"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жағымпаздықтың жанында жасампаздық жылап тұрады

ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың назарына!

17.04.2021
Жағымпаздықтың жанында жасампаздық жылап тұрады
103
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Желідегілердің бәрінің жазбасы жеңілтек деуден аулақпыз. Орнықты ой, салмақты пікірлерді саралап оқитын әдетіміз бар. Ойлысын оқып, сүйсінеміз. Көңілі жақын адамын немесе басшысын сынаса болды, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп жауырды жаба тоқитын шуылдақтарды көріп көңіліміз жүдеп қалады. Күйзелісте жүргендердің ішке сыймаған ойларын фейсбук арқылы сыртқа шығарып, жеңілейіп қалатынын да түсінеміз. Осындай сәтте шымбайға бататын шындықтың да талайы айтылады, айтылып та жатыр… Біздің бүгінгі тақырыбымыз ұлт мүддесіне қызмет ететін облыстық басқарманың жұмысы жайлы болмақ…

Облыста тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бар. Аты айтып тұрғандай, басқарманың негізгі міндеті — аймағымызда ұлттың идеологиясына жанашыр болу. Қажет жерде елдіктің сөзін айту. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, елдің рухани өсуіне бас-көз болу…

Аталған басқарманың жұмысына байланысты көңілді күпті қылып жүрген сауал көп… Ең бастысы — тілдерді дамыту мәселесінде басқарма тарапынан қандай ықпалды жұмыс жүргізілуде? Ақиқатын айтайықшы, жетім баладай ішке кіре алмай, босағада сығалап тұрған мемлекеттік тіліміздің мәртебесін қайтсек көтереміз деп дабыл қаққан басқарма басшысының немесе қосшыларының үнін естігендеріңіз бар ма?

Таяуда Семейде өткен жылы пайдалануға берілген жаңа спорттық кешенге ат беру барысында қоғамда үлкен дау болды. Бір топ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне “Елбасы — Арена” деп атауды ұсынса, “Абай — Арена” атын сақтау керек деген сияқты пікір айтушылар да аз болған жоқ. Абайдың 175 жылдығы атап өтілген жылы пайдалануға берілгендіктен халық арасында «Абай – Арена» аталып жүргенімен, ресми түрде ат берілмеген кешен. Билікке сын айтса, іліп әкетуге дайын отырған көпшілік осы мәселеге орай желіде желдей есті. Мүмкіндікті пайдаланып әркім билікке деген іштегі өкпесін шығарып қалуға тырысты.

Абай — қазақтың мақтанышы! Абай — қазақтың бойтұмары! Бұған қарсы дау айтқандар болса, не қолым жағасында, не жағасы қолымда кетсін дейтіндердің де бірі бізбіз. Абайға қандай құрмет көрсетсе де артық емес десек те, ақын баба рухына құрмет көрсетеміз деп қадірін кетіріп жүрген жоқпыз ба деген ой соңғы кездері бізді жиі мазалайды. Семейдегі тарихи, рухани, мəдени ошақтар түгелдей қазақтың Бас ақыны Абайдың құрметіне аталған. Абай атындағы театр, Абай атындағы кітапхана, Абай мұражайы, Абай алаңы, Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай — Ертіс кітапханасы, Абай əуежайы… Таяуда пайдалануға берілген мешіт те Абай атамыздың құрметіне аталды.

Қайталап айтамыз, Абайға қанша құрмет көрсетсе де артық емес! Алайда бір қаладағы барлық мәдениет ошақтарына бір адамның атын беруге «Ономастика туралы» ҚР Заңының талаптары бойынша қандай да бір шектеу бар ма? Біз осы сауалды ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Роза Төлеміске ФБ əлеуметтік желісі арқылы жолдаған болатынбыз. Аталған басқарманың жұмысына байланысты сауалдың көп екендігін де жасырмаймыз. Желіде дау болып жатқан кезде басқарманың əңгімеге араласпай, тасада үнсіз отырғаны түсініксіз еді. Біздің білуімізше, тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың жұмысы екі бағытты қамтиды: тіл мен ономастика тақырыбы. Тіл тақырыбында алысқа ұзап кетпегенімізді сөзіміздің басында айтып өттік. Ономастика мəселесінде де басқарма тарапынан елең еткізер бастама байқамаппыз. Қалада да, далада да жартыкеш атаулардан көз сүрінеді. Зайсандағы қанішер Кондюрин атауын, Семейдегі 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасында қазақ жастарын жаппай жазалаған Елемесов пен ономастика заңы өрескел бұзылып, тірі кезінде көшеге аты берілген, Ресейге барып Қазақстанды жамандап кітап жазған Морозов көшесін ауыстыру жайлы ұсынысымызға аталған басқарма тарапынан елең еткен жанды байқамадық. Біздің осы жолғы фейсбук арқылы жолдаған сауалымызға басқарма басшысы Роза Төлемістің тарапынан болған әрекет таң қалдырды. Фейсбук арқылы жолдаған сауалымыздан кейін қол астында қызмет істейтіндер Роза Төлемісті керемет басшы, ұлттың жанашыры етіп көрсетуге тырысып, желіде жарыса пікір жазып, жамырап кетті.

Жағымпаздықтың жанында жасампаздық жылап тұрады

Жағымпаздықтың жанында жасампаздық жылап тұрады

Жағымпаздықтың жанында жасампаздық жылап тұрады

Облыстағы жауапты басқарманың басшысымен ұлт мүддесі жайлы пікірлесіп тұрмыз деген ой әп-сәтте ұмыт болды… Базардағы қызып тұрған сауданың ортасына кіріп кеткендей болдық (желідегі сондай пікірлердің көшірмесін төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз). Жағымпаздықтың нағыз сорақылығын көріп таң қалдық! Роза ханымның қол астында істейтін қызметкерлері қызды-қыздымен «Зырянды Алтайға ауыстырған — Роза», — десе, оған қысылып-қымтырылған Роза ханымды байқамадық, керісінше, «Иə, мен Астанаға барып құжаттарын өзім дайындағанмын!» — деп беті бүлк етпеді. Роза ханым, техникалық жұмыстарды атқару — қатардағы қызметкердің міндеті. Сол үшін еңбекақы алып отырсыз. Алайда «Алтайды ауыстарған мен» дегеніңіз облыс əкімі Даниал Ахметовтің идеясын иелену, ПЛАГИАТ екендігін осы жерде есіңізге сала кеткеніміз артық болмас. Роза ханым, соңғы кездері тіл тағдырына, ұлт тағдырына жауап беретін басқарманы Сізге сеніп тапсыруға бола ма деген ой бізді жиі мазалайтын болды.

Осы тақырыпқа орай пікір жазып, Роза Төлеміске қолдау білдіруші топ жайлы қысқаша ақпарат: Толқын Берікбекқызы, Медет Жұмақанов, Азамат Пангереев, Ермек Құрманғалитегі, Шəкен Көпшікбаева, Еркежан Баженбаева, Əсемгүл Қалтаева, Гүлсім Қасенова… Басым көпшілігі Роза ханым басшылық жасайтын басқармаға қарасты мамандар. Мемлекеттік қызметкер этикасы деген ұғымды түсінген адам қол астындағыларға жарыстыра ода жаздырмай, тоқтау айтуы керек еді…

Өкінішке орай, жағымпаздық жайлаған жерде жасампаздық жылап тұрады.

РИЗА АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: Әлішер Мархабатонамастика СемейРоза Төлемісова

Ұқсас жаңалықтар

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

22 минуты бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

39 минут бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

43 минуты бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

49 минут бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

22 часа бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС