"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЙЛАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

07.12.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның жұмасы күні Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі саяси науқанға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті.

Аталмыш отырысқа саяси партиялардың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер және қаржы министрліктерінің өкілдері, БКБ режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста сайлау тақырыбындағы бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауында «ADAL», «Ақ жол» демократиялық партияларының тізімдерін тіркеу және Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол 2020 жылдың 27 қарашасында ҚР Орталық сайлау комиссиясына «ADAL» саяси партиясы мен «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттарының тапсырылғанын хабарлады.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат ҚР азаматы болуға; ел аумағында соңғы 10 жыл тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс. Сондай-ақ партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ал отырыстың үшінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов баяндама жасады. Өз баяндамасында ол өкілеттіктерді іске асыру, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушыларды — сенім білдірілген адамдар; саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары; шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары; қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері; шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу мәселелерін түсіндірді.

Баяндамашы түсіндіріп өткендей, кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдары болуына құқылы.

Депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партия, өзіне кандидат берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін өкіл, ҚР азаматы сенім білдірілген тұлға бола алады. Сенім білдірілген тұлғаның мәртебесі оның тиісті АСК-де тіркелген сәтінен бастап туындайды. Сенім білдірілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, жеке бастамасы бойынша, кандидаттың және партиялық тізімін ұсынған саяси партияның шешімі бойынша, сондай-ақ кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күші жойылған, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға бұзылған жағдайларда өз мәртебесінен айырылады.

Бір айта кетерлігі, конституциялық заңға сәйкес, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және ықпал ететін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады. Осылайша, ҚР саяси партияларының, басқа да қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

Өз баяндамасы аясында Серік Сыдықов дауыс беру күні фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыруға байланысты байқаушылардың құқықтарының ерекшеліктеріне тоқталды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң ұлттық байқаушыларға, дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі келтірмей, фото, аудио-және бейнежазбалар жасау құқығын береді.

Сонымен бірге бұл құқықты жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда бекітілген дауыс беру құпиясын сақтау қағидатына қол сұға алмайды.

Тиісінше, фото, аудио- және бейнежазба, сол сияқты байқаудың өзі де дербес деректердің, оның ішінде сайлаушылар тізімінің, толтырылған бюллетеньдердің және т.б. құпиялылығы сақталатындай етіп жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар баяндамашы тоқталған келесі мәселе — дауыс беру күні сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде, әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден бір мезгілде қатысуға құқылы.

Журналистке аккредиттелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар отырыстар, кеңестер және өзге де іс-шаралар туралы алдын ала хабарлауға, оны стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.

Соңғы, үшінші мәселенің қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері туралы» қаулы қабылдады.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Әзірлеген Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

С

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

12 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

14 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

14 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

14 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

14 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС