"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

18.01.2021
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейлік тұрғындар үшін биылғы қыс жайсыздау болып тұр. Аязды күндері шаһардың жекелеген аудандарындағы бірқатар көп қабатты тұрғын үйлер суып кетіп, қалалықтар тоңып қалған болатын. Бұл ретте «себеп неде?» деген заңды сауал туындайтыны белгілі. Өйткені соңғы жылдары қала ішіндегі жылу желілері жаңартылып, қазандықтар да толыққанды қайта жаңғыртудан өтіп, күрделі жөндеу жүргізілгені көпшілікке белгілі. Сондықтан да болар, осыған дейін тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым болмаған еді. Ал биылғы қыс қаладағы жылу беруші мекемелер үшін үлкен сынақ болып тұр.

Әсіресе жаңа жылдан кейін аптаға созылған сарышұнақ аязда Семей қаласындағы жылыту жүйелері қолайсыздықтарға тап болды. Алдыда әлі де аязды күндер бар. «Кәрі құда» келіп, жылудан таршылық көрген бірқатар семейліктер әлеуметтік желілерде мәселе көтеріп, аталмыш проблеманың мән-жайын талқыға салған болатын. Қала тұрғындары тарапынан жергілікті атқарушы билікке де шағымдар көбейіп, мәселе күрделене түсті.

Осы жағдайға байланысты өткен аптаның соңында қаладағы барлық жылу беру қазандықтарының жұмысын тексеру үшін аймақ басшысының арнайы тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов Семей шаһарына келді.

Бақытжан Кәкенқажыұлы ең алдымен ЖЭО-1 нысанына ат басын тіреді. Қазіргі күні аталған жылу орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Аталмыш нысан материалдық-техникалық тұрғыдан толықтай жарақтандырылған. Отын қоры да жеткілікті. Аязды күндері штаттық режимде жұмыс жүргізген.

Бақытжан Байахметовтің айтуынша, Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы бір апта ішінде жылу тапшылығы мәселесін зерделейтін болады. ЖЭО-1 қызметі де жан-жақты түрде сарапқа салынатын болады.

— Бұл мәселе тікелей облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бақылауында. Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, арнайы жұмыс тобын құру туралы облыс әкімінің өкімі шықты, олар бір апта бойы осы жағдайларды толықтай зерттеп, нақты қорытынды шығаруы тиіс, — деді облыс әкімінің орынбасары қалалық және республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Бақытжан Кәкенқажыұлы атап өткендей, жұмыс тобының құрамына энергетикалық қадағалау комитетінің өкілдері, сондай-ақ монополияға қарсы департаменттің өкілдері де кірген. Топ мүшелері бір апта бойы жұмыс істейтін болады. Осындай жұмыстарды атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен монополияға қарсы комитет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы да жүргізеді.

Аталмыш жұмыс тобының құрамында сондай-ақ Өскемен қаласындағы жылумен жабдықтаумен айналысатын ірі коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері де бар. Олар да, білікті де кәсіби мамандар ретінде, Семей қаласында арнайы жұмыстар жүргізеді. Атап айтсақ, комиссия жылу беру бойынша техникалық қызмет, сондай – ақ гидравликалық есептеу жұмыстарын тексеретін болады. Яғни, «қаладағы жекелеген аудандарға немесе көп қабатты үйлерге жылу дұрыс бөлініп жатыр ма, басқа да мәселелер бар ма?» деген тәрізді сауалдарға жауап табу міндеті тұр.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов болашақта Семей қаласының сол жағалауындағы жылу беру қазандықтарының профицитін оң жағалаудағы жылу тапшылығын жабуға пайдалану жоспарланып отырғанын да атап өтті. Бұл шараның тиімділігі қазіргі болжам бойынша өте жоғары болмақ.

— Баршаларыңыз өте жақсы білесіздер, Үкімет тарапынан Семейдегі ЖЭО-1 қазандықтарын жөндеуге, сондай-ақ ҚР-1 жылу беру ошағын жөндеуге қомақты қаражат бөлінген болатын. Бұл жұмыстар толыққанды орындалды, қазіргі таңда қазандықтар, ондағы жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен де үйлерге  жылу беруде проблемалар туындап отыр. Бұл қолайсыздықтардың туындауы немен байланысты екендігін кешенді зерттей отырып, барлығын да есептеу арқылы анықтауымыз керек. Жалпы алғанда, болашақта сол жағалаудың жылу энергиясының профицитін оң жағалауға пайдаланатын боламыз. Өйткені қала бойынша жылу энергиясының жетіспеушілігі — алаңдатарлық жайт. Біз бұған жол бермеуіз керек, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Сөз орайында тоқтала кетер болсақ, осыған дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев пәтерлердің суып кетуінің негізгі себебі көптеген көп қабатты үйлердің әзірлік паспорттарын мерзімінде тапсырмағандығында деп түсіндірген болатын. Арнайы құрылған жұмыс тобы аталмыш мәселенің де мән-жайына қанығып, нақты қорытынды жасайтын болады.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы комиссия қаладағы 1-ЖЭО қазандықтарын, «Ғаббасов», «103-103 а», «Орталық», «35 квартал» қазандықтарын және шаһар ішіндегі өзге де көптеген жылу желілерінде болды. Ондағы жылу берушілерді сөзге тартып, мәселенің мән-жайына қанықты.

Облыс әкімдігінің назарға алуымен және жергілікті атқарушы биліктің күш салуымен қаладағы жылу беру мәселесін шешуге бағытталған шаралар қазіргі күндері қызу қарқынмен жүріп жатқанын айта кету ләзім.

Айта кетсек, 2020-2021 жылғы жылыту маусымын тұрақты режимде жүргізіп, нәтижелі аяқтау үшін «Ғаббасов» қазандығында екі бірдей жылу алмастырғыш орнатылуда. Бұл желі бойынша берілетін судың температурасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таяу аралықта «103-103 а» қазандығында да жылу алмастырғыш құрылғы ауыстырылатын болады, №1 қазандық іске қосылып, №3 жылу беру қазандығы жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда турбогенераторды іске қосу арқылы 1-ЖЭО-да қосымша сорғыны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Алдын ала есептеулер жасау арқылы көрсетілген төрт қазандықтағы жоғары қуаттылықты қамтамасыз ете отырып биылғы жылғы жылыту маусымын тұрақты өткізу үшін алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге бірінші кезектегі іс-шаралар тізбесі де жасалатын болады. Яғни ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

14 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

14 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

17 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

17 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

17 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

18 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

18 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

18 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС