"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

05.04.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі күні қалалық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев, қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жанна Жибраева,  Семей қалалық мәслихатының  хатшысы Бейсенбек Ақжалов және қоғамдық тыңдау кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өтті. Жиында әкімшілік тарапынан азық — түлік бағасын тұрақтандыру барысы және Знаменка тірек ауылын дамыту жоспары қарастырылды.

Алғашқы сауал бойынша сөз алған кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Юсупов әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағасын тұрақты межеден асырмай бақылау  мен мониторинг жүргізу мақсатында арнайы топ жұмыс жасап жатқандығына тоқталды:

— Құрамында қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері бар жұмыс тобының бүгінгі күнге дейін 8 отырысы өтті. Үстіміздегі жылдың 12 ақпанынан бері баға тұрақтылығы тұрғысынан сенім телефонына 160 қоңырау түсіп, тұрғындардың қоңырауын қанағаттандыру барысында шаралар қолданылды. «Эмиль» сүт өнімдері бағасының көтерілуіне байланысты облыс басшысының орынбасарына хат жолданған. Бұл тұрғыда  «Эмиль» ЖШС басшылығы сатып алынатын шикізаттың қымбаттауына байланысты кейбір тауарлардың бағасын 12 пайызға дейін көтеруге мәжбүр   болып отырмыз деп отыр, — деген Бауыржан Юсупов бағаны тұрақтандыру барысында орындалып жатқан шаралардан халықты хабардар қылу мақсатында жергілікті БАҚ өкілдерімен тығыз байланыстың бар екендігін, халықтың көзі мен құлағы саналатын газет, телеарна журналистерімен бірге дәріханалар мен  жанармай бекеттеріне рейд жүргізілгенін де тілге тиек етті.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының айтуынша, тұрмыстық техника бағасын тұрақтандыру үшін сауда орталықтары және кәсіпорын басшыларымен жиналыс өткен. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың мол қорына ие кәсіпкерлік басшыларымен де жұмыс жүргізіліп, орамжапырақ пен пиязды республикамыздың оңтүстік өңірлерінен әкелу  мәселесі де талқыланып жатқан көрінеді.

«Қазіргі таңда тұрақтандыру қорының өнімдерін саудалап жатқан 55 сауда нүктесі бар»,- деген Б.Юсупов тұрақтандыру қоры тұрақты жұмыс істеп жат-қандығын, сонымен қатар, апта сайын ұйымдастырылатын аудандардың жәрмеңкелерінде көкөніс және ет-сүт өнімдері айтарлықтай төмен бағада  саудаланатынын айтты.

Бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандум да қабылданған болатын. — Меморандумға сәйкес, тұрақтандыру қоры нүктелерінде 1 сұрыпты ұн 1300 теңгеден саудалануда. «АйАр» ЖШС-мен келісімге келу арқасында 1 сұрыпты ұнның 1 келісі 54 теңгеден көтерме саудада 50 теңгеге дейін түсіп, бөлшек саудада 53 теңгеге тең келді. Ал «ИП Ермекова» көтерме-сауда фирмасымен келісімде «Аралтұздың» көтерме саудадағы келісі 35 теңге, бөлшек саудада 38 теңге тұрады. Ал қарақұмықтың келісі көтерме саудада 85 теңге болып отыр,- деген  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы 2014 жылдың ақпанында ҚР мұнай және газ    министрлігі бекіткендей жанар — жағар май бағасы литріне АИ-80 – 89 теңге, АИ-92 – 115 теңге, дизелдік отын – 102 теңгеге сәйкес екендігін де атап көрсетті.

 

{jcomments on}Жиынға қатысушылар тұрақтандыру қоры жөнінде сауалдар қойды. Екінші ретте Знаменка тірек ауылының бүгінгі жай күйі мен даму жолдары қарастырылды. Ауылды көркейтуге 2012-2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 62 млн. 675 мың теңге қаржы бөлінгенін айтқан ауыл әкімі Әбусана Қарсақбаев:

 

— Бөлінген қаржы ауыл игілігіне жаратылды. 23 млн. 663 мың теңгеге      Орталық көшенің 1,5 километрі жөндеуден өтті. Содай-ақ, көшелер жарықтандырылды. Сонымен қатар, балаларға арналып балалар алаңы салынды. Ауыл шаруашылығы саласында 2011-2013 жылдарды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша  44 адам несие алып, мал басын көбейтті, қосымша 80 жұмыс орыны ашылды, — дей келе, ауылда жеке кәсіпкердің қолдауымен тіс емханасының ашылғанын, қазынадан бөлінген қаржыға мектеп асханасының жөнделгенін де айтып өтті.

Жиын соңында тірек ауылын көркейту жолдарын жан-жақты қарастырған кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС