"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ АУДАРЫМДАРЫ — ҚОМАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ КЕПІЛІ

16.11.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Зейнетақымен қамсыздандыру — қазіргі зейнеткерлер арасында ғана емес, жалпы халықтың белсенді түрде жұмыс істеп жүрген бөлігін де қызықтыратын өзекті мәселе. Адамдар өз болашағын жоспарлауға сауатты қарай бастады, тиісінше, қазыналы қарттыққа, берекелі болашаққа деген талпыныс та күшейді. Осы орайда біз бүгін «БЖЗҚ» АҚ Семей өңірлік филиалының директоры Ләйлә Сабырқызы Сабыровамен сұхбаттасып, бірқатар сұрақтарымызға жауап алған едік.

— Ләйлә Сабырқызы, Биылғы жылы коронавирус індеті (Covid-19) филиалдың жұмысына қалай әсер етті? Карантин кезінде салымшылар мен алушыларға қалай қызмет көрсете алдыңыздар?

— Наурыз — сәуір айларында коронавирус індетінің (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар шектеу шараларын алғашқылардың бірі болып енгізді. Осыған байланысты Қордың барлық бөлімшелері қызмет көрсетудің жаңартылған режиміне көшті: кейбір бөлімшелер қашықтықтан жұмыс істесе, қалған бөлімшелерде алдын ала жазылу бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүргізген кезекші қызметкерлер жұмыс атқарды. Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің қашықтықтан алу мүмкін емес басым (кейінге қалдырылмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылды: салымшының/ алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу және мұра); Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу және басқалар. Қордың өзге қызмет түрлерін біз ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде алуға табанды түрде талап қойып, ұсыныс жасадық.

Алайда эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарған тамыз-қыркүйек айларында  барлық филиалдарымыз әлеуметтік қашықтық шараларын сақтай отырып, салымшылар үшін есігін айқара ашты. Олардың көпшілігінің бізге үнемі қоңырау шалып, қашан ашылатынымыз туралы біліп отырғандары қуантады.

Шектеу шараларына қарамастан біздің филиалда 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап 01 қазанына дейінгі уақыт аралығында салымшыларға 7 217 үзінді көшірме берілді, міндетті зейнетақы жарналары есебінен 778 шот ашылды, 2 039 зейнетақы төлемі рәсімделді. Оның ішінде: мұрагерлерге 825 зейнетақы төлемі, жерлеу рәсіміне 815 зейнетақы төлемі, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, 1 немесе 2 топ мүгедектеріне 55 зейнетақы төлемі және  Қазақстан Республикасынан тыс шет елге көшкен азаматтарға толық түрде төленетін 244 төлем және т.б. төлемдер рәсімделді.

— Қордың бүгінгі күндегі негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берсеңіз…

— 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20% ұлғайды. Осындай әжептәуір көрсеткішке,  яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бірлікке көбейді.

Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған – олар шамамен 11 миллион, дәлірек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар — 521 681 (өсім – 2%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп өсуде, қазір БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны – 56 517 (өсім – 4%).

Семей өңірлік филиалына қарасты қалалар мен аудандарда 01.10.2020 жылғы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған 257 276 шот бар, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан шоттар саны – 19 779 және ерікті зейнетақы жарналарының  есебінен қалыптаскан шоттар саны – 948 болды.

— БЖЗҚ-да шотты қалай ашуға болады?

— Қазір БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлғаға өтінішті ресімдеу мақсатында Қорға келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен кезде шот БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезіндегі (сіздің жұмыс берушіңіз жіберген) төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

— Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады?

— Жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен біле аласыз:

∙ электрондық тәсілдер:

— БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;

— электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ Жеке кабинеті (сайтта немесе мобильді қосымшада) арқылы;

— ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинет арқылы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-пароль арқылы;

∙  БЖЗҚ-ға тікелей хабарласқан кезде;

∙ пошта байланысы қызметтері арқылы (пошта хабарларын ақпарат алудың осы тәсілін таңдаған және БЖЗҚ дерекқорындағы пошта мекенжайы өзекті болып қала беретін салымшылар алады).

Әрине, ең жедел тәсіл – БЖЗҚ-ның жеке кабинеті арқылы ақпарат алу. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшасын да пайдалануға болады.

— Смартфон арқылы зейнетақы шотының жай-күйін қалай қадағалауға болады? БЖЗҚ ұялы қосымшасына қалай тіркелуге болады?

— ENPF ұялы қосымшасы – Қордың өзі әзірлеген жоба, оның көмегімен жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, барлық филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлерін де көруге болады. Сондай-ақ бұл жерде Сіздерге арналған зейнетақы калькуляторы да орналастырылған, оның көмегімен өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды есептеуге болады. Онлайн-бот ең көп қойылатын сұрақтарға жауап береді, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғалар мұнда өтініш жолдау және басқа да көптеген мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие.

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасын өз телефоныңызға Google Play немесе AppStore арқылы тегін жүктеп алсаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін Сіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді пайдаланасыз.

Өз парақшаңызға кіру үшін қосымшада авторланудың да екі тәсілі бар: ЖСН және пароль енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану, сондай-ақ, ұялы құрылғысында бар болса, пайдаланушы Android үшін Touch ID және IOS үшін Face ID арқылы кіре алады.

ЖСН-ді логин ретінде пайдалану зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде міндетті түрде интернет-ақпараттандыруды таңдауды көздейді. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, қосымша келісімге қол қойып, enpf.kz сайтында тіркеуден өту қажет.

Сондай-ақ ENPF ұялы қосымшасында Push хабарламалар бар. Бұл қызметті пайдалану үшін Сіз қосымшаға кіріп, баптаулардағы «push хабарландыруларын қосу/өшіру» қызметін қосуыңыз керек. Осының бәрін жасаған соң, смартфоныңыздың экранында қысқа қалқымалы хабарламалар пайда болады, олар  міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі туралы уақытылы еске салып отырады.

— Салымшыларға өз болашағын жоспарлау бойынша қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

— «БЖЗҚ» АҚ салымшылары үшін қамсыз қарттықты жоспарлау құралдары ретінде пайдалана алатын тәсілдер алуан түрлі. Бірінші кезекте, әрине, тұрақты зейнетақы аударымдары, себебі ол – қомақты зейнетақы кепілі. Екінші кеңес – еңбек қызметін бастай отырып, өзінің еңбек қатынастарын ресми түрде, яғни, еңбек шарты бойынша (егер ол тұрақты жұмыс болса) немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша (егер жұмыс уақытша болса, мысалы, жобалық режим, штаттан тыс) рәсімдеу. Бірінші жағдайда жұмыс беруші (заңды тұлға, жарналарды аудару жөніндегі агент) қызметкердің табысынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналарын аударуға міндетті, екінші жағдайда, егер сіз АҚС шарты бойынша жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші биылғы жылғы табысыңыздың 5%  аударуы тиіс. Бұл жарналардың түсуін ұдайы бақылап отыру керек. Оның үстіне БЖЗҚ осы тұрғыда барлық мүмкіндіктерді жасап отыр: электрондық жіберілім, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет, үнемі жаңартылып отыратын ұялы қосымша, оған дәлел, тағы да қайталап өткім келіп отыр – жақында жарналардың түскені туралы push-хабарлама қажетті функциясы іске қосылды.

Сонымен қатар Қорда ЖЗШ ашып, өзіңізге ыңғайлы соманы белгілеп, ерікті зейнетақы жарналарын ай сайын өз шотыңызға салып отыруға болады. Бұл жерде аударымдардың мөлшері соншалықты маңызды емес, өйткені, түптеп келгенде, сіздің зейнетақы қоржыныңыздың қаншалықты толық екендігі олардың тұрақты аударылуына байланысты болады.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

19 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

20 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

7 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

7 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС