"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТАМА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

13.07.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданының əкімі Серікқазы Садуақасов əлеуметтік желілер арқылы аудан тұрғындарын ауруханада жатқан науқастардың иммуниетін көтеру үшін табиғи əрі таза азық-түліктер апарып беріп, олардың тез сауығып кетулеріне атсалысуға шақырып, үндеу жолдаған болатын. Аудан əкімінің өзі бастап берген осы игілікті шара республика көлемінде кең қолдау табуда.

«Құрметті жерлестер, өздеріңіз білетіндей, «Covid-19» инфекциясы біздің Тарбағатай ауданын да айналып өткен жоқ. Бүгінгі таңда ем алып жатқан науқастарымызға сіз бен біздің жан-жақты қолдауымыз аса қажет. Əрине, бұл күрделі жағдайда ақ халаттыларымызға екі есе салмақ түсіп отырғанын баршаңыз сезіп-біліп отырсыздар. Дəрігерлеріміз уақытпен санаспай, тиісті ем-шаралардың бəрін атқаруда. Осы тұрғыда қай салада жүрсек те, қандай кəсіптің иесі болсақ та біздер, аудан тұрғындары, бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылып, осы індетке тойтарыс беретін уақыт келді. Осыған байланысты мынадай игі бастаманы қолға алдық. Ең бірінші, науқастарымыздың сырқатқа қарсы иммунитетін көтеру қажет. Сондықтан əр азамат, өз еркімен, шын ниетімен, ауруханада ем алып жатқандарға ет, сүт, шұбат, айран, қымыз, құрт секілді табиғи таза өнімдерді ретімен жеткізіп отырса деген тілек бар. Бүгінде бірінші болып бұл идеяны жүзеге асырып бастадым. Осыны аудан көлемінде жаппай жандандыра түсуге, бір кісідей атсалысуға сіздерді шақырамын! Өйткені ауруханада сіз бен біздің ата-əжеміз, ағаəпкелеріміз, бауыр-қарындастарымыз, көрші-қолаңдарымыз емделуде. Оларға біз əрдайым бірге екенімізді көрсетейік!

Бірлік бар жерде, тірлік бар. Қазір бір-бірімізден кінə іздейтін емес, бірігіп тығырықтан қалай шығудың, індеттен қалайда құлантаза арылудың жолын іздейтін шешуші уақыт. Сондықтан осы игі бастаманы мекеме, бөлім басшылары, ауыл əкімдері, шаруа қожалық иелері, еріктілер тобы, жеке кəсіпкерлер бастап, мүмкіндігі бар азаматтар жалғастыра отырып, науқастарымыздың аяққа нық тұруына жəрдемдесейік! Бір жағынан, дəрігерлеріміздің де жұмысына демеу болайық. Құрметті жерлестер, осы үндеуді барынша таратып, іске асуына атсалысуға шақырамыз. «Əр қазақ — менің жалғызым» деген ұранның айналасына топтасайық! Біз біргеміз!»- делінген үндеуде.

Халыққа үндеу тастаған аудан басшысы игілікті істі өзі қолға алып, Ақсуаттағы аудандық орталық, Ақжардағы ауданаралық ауруханада COVID-19 инфекциясымен, пневмониямен (өкпе қабынуы) сырқаттанып, емделіп жатқандарға күш-қуат болсын деп қымыз, ет, құрт жəне тағы басқа табиғи өнімдер жеткізіп берді. Ақжар ауылдық округінің əкімі Асқар Боғырбаевтың мəлімдеуіне қарағанда, аудан басшысының бастамасы Ақжар өңірінде де қызу қолдау тауып отыр. Ақжар ауруханасында емделіп жатқандарға 20 литр қымыз, 1 қап картоп, 50 кг қант, 1 қап сəбіз, 7 кг құрт, 1 қап кептірілген жеміс жəне бір қой берілді. Осы ауылдың беделді кəсіпкерлері Қайрат Қожахметов аурухана ұжымына бес жүз мың, Жалғас Құнафиянов елу мың теңге апарып берсе, Қабен Нəбиев бір қой, 25 кг жылқы етін көмек ретінде ұсынды.

Ел басына қиыншылық келген кезде Маңырақ ауылының жастары «Ниет» еріктілер қоғамын құрып, емделіп жатқан сырқат жандардың дертіне шипа болсын деген гиетпен ет, қымыз, сары май, құрт, тағы басқадай ондаған келі азық-түлік түрлерін Ақжар ауруха- насына апарып тапсырды. Науқастанғандардың иммунитетін көтеруге қажетті құнарлы азық-түлік түрлерін ауруханаларға жеткізу шаралары одан əрі жалғасуда. Айта кетсек, облыс əкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен Тарбағатай ауданына 25 мың 990 дана маска əкелінген болатын. Бүгінгі күні сол маскалар тұрғындарға таратылуда.

Алыста жүрген жерлес азаматтар бұл шараны қолдауға ниетті болса, Тарбағатай ауданы əкімдігінің 8 723 46 2 11 00, 2 19 06 телефон номерлері арқылы хабарласып, анықтама ала алады.

Хамза СƏТИЕВ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

3 часа бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

21 час бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

1 день бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

1 день бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

1 день бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС