"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

26.03.2021
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісі, наурыз айының 22-ші жұлдызында Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы жаңа мешіт жамағатқа есігін ашты. Түркі жұртының мейрамына орай ел игілігіне берілген имандылық үйінің ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан ел ағалары, өнер жұлдыздары мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты.

Семей қаласының дәл ортасындағы құрылысы ұзақ жыл бойы тоқтап тұрған бұл мешітті жерлесіміз, Тарбағатай өңірінің тумасы, белді кәсіпкер Дулат Тастакеев қолға алып, жақында ғана толықтай аяқтаған болатын.

Салтанатты шарада сөз алған бас мүфти Наурызбай Тағанұлы, хакім Абай айтқандай, «қиянатшыл дүниенің» кірінен тазарып, бар арманының орындалуын, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үй мешіттің ашылуымен барша Семей жұртшылығын құттықтады.

— Бүгін – тарихи күн. Абай елі бұл күнді көп күтті. Осы мешіттің ашылуын біз де ұзақ күттік. Міне, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Наурыз мерекесінде барша Семей халқының игілігіне беріліп отыр. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде: «Мешіттерді тек Құдірет иесіне және ақырет күніне иман келтірген, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады»,- деген болатын. Ең бастысы, сауапты іс жасаймын деген азамат атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат етуі керек. Өйткені бұл — елдің діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосатын орын. Міне, сондықтан қазақ даласында мешіттер салына берсін, иманды қоғам арта берсін дегіміз келеді.

Тұсаукесер рәсіміне әр өңірден келген өнер, әдебиет, мәдениет майталмандары да ақжарма тілектерін жеткізді. Игі шарада сөз алған Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов, Жүрсін Ерман сынды елімізге танымал азаматтар семейліктерді қатар келген қос тоймен құттықтады.

Тек аймағымыздағы ғана емес, ел көлеміндегі ерекше, ең сәулетті мешітте 2500 адам бір уақытта намаз оқи алады. Ғимараттың ішінде діни жоралғыларды өткізуге арналған кең бөлмелер де қарастырылған. Яғни, жамағат үшін барлық жағдай жасалған.

Сонау 2008 жылы іргесі қаланғанымен, түрлі себептермен құрылысы тоқтап қалған құлшылық үйінің құрылысы үш жылдың ішінде аяқталды. Ал сыртқы абаттандыру жұмыстарына Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы демеушілік жасаған болатын.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатынан соң қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастамаға қолдау білдірген бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі мешіттерде білім алып жүрген балаларға сый-сияпат табыстады. Оның ішінде 7 балаға бас мүфтидің гранты берілді. Грант иегерлері енді еліміздің әр түкпіріндегі медреселерде өз білімдерін шыңдайды. Сонымен қатар бес көп балалы отбасыға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Зекет» қайырымдылық қоры есебінен алынаған жаңа баспаналар тарту етілді. Әз Наурыз мейрамында қуанышқа кенелген жандар қайырымдылық шарасына мұрындық болып, өздеріне демеушілік жасаған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Дәл осы күні Семей қаласының Дальний кентінде жергілікті кәсіпкерлердің қаражатына салынған тағы бір сәулетті мешіт ашылды. Салтанатты шараға ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы және қала тұрғындары қатысты.

Құлшылық үйі 400 адамға арналған. Мешіт жанынан бір мезетте 40 бала жатып оқитын қайырымдылық мекемесі де қатар ашылды. Тәлімгерлер үшін жатақхана, асхана, оқу бөлмелері қарастырылған. Бұл кентте бұрын-соңды мешіт болмаған.

Бас мүфти қайырымдылық мекемесін арнайы аралап көрді.

Айта кетейік, мешітке Орта Азияға танымал дін қайраткері, ғалым 1948 жылдан өмірінің соңына дейін 26 жыл Семей қаласындағы бір мұнаралы «Ағаш» мешітінің бас имамы болған Хакім Хазірет Омарұлының аты берілді. Бұл мешіт пен қайырымдылық мекемесінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Медреседе балаларға діни білім беріп, болашақта Құранды жатқа білетін қариларды дайындау көзделген.

Имандылық үйінің ашылуында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке Қасиетті Құран мен кәдесый тарту етсе, Хакім Хазіреттің ұрпағы әкесінің сәлдесін табыс етті.

Мешіттің ресми ашылуына ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен “Зекет” қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров та қатысты.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

15 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

15 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

15 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

16 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

17 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС