"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫНА БАРДЫ

19.05.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Асқар Ұзақбайұлы Мамин Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында Абай ауданына келіп, Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарын көрді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин алдымен 1845 жылы хакім дүниеге келген Сырт Қасқабұлаққа барып, Абай Құнанбайұлының рухына тағзым тағзым етті. Қасқабұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде 2005 жылы габбро тастан жасалған ескерткіш белгі орнатылған. Ескерткіш белгіде «Бұл жерде аға сұлтан Құнанбай ауылында 1845 жылы қазақтың данышпан ақыны Абай (Ибраһим) дүниеге келген» деп жазылған. Облыс әкімі Даниал Ахметов Асқар Ұзақбайұлын мерейтойға дайындық жұмыстарымен таныстырды.

— Былтыр 14508,0 мың теңге қаржыға жол жөнделді. Қазіргі уақытта Сырт Қасқабұлақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 50 383 256 мың теңге бөлінді, — деді Даниал Ахметов.

Үкімет басшысы сонымен қатар Қарауыл ауылындағы мектептің құрылысымен танысты. Қарауыл ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1 363, 96 млн теңгені құрап отыр. Мердігер мекеме — «Азия фирмасы» ЖШС. Қазіргі уақытта ғимараттың іргетасын қалау, инфрқұрылымдық желілерді тарту, негізгі блоктардың қабырғаларын қалау жұмыстары аяқталды. Таяу арада нысанның шатырын жабу, екінші блоктағы құрылыс жұмыстары басталады.

— Құрылыс жұмыстарына барлығы 15 техника және 95 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 615,0 млн теңге игерілді. Жұмысты осы жылдың 1 тамызында аяқтау жоспарлануда. Мектептегі физика, химия, биология және тіл пәндері сыныптары Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарттарына сәйкес заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталады. Мультимедиалық журналистика бойынша сабақтар өткізуге арналған жаңа жабдықтар сатылып алынып, виртуалды шынайылық бөлмелері (VR/AR), робототехника, IT және инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады,- деді Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыров.

Жаңа мектепте барлық қауіпсіздік ережелері сақталып, мектеп турникеттері, бейнебақылау жүйесі және өрт дабылы орнатылады. Ата-аналар мен оқушылар үшін сенсорлық ақпараттық үстел қойылып, арнайы күту аймағы ашылады. 
Балалар заманауи интерактивті сыныптарда, зертханаларда жұмыс істеп, түрлі технологиялық жабдықтармен, мамандандырылған бағдарла-малармен, озық технологиялармен танысады, топта жұмыс істеуді үйреніп, ғылыми жұмыстармен айналыса алады. Мектеп пайдалануға берілгеннен кейін 82 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Асқар Ұзақбайұлы осыдан соң Қарауыл ауылындағы Абай атындағы саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Абай саябағының құрылысы өткен айда басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 937 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні аумақтарды жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарына 30 дана техника мен 70 адам жұмылдырылған. Саябақтың құрылысы үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде аяқталады.

— 634 түп ағаш отырғызылды. 1700 тонна жартасты топырақ, 20 мың тонна құм мен қиыршық тас, 9031 тонна құнарлы топырақ әкелініп, қоршау орнатылды.Электр және су құбырларын орнату жұмыстары басталды. 1500 метр су құбыры тартылды, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Асқар Ұзақбайұлы осыдан соң Қарауыл ауылындағы су құбыры жүйесін жаңғырту жұмыстарын көрді. Қарауыл ауылындағы су құбыры желісін жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың ақпан айында басталған болатын. Мердігер мекеме — «ВостокСтройГрупп» ЖШС. Жоба құны — 1 млрд. 425 млн теңге. Жаңғырту жұмыстарын келесі жылдың мамыр айында тамамдау жоспарланған.

— Бүгінгі таңда 340 млн теңге игерілді. Құрылыс жұмыстарына 20 бірлік техника және 35 адам жұмылдырылды. Бүгінгі күні Мамай, Айгерім, Бекбосынов және Ұлжан көшелерінің желілерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, — деді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.

— Аудан көлемінде жүріп жатқан осы ауқымды шаралар ұлы Абайды ұлықтап, жас буынға өнеге ету, ұлтты сүйетін, еліне қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу үшін қажет. Үкімет, облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, атқарылып жатқан осы игі істер өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан үлкен сый, — деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Сапар соңында Үкімет басшысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

21 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

21 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС