"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ – «МЭРЛЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

01.03.2021
СЕМЕЙ – «МЭРЛЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей – бейбітшілікті мақсат тұтқан әлемдік идеялардың алтын бесігі. Ал оның көш басында Елбасы — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сонау 2010 жылдан бастап БҰҰ-ның күнтізбесінде 29 тамыз – Бүкіләлемдік ядролық сынаққа қарсы әрекет күні ретінде белгіленген болатын. Бұл идеяны алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы сол оқиғадан бір жыл бұрын Семейдегі аралда, «Өлімнен де күшті» монументінің жанында мәлімдеген болатын.

Айта кетерлігі, аталмыш игілікті бастамаға халықаралық антиядролық «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» қозғалысының көшбасшылары да бірден үн қатып, қатарға қосылды.

Бұл орайда Семейде өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты конференцияға әлемнің 75 мемлекетінен 200-ге жуық сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен үкімет өкілдері келген еді. «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» халықаралық ұйымы біздің облысымызбен, соның ішінде Семей және Курчатов қалаларымен тығыз байланыс орнатты.

Сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен халықаралық «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» ұйымының бас хатшылығы арасындағы келісім нәтижесінде Семей қаласында аталған хатшылықтың өкілдігі де ашылды.

Ал содан соң Еуропа төріндегі Бельгия Корольдігінің тарихи Ипр қаласының мэрі Люк Дехане бастаған Еуропа делегациясы қалаға келіп, Семей мен Ипр қалаларының арасындағы мәдени, экономикалық байланыстарды нығайта түсу мәселелері жөнінде келісімдер жасалды. Міне, осылайша Семей мен Ипр бауырлас қалаларға айналып, біздің шаһарымыз «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшесіне айналды. Содан бергі уақытта ұйыммен бірлескен бірқатар мәдени, тағылымды шаралар өткізілді.

Шаһарымызға келген МАГАТЭ бас директоры Юкио Амано, Семеймен қатар, Курчатовқа да ат басын бұрып, ондағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысып қайтқан болатын. Бұдан кейін осы қозғалыс мүшелерінің шақыруымен сол кездегі қала әкімі Айбек Кәрімов арнайы жиынға қатысып келді. Сол жиында бірқатар маңызды ұсыныстар талқыланған болатын.

Тоқтала кетер болсақ, «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» халықаралық ұйымы атом бомбасының зардабын шеккен Жапонияның Хиросима мен Нагасаки сынды қалалары мэрлерінің бастамасымен 1982 жылы құрылған. Көзделген басты мақсат – ядролық қарудың қауіптілігіне әлем халықтарының назарын аудару, бұл жойқын қарудың жасалуы мен пайдаланылуына жол бермеу, әрі сол арқылы ядролық қарусыз әлем құруда дүние жүзі қалаларының арасындағы байланыстың нығаюына ықпал ету. Бүгінгі уақытта бұл қозғалысқа қатысушы қалалардың саны бес мыңнан асқан.
Айта кетерлігі, қала басшылығы күншығыс елінің Хиросима қаласына тағы да іссапармен барып қайтты. «Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» қозғалысының басшылығы Қазақстандағы ядролық қаруға қарсы қозғалыстың халықаралық орталығы ретінде Семейді ұсынып, ерекше сенім білдірді.

Ал кейін аталмыш халықаралық ұйымның басшылары да Семейге бірнеше мәрте келіп қайтты. Мәселен, Курчатов қаласында өткен «Жаңа ұрпақ ядросыз әлем үшін» атты халықаралық конференцияда Белгияның Ипр қаласының мэрі, «Болашақ — 2020» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Люк Деане Хиросима мэрі Матсуи Касумидің форумға қатысушыларға арнаған үндеуін оқып беріп, барша семейліктерге, сонымен қатар бейбітшілік жолында қайраткерлік танытып жүрген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа зор алғыс білдірді.

«Мэрлер бейбітшілікті қолдайды» ұйымының президенті Матсуи Касуми мырза жеделхатында 1945 жылғы 6 тамызда тасталған атом бомбасының 140 000 адамның өмірін қиып кеткенін, оның зардабын айта келе «Қазақстанның осыдан 20 жыл бұрын Семей полигонын жапқаны, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімі халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен құрметке ие болды деп атап көрсетті.

Иә, қазақстандықтар үшін ядролық полигонның жабылуы – тәуелсіздік пен даналықты, болашаққа деген сенімді айғақ еткен тарихи шешім. Біз өз ісімізбен әлем елдеріне бейбітшілікке апарар жолды көрсете білдік. Барша адамзат игілігі үшін осы ұлы мұрат жолында Семей шаһары әлі де зор үлес қоса бермек.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»

Фотосурет архивтен алынды{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

14 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

15 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

18 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

18 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

18 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

19 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

19 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

19 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС