"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ СЕМЕЙДЕ

04.04.2014
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ СЕМЕЙДЕ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 — наурыз күні облысы-мызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-          Жомарт Тоқаев ресми іссапармен келді. Төрағамен бірге облыс әкімі Б.Сапарбаев және бір топ Сенат депутаттары да Семейде болып, халықпен жүздесті.  Сапарын ең алдымен Семей қаласынан бастаған Қ.Кемелұлы шаһарымыздағы бірқатар нысандарда болды. Қала тынысымен танысты. Атап айтсақ, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында болып, партияның белсенді өкілдерімен жиын өткізді. Өз сай-  лауалды бағдарламаларындағы халыққа берген уәделеріне беріктік танытқан,   идеологиялық шараларға белсене қатысып, отандық заңнама жүйесінің жетілдірілуіне ат салысқан бірқатар мәслихат депутаттарын Сенаттың Құрмет грамо-тасымен марапаттады.

Партия белсенділерін марапаттады

Бұл кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жиналды. Өз сөзін  Сенат Төрағасы Елбасы Н.Назарбаевтың партия мүшелеріне жүктеген міндет-  темелерінен бастады.

«Нұр Отан» партиясы бүгінде халық   сеніміне ие. Сонымен қатар, алдағы уақытта да жұртшылық қолдауына ие болып, ел          Тәуелсіздігінің мақсат-мұраттары жолында жемісті еңбек ете беру үшін жоспарлы  шаралар, бағдарлы бастамаларға ұйытқы болуы міндетті. Осы жайында сөз еткен Сенат Төрағасы ел Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы  басымдықтарға кеңінен тоқталды. Партия Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев «Нұр Отан» активінің алдында Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау жөнінде міндеттер қойды.

— Бүгінгі біздің кездесуіміз ел дамуының елеулі тарихи кезеңінде өтуде. Наурыз айының басында біз «Нұр Отан» партиясының  15 жылдығын атап өттік. Партия — өзінің қалыптасу мен даму барысында ұлтаралық сенім мен парламенттік көпшілікке ие болып, шын мәнінде халықтық саяси құрылымға айналды. Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласа жүріп, халқымыздың зор сенімін арқалаған «Нұр Отан» партиясы Елбасы мен мемлекетіміздің басты тірегі ретінде кеңінен танылды. «Нұр Отанның» әрбір жетістігі – Ұлт Көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені сөзсіз. Біз «Қазақстан-2030» Стратегия-сының негізгі мақсаттарын мерзімінен бұрын орындап шықтық, енді біздің алдымызда жаңа, аса ауқымды жоспарлар тұр. Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемдегі ең қуатты, әлеуеті зор 30 елдің қатарына қосылу. Бұл маңызды міндетті біз ХХІ-ші ғасырдың алғашқы жартысында толық еңсеруге тиіспіз. Аталмыш Стратегия – еліміздің қолжеткізген  табыстары мен ауқымды ресурстарына, экономикалық      әлеуеті мен саяси мүмкіндіктеріне қарай жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сенат Төрағасы, сонымен қатар, партияның сайлау алды бағдарламасындағы уәденің орындалу барысын да үнемі қадағалауда ұстау керектігін жеткізді. Бұл партияның саяси қызметінің басты міндеттерінің бірі.

— Бәріміздің алдымызда аса маңызды міндеттер тұр. «Нұр Отан» партиясының шын мәнінде халықтық көшбасшы саяси құрылым екенін іс жүзінде дәлелдеп, елдің игілігі жолындағы табанды да табысты еңбегімізді  жалғастыра беруіміз қажет. Миллиондаған азаматтарымыздың партияға деген зор сенімін ақтау – біздің абыройлы міндетіміз. Уәдеге берік, іске адал, халыққа әділ әрі ашық болу – партияның негізгі ұстанымы болып қала бермек. «Нұр Отан» партиясы стратегиялық мақсаттарға жету үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға дайын және халқымызды жаңа жетістіктерге сенімді түрде бастайтын негізгі саяси күшке айналуы тиіс, — деді өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы отандық заңнама жүйесін жетілдірудегі белсенді қызметі үшін бірқатар семейлік партия мүшелерін Сенаттың “Құрмет грамотасымен” марапаттады. Бұл мәртебеге Семей қалалық мәслихатының депутаттары — Риза Асанқызы Молдашева, Қайноллан Ролланұлы Мусин және Николай Васильевич    Мантлер лайық деп табылыпты.

— Сенат Бюросы отандық заңнама жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді қызметі үшін бірқатар шығысқазақстандық партия мүшелерін Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде шешім қабылдаған     болатын. Әріптестерімізге осы Құрмет гра-мотасын табыс етуге рұқсат етіңіздер, — деген Сенат Төрағасы партия алдындағы міндеттемелерін орындауда абыройға бөленген халық қалаулыларын салтанатты түрде марапаттады.

Бұл құрмет семейліктер үшін де зор мәртебе екендігі белгілі.

{jcomments on}Жастарды жігерлі болуға шақырды

 

 

Кездесуге интерактивті режимде мыңнан аса студент қатысып отырды. Жиынды университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков алғы сөзбен ашты. Осыдан соң Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысушылар алдында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басымдықтары жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ, әлемнің дамыған 30 елінің құрамына кіруде отандық білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен жастарға артылар талап-тілектер  жайлы сөз қозғады.

— Сіздермен көрнекті философ, ақын және ағартушы, Ұлы Абайдың рухани шәкірті – Шәкәрім атындағы белгілі білім ордасында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың рухани ордасы, қасиетті Семей жерінде өтіп жатқан бүгінгі кездесуіміз Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Халқымыз   Наурызды  жыл басы, жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің бастауы ретінде асыға күтетіні анық. Елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың, өзара келісімнің қадірін арттыра түсетін мамыражай мереке – ұлты бөлек болғанмен     Отаны бір, діні басқа болғанмен тілеуі бір әрбір азаматымыз үшін ортақ. Сіздерді      Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деп атап өткен Сенат төрағасы  баяндамасының негізгі бөліміне көшті.

— Өздеріңізге белгілі, Елбасы өткен жылы еліміздің 2050-ші жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жариялап, онда Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарын ұсынды. Президент өзінің биылғы жолдауында жаһандық көшбасшы мемлекеттермен терезесі тең қатынас құруға негізделген ел дамуының нақты мақсат-міндеттерін айқындап берді. Қазақстанның бүгінгі жетіс-тіктері мен даму үлгісі еліміздің жаңа саяси бағытының негізі болмақ. Әлем жұртшылығы біздің елімізді саяси және экономикалық жүйені жаңғырту бағытын ұстанған, халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарта алған құқықтық-демократиялық ел ретінде таниды. Жүздеген ұлт пен ұлыстың ортақ     мекені, тарихи Отаны — Қазақстанның ынтымақ-бірлігі мен көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынасы көпке үлгі болатыны сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігін нығайта түсетін ортақ құндылықтар қалып-тасты. Ол – ұлтаралық ынтымақ пен ел ішіндегі өзара келісім, халықтық рух. Ол – қазіргі заманғы экономика, жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Сондай-ақ, тарих пен мәдениет, тіл тұтастығы және ұлттық қауіпсіздік. Елбасының кемеңгер көшбасшылығының арқасында  Қазақстан бүгінде саяси ұстанымы тұрақты, экономикасы қуатты елге айналды. Алғашқыда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде келешегі жоқ деп санаған бірқатар саясаттанушылар мен сәуегей пікір айтушылардың пессимистік болжамдарына қарамас-тан біз өз мақсатымызға қол жеткіздік. Ал бүгінде біз ел дамуының жаңа дәуіріне қадам бастық. Жаңа дәуір жаңаша ойлауды, жаңаша әрекет жасауды қажет етеді. Ұлы мақсаттарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындыру үшін қоғамдағы барлық салаларға тың серпіліс керек. Бұл орайда жұртты біріктіретін, ерлік іске үндеп, елдік мұраттарға жұмылдыратын ортақ идеологиямыз бар. Ол – Елбасы жариялаған, қазақстандық патриотизм мен ел бірлігінің негізі болып табылатын – «Мәңгілік Ел» идеясы. Бүгінде бұл идея халық арасында қызу тал-қыланып, кең қолдауға ие болып отыр. Ұлты мен діни көзқарасына қарамастан, еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, кемел келешектің іргетасын бірге қалауға жұмылдыруда. Қазір әлем халқы аумалы-төкпелі, мазасыз кезеңді бастан өткеріп, Украинадағы жағдай әлі де шиеленісіп тұрған тұста біздің   басты игілігіміз – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің, халқымыздың ынтымақ-бірлігінің қадірі айқын көрінеді. Ұлтаралық  татулық пен өзара келісім біздің саяси бағытымыздың алтын арқауына айналып отыр. Бұл әрине, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі екені анық. Президенттің дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену Стратегиясы – ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттырып, болашағын жарқын етуді көздейтін кешенді бағдарлама. Бұл әсіресе, жастарға деген зор қам-қорлық, — деді өз сөзінде Қасым-Жомарт  Кемелұлы.

Жиынға қатысушылардың  дені жастар  болғандықтан да Сенат Төрағасы өз сөзінде өскелең буынға қазіргі заманның талап-     тілегі мен Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау-дың мәні жайлы да тоқталып өтті.

— Әлемдегі бірден-бір қуатты елдердің ішінен лайықты орын алу – біздің өз қолымызда. Бұл тарапта Мемлекет басшысы айтпақшы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ. Әсіресе, жас ұрпақтың мойнындағы жауапкершілік жүгі ауыр. Уақыт жаңаратын, ұрпақ алмасатын дәуірлер тоғысында тұрған біздер үшін кемел келешекке бастайтын байыпты бағдар мен жүйелі жоспардың болуы аса маңызды. Елбасы Стратегиясын жүзеге асыратын да, оның жемісін көретін де жастар. Бұл күнде тәуелсіздік құрдастары есейіп, олардың ел үшін еңбек етер кезі келді. Қазіргі жастар жаңаша ойлайды, нарықтық қатынастарды терең түсінеді, қоғамдағы өзгерістерге тез әрі тиімді бейімделе алады. Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Шваб мырза айтқандай, егер бұрын жас- тарға аға буын өмірден өз түйгендерін үйреткен болса, қазір керісінше жаһандану әкелген көптеген құбылыстар мен тың жаңалықтар бойынша аға буын жастардан кеңес сұрайтын болды. Сол себепті де, бүгінгі батыл да бастамашыл, білім мен ғылымдағы биіктерді бағындыруға ұмтылған, кез келген қиындықты жеңуге қабілетті ұрпаққа – ұлтымыздың ұлы мұраты «Мәңгілік Ел»  идеясын іске асыру жауапкершілігі жүктеліп отыр. Аға буынның жасампаз істерін жалғастырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыра түсуге бүгінгі жастар белсене атсалысады деп сенемін.  Елбасы межелеген міндеттерді тек жан-жақты білім мен қажырлы еңбектің арқасында ғана еңсеруге болады. Шығыс Қазақстан облысының білімді де білікті, отаншыл жастары бұл жауапкершілікті терең түсінетіндеріне күмән жоқ, — деп атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы батыл да бастамашыл жастарды ел бірлігін арттыра түсетін ортақ құндылықтар төңіре-гіне топтасуға шақырды.

— Белсенді болыңыздар, өз келешектеріңіз үшін ертеңгі күнді жарқын етуге, табысты ел болумызға атсалысыңыздар! Қазақстанды әлемдегі бірден-бір қуатты мемлекет етуге біздің мүмкіндігіміз де әлеуетіміз де жетеді. Ол үшін ел дамуының алтын қазығы – Елбасының ұзақ мерзімдік Стратегиясын баршамыз іс жүзінде жүзеге асыруға бір кісідей үлес қосуымыз     керек.

Сенат Төрағасы сонымен қатар, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жолындаға міндеттерді жан-жақты қаруланған біліммен ғана еңсеруге болатынына тоқталды. Бұл орайда Семейдің, Шығыс Қазақстанның отаншыл жастарына да зор сенім артылады.

Қ.Тоқаев студенттер мен оқушыларды қолдау, оның ішінде шәкіртақы мөлшерін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік шараларды атап өтті. Сенат Төрағасы қазіргі кезде Парламентте «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы қаралып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік  жастар саясаты туралы жаңартылған Заң жобасында ең төмен кепілді әлеуметтік  жеңілдіктер және әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүйелі топтамасы қаралатын болады.

Келелі кездесу барысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы атынан филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов сөз алды. Ал студенттер арасынан Машина жасау факультетінің 3 курс студенті Ботагөз Тұрғазина  сөйлеп, семейлік жастардың білім мен ғылым әлеміндегі жетістіктеріне тоқталды. Жуырда Германия мемлекетінде екі семестр бойы кәсіби тәжірибе жинап қайтқан студент Елбасы Жолдауындағы жастарға жүктелген міндеттемелерді орындауда семейлік жастардың сергектігін айтып өтті. Мәселен, бүгінде аталмыш университеттің 40-тан аса студенті АҚШ, Оңтүстік     Корея және бірқатар Еуропа елдерінде білімдерін жетілдіруде. Ал алдыңғы    толқын түлектер Отанымызға біліктілік шыңдап оралып, әсіресе, сұранысы аса жоғары техникалық сала   бойынша қажырлы еңбек етуде.

Кездесу барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттің ғылыми жұмыстарына, қоғамдық мәдени өміріне белсене араласып жүрген үздік студенттерге ҚР Парламенті Сенатының    Алғыс хатын табыс етті. Жиынның соңында оқу орны студенттерімен бірге естелік суретке түсті.

Отандық өндірістің қуаттылығы байқалады

 

Сенат төрағасы “СемАЗ” ЖШС-де болып, кәсіпорын ішін аралап, өндіріс қарқынымен және өнім түрлерімен танысты. Қазіргі күні зауытта ауыр жүк көліктері құрастырылуда. Отандық сұранысқа сай «Урал», «Shasman», «Белорус» тракторларының бірнеше модельдері шығарылады.  Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттермен берік әріптестік орнатқан мекеменің   тынысы жыл сайын    кеңейіп келеді. Дайын өнімдер негізінен республикалық нарыққа шығарылады. Зауыт өңірлердегі ауылшаруашылық саласын дамытуға қажетті техникалар құрастыруда Отанымыз бойынша алдыңғы қатардан табылуда.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сонымен қатар, зауыт басшылығының болашақ   жоспарлары туралы да сұрақтар қойды. «СемАЗ» ЖШС директоры,  Әсемхан   Досқожановтың айтуынша, кәсіпорын ағымдағы жылы «Газель» автокөліктерін құрастыруды межелеп отыр. Жоспарға сәйкес аталмыш көліктің шығарылым санын да арттыру көзделуде.

Зауыт инновациялық бағдарламалар аясындағы міндеттемелерді толығымен орындауда, өндіріс көлемі де жыл сайын арту үстінде. Өткен жылы жоспарлы көрсеткішті артығымен орындаған кәсіп-орын жұмысын Сенат Төрағасы жоғары бағалады.

 

Қуаныш ӘЛІМБЕК,

“Семей таңы”.

Ұқсас жаңалықтар

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

04.11.2025
Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

Semeytany.kz – Алматы қаласында өткен халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) байқауында Абай облысының Білім-инновация лицейінің командасы жалпыкомандалық есепте ІІ...

Толығырақ...Details

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

04.11.2025
Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...

Толығырақ...Details

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

04.11.2025
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

Елімізде келесі жылдан бастап салық жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы...

Толығырақ...Details

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

04.11.2025
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

Үржар ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Ағымдағы жылы Жоғарғы Егінсу ауылына кіреберіс 3,5 шақырымдық жол...

Толығырақ...Details

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

03.11.2025
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет...

Толығырақ...Details

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

03.11.2025
«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қозғалған сот ісі аяқталуға жақын. Іс қысқартылған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

20 часов бұрын

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

20 часов бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

23 часа бұрын

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

23 часа бұрын

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

23 часа бұрын

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

2 дня бұрын

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

2 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

2 дня бұрын

Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

2 дня бұрын

Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС