"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Р.А.МОЛДАШЕВА (өмірбаян)

21.09.2020
Р.А.МОЛДАШЕВА (биография)
74
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Риза Асанқызы Молдашева 1961 жылы бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 1985 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы  мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 2007 жылы  Қазақ гуманитарлық —  заң университетінің  «Заңтану» мамандығы бойынша  екінші жоғары білім алған.  Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ баспасөзінің тарихы тақырыбында он монографияның  авторы. Семей қаласы мәслихатының қатарынан бес шақырылымының депутаты болып сайланған, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының  «Nur Оtаn» партиясынан сайланған депутаты.

Кәсіби еңбек жолын Семей облыстық «Семей таңы» газетінде журналист ретінде бастап, кейіннен аталмыш басылымның экономика бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 1997 жылы басылымның бас редакторы болып тағайындалды.

1997 жылы, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілген кезде, «Семей таңы» газеті жабылудың сәл алдында болды. Басылымның тағдырына бейжай қарай алмайтын журналист республикамыздағы байырғы қазақ тілді газеттің жабылуына жол бермеді. Рыиза Молдашеваның қажырлы еңбегінің, бірінші басшы ретіндегі ұйымдастырушылық шеберлігінің және журналистік қызметке деген адалдығының нәтижесінде басылым 2017 жылы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

«Семей таңы» газетінің тарихы тереңде жатыр. Басылымның алғашқы саны 1917 жылы «Сарыарқа» деген атпен жарық көріп, Алаш орда үкіметінің ресми органы болған.  Газет ғасырдан астам уақыт бойы Семей өңірінің экономикасы, қоғамдық-саяси өмірі, мәдениеті мен білімі саласындағы маңызды кезеңдердің шежірешісі болып келеді.

Газеттің негізін қалағандардың қатарында қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін қалыптастыруды армандаған белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері — Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов сынды көптеген зиялы қауым өкілдері болды. Басылым алғашқы болып оқырмандарды ұлы Абайдың, Шәкәрімнің шығармашылығымен таныстырды. Газет беттерінде белгілі замандастарымыз — М.Әуезовтің, Ә.Нұршайықовтың, М.Сәрсекенің, Р.Сейсенбаевтың көркем шығармалары мен публицистикалық мақалалары жарияланды. Ақындар мен жазушылардың ең үздік шығармалары алдымен осы газетте жарық көрді. Сол кездегі авторлардың материалдары әлі күнге қоғамдық өмірдегі өзінің мазмұны мен өзектілігін жоғалтқан жоқ, бүгінде олар тарихи құндылыққа айналған.

2002 жылы «Семей таңы» газетінің негізінде жаңа газет — ««Семипалатинские вести» жарыққа шықты, қазір ол «Вести Семей» қоғамдық-саяси газеті деп аталады. 2020 жылы Бесқарағай ауданына тарайтын екі тілдегі «Біздің Бесқарағай» газеті ашылды.

Жасампаз ұйымдастырушы, шығармашыл басшы және кәсіби журналист Р.А.Молдашева 2005 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің сыйлығын иеленді. ҚР Президентінің 2009 жылғы БАҚ саласындағы грантының иегері; Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, «Ақпарат саласының үздігі». 2004 жылы  «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағына ие болды; 2009 жылы — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2008 жылы – «Астанаға 10 жыл» медалімен, 2011 жылы — «Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, 2014 жылы — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, әр жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған алғыс хатпен, ШҚО және Семей қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен, ««Nur Оtаn» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. «Нұр Сұңқар» сыйлығының және «2017 жылдың үздік БАҚ редакторы» аталымымен  Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың иегері. Отандық құқықтық жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін, мәслихаттардың 20 жылдығына арналған идеологиялық шараларға белсене қатысқаны үшін сол кездегі ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Құрмет грамотасын алған.

Р.A. Молдашева – алғашқы қазақ газеттерінің бірі, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен тәуелсіз Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асырудағы жетістіктердің жаршысына айналған «Семей таңы» газетінің білікті басшысы.

Рыиза Асанқызы Молдашева – «Семей таңы – Вести Семей» газеттері» ЖШС-нің директор-бас редакторы, «Nur Оtаn» партиясының мүшесі. Мәслихат депутаты ретінде ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының жүзеге асырылуына өз үлесін  қосып келеді.

Нұрай атты қызы Семей медицина университетінің екінші курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

5 часов бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

6 часов бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

8 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

8 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

8 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

8 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС