"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ: 12 КОМПАНИЯ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫН

15.03.2021
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ: 12 КОМПАНИЯ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫН
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасын жүзеге асыратын 12 құрылыс компаниясының пулымен кездесу өткізді. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Биылдан бастап облыста жеке компаниялар есебінен салынатын коммерциялық тұрғын үй құрылысы артады. Алғашқы 12 компания жұмыс істеуге дайын екендерін білдіріп, өз жобаларын ұсынған. Мысалы, «Дейнека» ЖШС Өскеменде аумағы 23,7 мың шаршы метрді құрайтын 243 пәтерді іске қосса, «Фирма Азия» ЖШС Семейде үш көп қабатты коммерциялық үйдің құрылысын бастаған. Құрылыс жұмыстарына сондай-ақ «Сәтті», «Өскемен құрылыс», «Жайлылық технологиясы», «ARYS STROY» және басқа да компаниялар тартылмақ.

— Құрылыс жұмыстарына Өскемен мен Семейдің ғана емес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының да өкілдері жұмылдырылып отыр. Коммерциялық тұрғын үй салудың мұндай тетігі республикада әлі ұсынылған жоқ. Бұл шығыстың тағы да алда екенін білдіреді. Инвесторлар құрылыс алаңдарымен, меморандум шарттарымен танысып шықты. 10 күннен кейін барлық қажетті құжаттарға қол қойылады. Бұл қадам, ең бастысы, бізге бас мердігерлермен арада туындайтын мәселелерді жоюға мүмкіндік береді. Құрылыс алаңын таңдаудан бастап аумақты түпкілікті абаттандыруға дейінгі жұмыс толық бір компания міндетіне кіретін болады,- деді аймақ басшысы Д.Ахметов.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының депозиттерінде 460 миллиард теңге бар. Бұл қаржы тұрғындар сұранысының жоғары екенін айғақтайды. Ал құрылыстың жаңа тетігін қолданатын алғашқы инвесторлар ең тиімді шарттарға ие болады.

— Келесі аптада «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысымен айналысатын компаниялардың тағы бір пулын жинаймын. Айта кетейін, бұл бағдарлама аясында әр шаршы метр құны реттелетін болады. Мәселен, Семейдегі бір қабатты үйдің шаршы метрі 140 мың теңге болса, Өскеменде 160 мың теңгені құрайды. Қажет болған жағдайда, құрылыс компанияларына үйлердің бұған дейін әзірленген жобаларын ұсынуға дайынбыз,- деді Д.Ахметов.
Құрылыс жұмыстары тұрғын үйлердің санын көбейіп қана қоймай, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның төмендеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, жаңа инвестициялар тартылып, жұмыс орындары ашылады. Ал «Отбасы Банкі» коммерциялық тұрғын үйлер үшін арнайы ипотекалық несиелеу жүйесін де әзірлеп жатыр. Кездесуге қатысқан қаржы институтының өкілі атап өткендей, жобаға халық тарапынан қызығушылық бар.

⠀Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»

 

Мақалада: құрылыстұрғын үй

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС