жаңа ауданда тағы да бес мектеп салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта 150 орындық оңалту орталығының да құрылысы басталады. Шағын ауданда, төтенше жағдайға қарамастан, құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр, — деді Болат Жақаев.

Бүгінгі күндері сондай-ақ қаламыз арқылы өтетін Омск — Майқапшағай (Павлодар тас жолы) күре жолының ұзындығы 2,5 шақырымдық учаскесін жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Қарағайлы шағын ауданындағы спорттық-мәдени кешен мен саябақты және Назарбаев Зияткерлік мектебінің араларын жалғайтын екі көше толықтай жөндеуден өткізіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Жаяу жүргіншілер осы жолмен Арбатқа қарай өтететін болады.

Қарағайлыда Мұз сарайы салынатыны көпшілікке белгілі. Бұл нысанда екі  хоккей алаңы және допты хоккей алаңы жасалмақ, мұндағы трибунаның сыйымдылығы 1000 адамды қамтитын болады. Аталған алаңдардың жобасын  мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында алматылық кәсіпкерлер дайындап жатыр.

Ағымдағы жылы Қарағайлы шағын ауданы аумағының солтүстік жағын 90,0 гектарға дейін ұлғайтуға байланысты жұмыстар басталды. Бұл аумақта 80–нен астам көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жаспарланып отыр. Сондай-ақ мектептерді, өрт сөндіру депосын және әлеуметтік нысандарды салу көзделуде.

Алдағы уақытта 32 000 отбасы Қарағайлы ауданынан баспана алады деп жоспарлануда.

Мақпал МАРАТҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

11 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

12 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

15 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

15 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

15 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС