20 сәуірде Даниал Ахметов коронавирус жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Соңғы жарты жыл ішінде ШҚО-да ауру деңгейі 15 есеге төмендеді. Алайда сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады.
Соңғы жарты жыл ішінде ШҚО-да ауру деңгейі 15 есеге төмендеді. Алайда, сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалды. Науқастар саны 2,8 есеге өсті. Өскемен, Семей және Аягөз ауданы «қызыл» аймаққа енді.
Аймақта вакцинациялау науқаны қарқын алды. 380 мамандандырылған егу пункттері дайындалды. Тек 20 күннің ішінде COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың саны үш есе артып, 48,5 мың адамды құрады. Қазан айына дейін облыста 747 мың адамды егу жоспарланған.
Қазір облыста 3 544 инфекциялық төсек орын болса, оның 319-ы реанимациялық. Науқастар жатқан төсек қоры 6,9%-ды құрайды. Эпиджағдай нашарлаған жағдайда «Д» жоспары іске қосылып, қосымша 6010 төсек орын ашылады.»Ч» жоспарының қолданысы кезінде тағы мың дана қосылады.
Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен 100% жабдықталған. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарының қоры жеткілікті мөлшерде, қосымша жеткізу жүріп жатыр. Ауыр науқастарды емдеуде қолданылатын иммундық плазманың 3 мың дозасы бар. Қазірдің өзінде ауыр жағдайдағы науқастарға 1062 дозасы құйылды.
— Өкінішке орай, Өскемен мен Семей мектептеріндегі жағдай көңіл көншітпейді. Семейдегі халық саны Өскеменге қарағанда аз екені белгілі. Алайда, Семейде сырқаттанған оқушылар саны екі есе көп. Бұл, ең алдымен, осы қаланың білім беру жүйесінде проблема барын көрсетеді. Семей мен Өскеменде балалар арасында ауру деңгейінің өсу себептеріне терең талдау жүргізу тапсырылды. Жалпы, жағдай жаман емес. Соңғы күндері біз сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендегенін байқап отырмыз. Денсаулық сақтау басқармасы мен ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Мен карантиндемін» қосымшасының жұмысын жандандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек,- деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов.
Әлібек Кемелхан, «Семей таңы»