"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНІМ ӨНДІРУ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА САЙ БОЛАДЫ

07.12.2020

Өткен аптада Семейге жұмыс сапарымен ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев келді. Ержан Нұрбаев болашақта Қазақстандағы ең қуатты және заманауи зауыт болатын май дақылдарын өңдеуге арналған майды экстракциялау зауытына барды.

Зауыттың күнбағыс, рапс, соя, зығыр дәндерін қайта өңдеуде Орталық Азияда флагман болуға мүмкіндігі бар. Зауыттың қуаттылығына тоқталатын болсақ, жылына 150 000 тонна өсімдік майын, 120 000 тонна күнбағыс ұнтағын, 50 000 тонна күнбағыс қабығынан отын түйіршіктерін және 1 300 тонна фосфатидті концентрат шығаратын болады.

Зауыт құрылысын аяқтау және оны іске қосу осы айға жоспарлануда. Сондай-ақ, зауытпен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы ең үлкен және заманауи  элеватор құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорынның бос өндірістік алаңдарының сақтау көлемі 60 000 тонна астыққа есептелген. Бұл жоба келісілген мерзімде аяқталып, Қазақстандағы экологиялық таза өнімдерді шығаратын әлемдік деңгейдегі зауыт болады деп сеніммен айта аламыз. Себебі — құрылыс бойынша бас мердігер «Азия» ЖШС осыған дейін де бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырған.

Орталық Азияда осындай жоғары сапалы күнбағыс майын шығаратын зауыт жоқ екенін атап өткен жөн. Жобаның басты мақсаты — жоғары технологиялық, максималды автоматтандырылған май дақылдарын қайта өңдеу зауытын құру. «Qazaq Astyq Group» ЖШС “Elica”, “Maysilo”, “Tan” әлемге әйгілі брендтерінен соңғы үлгідегі технологиялық қондырғыларды сатып алды. Кәсіпорында химиялық және дайын өнімдердің әлемдік стандартқа сәйкестігіне қатаң бақылау жүргізетін өз зертханасы болады.

— Зауыт құрылысы былтырғы жылғы сәуірде басталған. Қазіргі уақытта жұмыстың 70%-ы аяқталды. Электр және автоматика жұмыстарын аяқтау ғана қалды. 2021 жылғы мамырда жобалық қуаттылыққа шығамыз деп үміттенеміз. Бүгін май шығару цехының жұмысы аяқталды, экстракция 90% аяқталды, элеваторды біз 15 желтоқсанда іске қосамыз. Зауытта 250 адам жұмыс істейтін болады. Біз штатты құрып қойдық, қазір 150 адам жұмыс істеуде. Ақпан айында штат толықтай қалыптасады деп ойлаймын. Біз аграрлық шаруашылықтармен байланыс орнатудамыз. Енді олар өнімдерін өткізетіндеріне толықтай сенімді. Сондай-ақ біз оларға жоғары көлемде өнім алу үшін егін егу жұмыстарын жүргізуге кеңестер берудеміз. Зауытқа қандай шикізат әкелінетіні біз үшін өте маңызды. Француздық компаниямен ШҚО үшін дақылдар өндіру туралы келіссөздер жүргізудеміз. Әкімшіліктен дақылдар қорына арналған жер бөлінген, – дейді зауыт директоры Еркінбек Дускужанов.

Атқарылған жұмысты Ержан Нұрбаев та жоғары бағалады.

— Мен өте жақсы әсер алдым. Маңызды нысан, көп жұмыс атқарылғаны көрініп тұр.  Мұндай ірі жобалар облысымызға қажет деп ойламын. Осындай қуаттылықтағы зауыт құрылысы Предгорный кентінде де жүргізілуде. Бұл екі зауыт іске қосылған кезде біздің барлық шикізатымызды өңдейтін болады. Сонда біз өз өнімдерімізді ешқайда сатпаймыз, бұл, менің ойымша, ең дұрыс және ақылға қонымды шешім. Алғашқы кезде жұмыс көп қаржыландыруды қажет етеді, содан кейін ғана ол өз нәтижесін береді, ең бастысы, ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерінің сапасын арттыруға тырысады, сәйкесінше, бәсекелестік пайда болады, бағасы өседі және импорт алмасу болады. Бүгінгі күні ШҚО-да Қазақстан бойынша күнбағыстың 66%-ы өндіріледі. Аталған екі зауыт іске қосылғанда жалпы өндірістің көлемі Қазақстан бойынша 50% болады. Үлкен жұмыс атқарылған, жақын уақытта зауыт іске қосылады. Бұл қала құраушы кәсіпорын болады, қосымша жұмыс орындары ашылады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы негізгі күнбағыс тұқымын өндіруші және өсімдік майын шығарушыларға негізгі шикізат жеткізуші болып табылатынын айтып өткен жөн. Облыс Қазақстан бойынша жалпы тазартылмаған май көлемінің 80%-ын және тазартылған майдың 50%-ын өндіреді. Жыл сайын облысымызда 380 мың гектар жерге күнбағыс егіледі. Аймағымыз сонымен бірге тікелей Ресей Федерациясының ірі аграрлық аймағы – Алтай өлкесімен шекараласады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

11 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

11 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

11 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС