"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ КЕЗДЕСУ

25.02.2021
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы сыйлығының лауреаты болу бақыты бұйырған аймақтағы санаулы басылымдардың бірі «Семей таңы» газеті болса, осындай құрметке ие болған журналистердің бірі — РИЗА МОЛДАШЕВА. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Риза Асанқызынан осы кездесулер жайлы газет оқырмандарына әңгімелеп беруді сұраған едік.

— Риза Асанқызы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесу  кез келгеннің еншісіне бұйыра бермейтін бақыт шығар. Алматы немесе бас қала Нұр-Сұлтандағы республикалық басылымдардың бірі емес, аймақтық газеттің Елбасының жоғары марапатына ие болуын басылым қызметіне берілген жоғары баға  деп білемін.

— Бүгінгі «Семей таңы» газетінің тарихы 1917 жылы  Алаш ардақтыларының үнін халқына жеткізген алғашқы қазақ басылымдарының бірі «Сарыарқа» газетінен басталады. «Nur Otan» партиясының «Нұр Сұңқар», тағы да басқа сыйлықтардың жүлдегері болғанымызбен, Елбасының өзінің қолынан алған марапаттың жөні бөлек, бұл басылым тарихындағы және өзімнің журналистік қызметімдегі жұлдызды сәттердің бірі деп бағалаймын.

Сонымен, 2005 жылы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының  Жарлығымен БАҚ өкілдері арасындағы сыйлықтың лауреаттарының бірі болдық. Марапат Ақордада тапсырылды. Сол сапарымда ең бірінші Тәуелсіз Қазақстанның тағдырын шешетін барлық  тарихи сәттерге куә  болған киелі шаңырақ – Ақорданың салтанаты ерекше әсер қалдырған еді. Сыйлық тапсыру рәсімі Ақордадағы Мәрмәр залында өтті.  Марапат алу кезегі келіп, менің атым аталғанда көпшілік арасында отырған есімі республикаға танымал ҚР мемлекет қайраткері, жерлесіміз Мұхтар Құл–Мұхамедтің (ол кезде ҚР Президентінің кеңесшісі және Баспасөз хатшысы қызметін атқаратын): «Жаса, Семей!»- деген дауысын естіген Нұрсұлтан Әбішұлы жымиып күлді де, қолымды алып тұрып: — Семейден келдің бе? Ол жақтағы ел-жұртқа сәлем айт! – деді.

Мемлекет басшысымен кездесуде өңі сұсты саясаткер, ресми басшыны емес, керісінше, жылы жүзді сымбатты тұлғаны көрген едім. Талай алпауыт елдерге ұлтымызды мойындатқан, шекарамызды шегендеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында  басқа мемлекеттерге үлгі болған, әлемдік саясатта аралары суық  елдердің арасын жақындатқан білікті бітімгер, қазақ деген халықтың кемеңгер ұлының  қолын алуды өзім  бақыт деп бағалаған едім.

— Екінші рет Елбасымен тағы кездестіңіз ғой?..

— Иә, сөзімнің басында айтып кеттім ғой, Елбасымен екі рет кездескенімді. Қарусыздандыру және ядролық сынақты тоқтату тақырыбын белсенді көрсеткені үшін, 2009 жылы «Семей таңы» газеті Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының иегері болды.

Өздеріңіз де білесіздер, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Қазақ  елінің Ұлт Көшбасшысын  бүкіл әлем  ең бірінші  бейбітшілік жаршысы ретінде таныды. Ендеше, Семей сынақ полигонын жабу тақырыбы Елбасына етене жақын болатын.

2007 жылдың маусым айының 19 күні Елбасы кезекті сапарымен Семейге келді. Қаладағы Абай атындағы музыкалық — драма театрының көрермен залы лық толы үлкен жиын болды. Нұрсұлтан Әбішұлы мінберден:

— Семипалатинск атауын Семей деп өзгертсек қалай болады?..- деп көпшілікке қарады. Бұл ұсынысты залға жиналған қауым ду қол соғып, қошемет көрсете қолдаған еді.

Семейдің тарихын 1718 жылы тұрғызылған әскери бекініспен байланыстырып, 2018 жылы қаланың 300 жылдығын тойлауға талпынғандарды семейлік бір топ зиялы қауым Ертіс бойындағы қала мәдениетінің тарихы 1000 жылдан артық деген тұжырымдамамен тоқтатқаны белгілі. Түсіне білген адамға Елбасының Семипалатинск атауын СЕМЕЙ деп ауыстыру жайлы ұсынысы — жай ғана айтыла салған сөз емес, үлкен саясат!

—      Рақмет!

Сұхбаттасқан Роза МАУЫЛХАНҚЫЗЫ{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

6 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

6 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС