"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЮНЕСКО-НЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРІ ҚҰРАМЫНА ЕНДІ

02.04.2021

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 182 елде тіркелген ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің мүшелігіне 2017 жылдың ақпан айынан бастап үміткер болып келеді.

Осы уақыт аралығында Семейдегі білім мекемесі ЮНЕСКО-ның барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс атқарды. Соның ішінде ұстаздар мен оқушыларымыз түрлі деңгейлердегі байқау, олимпиадалар мен фестивальдарға, поэзия сайыстарына, конференцияларға, жазғы мектептерге және т.б. шараларға қатысты. Қауымдастыққа мүше болудың басты шарты – ЮНЕСКО-ның бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарда нәтиже көрсетумен қатар, үміткерлік өтіл кезінде тұрақтылық қажет.

Дәл осы сынақтардан сүрінбей өткен семейлік Зияткерлік мектеп мүшелікті растайтын сертификат пен құттықтау хатына ие болды. Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Леонид Ким өз хатында алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды бірге атқаруға ниетті екенін білдірген.

— Бізге қолдау білдіріп, бірлескен жұмыстарды атқаруға көмектескендері үшін ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің Қазақстан Республикасындағы ұлттық үйлестірушісі Л.Ким және атқарушы көмекші Ю.Ким мырзаларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Дәл осындай алғысты белсенділік танытқан оқушыларымызға, әріптестерімізге де айтқым келеді. Бұл біздің ұжымымыздың еңбегінің нәтижесі. Біз өз мектебіміздің абырой, намысын биік ұстай отырып, ЮНЕСКО-ның алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына атсалысатын боламыз,- дейді ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің біздегі үйлестірушісі, физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков.

ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептері адамның негізгі құқықтары мен қадір-қасиеті, гендерлік теңдік, әлеуметтік прогресс, бостандық, әділеттілік пен демократия, халықаралық ынтымақтастықты құрметтеуді қоса алғанда, ЮНЕСКО мен БҰҰ Жарғысында қамтылған құндылықтар мен принциптерді насихаттауға тырысады.

Соның ішінде ХХІ ғасырдағы білім беру жөніндегі халықаралық комиссияның ЮНЕСКО-ға дайындаған есебінде айқындалған білуге үйрену, жасауды үйрену, өмір сүруге үйрету және ең бастысы, қатар өмір сүруге үйрету сынды төрт білім беру саласына ерекше назар аударады.

Қазіргі таңда елімізде ЮНЕСКО-ның 30 қауымдастырылған және 11 үміткер мектебі бар.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

13 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

14 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

14 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС