"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСТАМАСЫМЕН МОНИТОРИНГТІК ТОП ҚҰРЫЛДЫ

16.06.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының кәсіпкерлерімен онлайн режимінде кездесіп, шаһарда COVID-19 инфекциясының өршуіне байланысты бірқатар мәселелерді бірлесіп талқылады.

Жергілікті кәсіпкерлер аймақтың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту туралы қаулысына қатысты пікірлерін айтып, бизнес нысандарының алдағы уақыттағы жұмыс істеу тәртібін де белгіледі.

Баса айта кетер жайт, соңғы 10 күн ішінде біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны айтарлықтай жоғарылап отыр. Ең қиын жағдай Семей қаласында орын алуда. Мұнда тұрғындардың вирусты жаппай жұқтыру деңгейі күн санап артып келеді. Аймақтағы 234 жағдайдың 162-сі Семейде тіркелген.

Облыс әкімінің айтуынша, коронавирус індетінің таралу себептері көп. Соның ішінде әсіресе тұрғындардың санитарлық талаптарға бейжай қарауы жағдайды ушықтырып отыр. Қарапайым ережелердің өзін өрескел бұзу фактілері де анықталған. Осыған орай облыстың бас санитарлық дәрігері шектеу шараларын күшейтуді ұсынды. Сондықтан аталған жиында санитарлық дәрігердің ұсынысы да бизнесмендердің бастамашыл тобымен бірге талқыланды.

— Мені кәсіпкерлердің бастамашылдығы мен ашықтығы ерекше қуантты. Олар коронавирустың жаппай өршуіне байланысты қалада қалыптасқан барлық жағдайды жақсы түсініп отыр. Сындарлы пікірлерін ортаға салып, бірге қарастырдық. Кездесу қорытындысы бойынша бизнес қоғамдастықпен бірлескен ортақ шешім қабылданды. Сонымен қатар бүгіннен бастап кәсіпкерлердің ұсынысымен Семейде мониторингтік топ құрылды. Олар енді санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын өздері бақылауға алады. Қазір біздің алдымызда тұрған басты міндет азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау екенін естен шығармайық, — деді Даниал Ахметов.

Тоқтала кетсек, соңғы он күннің ішінде облыста аурудың өсу деңгейі артып отыр. Әсіресе, жоғарыда айтып өткеніміздей, Семейдегі індеттің таралуы ауқымы бақылауға бағынбай отыр. Аймағымыздағы вирус жұқтырғандардың 70 пайызы біздің қалаға тиесілі екен.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, барлығы 27 үй ошағында 82 адам, оның ішінде бір ошақта 12 адам, бес ошақта 4-тен, алты ошақта 3-тен, он алты ошақта 2 адамнан ауруға шалдыққан. Сондай-ақ вирустың еш симптомсыз таралу саны да артып келеді. Бұл ретте Семейде вирус белгілері байқалмайтын 103 адам бақылауға алынған.

Жалпы, облыс бойынша 151 инфекция ошағы бақылауға алынған, 1500-ден аса адам оқшауланған. Оның 26-сы карантиндік стационарға жатқызылып, 1486-сы үй карантиніне жіберілді. Бүгінде қалыптасқан жағдай жіті бақылауда.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС