"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

10.09.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов дүйсенбі, 7 қыркүйек күні Тарбағатай ауданында жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Ең алдымен облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы ауданның жаңадан тағайындалған әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловты аудан активіне таныстырды. Одан соң көп балалы отбасылардың үйлеріне барып, жағдайларын біліп, алтын құрсақты аналармен әңгімелесті. Осыдан он шақты жыл бұрын бұрынғы аурухана ғимараты пәтер ретінде лайықталып, үй алуға кезекте тұрған азаматтарға бөлініп берілген болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша, жақын арада бұл ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Барлық коммуникация желілері жөндеуді қажет ететінін, балалар үшін ауланы абаттандыру керектігін, осы мақсатта облыс бюджетінен 50 млн теңге бөлінетінін, жақын арада жөндеу жұмыстары басталатынын айтқан Даниал Кенжетайұлы бұл шаруаның барысын қатаң қадағалауды Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаиловқа тапсырды. Абаттандыру бастамасын өздері де қызу қолдап, барынша көмек көрсетуге уәде берген тұрғындар облыс басшысына көп балалы отбасылардың жағдайына назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Бұдан соң облыс басшысы аудандық ауруханада болды. Аурухана жағдайымен жан-жақты танысқан Даниал Кенжетайұлы мұнда 29 оттегі концентраторы, өкпені жасанды желдететін 4 аппарат бар екенін, аурухана қызметкерлерінің қорғаныс құралдарымен жабдықталғанын, барлығында коронавирустың ықтимал жаңа толқынында дертпен күресетін науқастарды  емдеу картасы мен алгоритмі барын ескеріп, аз уақытта оттегі станциясы орналастырылатынын мәлімдеді.

Осы жолғы сапарында облыс басшысы ауданда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын аралап көріп, мұндағы жұмыс сапасына көңілі толатынын айтты. Болашақта көп балалы отбасылар қоныстанатын жақсы және жайлы баспаналардың төңірегінде қосалқы шаруашылықпен айналысуға қажетті жер учаскесінің барына да назар аударды.

Ақжар ауылындағы жөнделген мектепте барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, бастауыш сыныптар оқып жатыр. Мектепті аралап көрген облыс әкімі көзге түскен кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды мердігерлерге тапсырды.

Аймақ басшысы Ақжар ауылындағы ипподромға да барды. Мұндағы жұмыстың барысымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов құрылыс жобасына түзету енгізуді тапсырды.

«Қазір Ақжар ауылында ипподром қалпына келтірілуде. Бұл спорт нысанын қысқы спорт түрлеріне де ыңғайлы ету қажет. Тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Ол үшін құрылысшылар жобаға түзетулер енгізіп,  жылы павильонды  қарастыруы тиіс»,- деп жазды инстаграмдағы жеке парақшасында  Даниал Кенжетайұлы.

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан әкімі Асхат Смаиловқа жергілікті жерде әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы», көп балалы және аз қамылған отбасыларды қолдау аясындағы  жобаларды іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

5 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

5 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

5 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС