"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.03.2021
КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Карантиндік шараларға байланысты комиссия отырысы интернет және телеарна арқылы көрсетілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Санитарлық талаптарға байланысты іс-шараға тек комиссия мүшелері қатысты. Олардың қатарында Агробизнестің, фермерлер қауымдастықтары мен бірлестіктерінің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, АӨК мәселелеріне жетекшілік ететін өңір әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер болды.

Мәжіліс залына 30 адам жиналды. Комиссияның басқа 44 мүшесі бейнеконференция арқылы қатысты.

Жер реформасы мәселесіне бейжай қарамайтын барлық қазақстандықтарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты мен фейсбук парақшасы арқылы онлайн-трансляцияға қосылып, комиссия отырысын көруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар республикалық «Хабар24» телеарнасы тікелей эфир ұйымдастырды.

Бірінші отырысты ашқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов биыл 25 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық ғылыми орталықтарға, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұбайларына беруге толық тыйым салу туралы түпкілікті саяси шешім қабылдағанын атап өтті.

Жақында тиісті заң қабылданады. Осылайша, 2016 жылы мораторий жарияланған ең маңызды мәселе күн тәртібінен алынды.

— Біздің халқымыз үшін жер — әрқашан өте маңызды ұғым. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің Өкімімен Жер реформасы жөніндегі екінші комиссия құрылды. Оның мақсаты – жер заңнамасын одан әрі жетілдіру, — деді Ералы Тоғжанов.

Содан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сөз алып, мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жерлерді анықтау, иеліктен шығару және ауыл шаруашылығы айналымына қайтару саласындағы жұмыс динамикасы туралы айтып берді. 2016 жылғы жер комиссиясының ұсынымдары мен шешімдерінің орындалу нәтижелері туралы хабарлаған министр Ауыл шаруашылығы жерлерін беру мен пайдалануды бақылау механизмдерін жетілдіру жөніндегі заң жобаларын ұсынды.

Отырыста комиссияның 13 мүшесі сөз сөйлеп, түрлі мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Мысалы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов пен сенатор Ақылбек Күрішбаев жерді тіпті Қазақстан азаматтары үшін де сатуға қарсы болса, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев жауапкершілікпен қарайтын жер пайдаланушылар үшін жалдау мерзімін ұзарту құқығын беруді ұсынды.

— Бүгінгі таңда елімізде 49 жылға жерді жалға алу құқығы бар. Егер жер пайдаланушы адал еңбек етіп, оны тиімді пайдаланса, онда жерді жалға алу мерзімін ұзарту құқығын қарастыру қажет. Ол үшін Жер кодексіне өзгерістер енгізу керек, — деді Ж.Дайрабаев.

Саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалы ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруді ұсынды. Оның айтуынша, белгілі бір шарттар арқылы шектеулі мөлшерде және белгіленген критерийлер бойынша беру керек.

Заңгер Бақытжан Базарбек комиссия мүшелерінің назарын ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесіне аударды.

— 2018 жылы біз Жер кодексіне өзгерістер енгізіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салдық. Иә, бұл норма бүгінде қолданыста, бірақ өңірлік деңгейдегі әкімдіктер ауыл шаруашылығы жерлеріне тұрғын үй салуға мүмкіндік берді. Өйткені фермерлік шаруашылыққа саяжай құрылысы мен бау-бақша салуға тыйым салынбайды. Жергілікті атқарушы органдар осыны пайдаланып, ірі қалалардың маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгертеді,- деді заңгер.

Айта кету керек, комиссияның қалған мүшелері алдағы 3 сәуір күні өзге форматта өтетін келесі отырыста өз пікірлерін айта алады. Іс-шараға қатысушылардың ұсынысымен жер реформасының бағыттары бойынша мәселелерді жұмыс топтарында талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

«СТ» — ақпарат

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

09.06.2026
Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады. Кездесу барысында Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы жоспарлары...

Толығырақ...Details

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

09.06.2026
Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

Абай облысында жазғы демалыс маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

09.06.2026
Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

Жеке тұлғалардың банкроттығы институты іске қосылғаннан бері Абай облысының тұрғындары соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысу үшін 12,5 мыңнан астам өтініш...

Толығырақ...Details

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

08.06.2026
Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара мектепке...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

08.06.2026
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Алматы ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

2 часа бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

3 часа бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

6 часов бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

6 часов бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

1 день бұрын

«Асыл бесік – Ақсуат»: спорт, өнер және руханият тоғысқан мереке

1 день бұрын

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алакөл жағалауында «EcoQadam» экологиялық форумы өтті

1 день бұрын

Артық білім кітапта: Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған байқау өтті

1 день бұрын

Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС