Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бұл қалада және облыста коронавируспен сырқаттанушылар санының артуына байланысты. Қашықтықтан оқытуға көшу 4 сәуірден басталды.
— Тек 9-11 сынып оқушылары емтиханға дайындалу үшін қосымша сабақтарға келе алады. Қала мектептерінің жартысы карантинге жабық, сондықтан індеттің басылғанын күткен жөн, — деді қалалық білім бөлімі өкілі.
Сонымен қатар Өскемен қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс орталығының барлық мектептері 3-16 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшеді.