"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ол күндер ұмытылмайды

06.05.2021
Ол күндер ұмытылмайды
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1941 — 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп бара жатыр. Биыл, міне, сұрапыл соғыстың аяқталғанына 76 жыл толып отыр. Тарих қойнауына кеткен сол жылдарда қолына қару алып Отанын қорғаған жауынгерлердің бірі — Қалбатау ауылының тұрғыны Найл Загидуллин. Бүгінде жасы 95-ке жақындаған сол бір отты жылдардың куәгері қанды шайқастарды еске алған сайын еңсесі түсетіні түсінікті болар. Қарт жауынгер әр кез сан мыңдаған жауынгердің қыршыннан қиылғанын, хабар-ошарсыз, із–түзсіз кеткенін, қаншасы туған өлкесіне жараланып оралғанын, соғыстың жүрекке салған жарасының жазылмайтынын айтып, қанды оқиғалар жайлы тебірене отырып әңгімелейді.

Загидуллин Найл Гашигулович 1926 жылы Татарстанда дүниеге келген. 1943 жылы, небәрі 17 жасында, әскер қатарына шақырылып, майданға аттанған бозбала Жапон соғысына қатысып, Монғолия жерінде Кеңестер Одағының  4049 әскери бөлімінде борышын өтейді. 1943 жылы атқыштар полкінің 282-дивизиясы құрамында болады. Майдангер ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және «Жапон соғысындағы жеңісі үшін» медалімен марапатталған.

1950 жылы Қазақстанға,  Жарма ауданына қоныс аударады. Осында шаңырақ көтеріп, үш баланы өмірге әкеледі. Балажал, Бөке кен орындарында, электр станциясында абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.

Ардагер ақсақал:

— Бүгінгі ұрпақ пен келер ұрпақ сол қанды қырғында кеудесін оққа төсеген жауынгерлердің ерен ерлігін ұмытпай, есімдерін жадында сақтайды деп сенемін. Әрқашан бейбіт заман болсын, ел іргесі берік, келер ұрпақтың аспаны ашық, жүздері жарқын болсын,- деп тілегін білдіріп отырады соғыс ардагері.

Жарма ауданынан 15 126 адам соғысқа аттанды, оның 11 600-і ұрыс даласынан оралмады. Брест қамалынан бастап барлық шайқастарға қатысқан жерлестеріміз  жан аямай соғысып, Жеңіс күнін жақындатты. Жармалық майдангерлердің Еуропа мемлекеттерін азат етуге, Берлинді алуға, Жапон милитаристерін талқандауға қатысқаны жайлы өлке тарихында баяндалады. Ерекше ерліктері үшін  10 шақты жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, үш бірдей жармалық Даңқ орденінің толық иегерлері болды.

Ал ауданымыздың тумасы Төлеуғали Әбдібековті біреу білсе, біреу білмес. Қуғын-сүргін кезінде туысы «халық жауы» атанып, басына қара бұлт үйірілгенде жас жігіт Төлеуғали Шымкентке кетуге мәжбүр болады. Кейіннен, 1942 жылы мамырда, Шымкенттегі жаңадан жасақталған сарбаздар тобымен бірге Калинин майданына жөнелтіледі. 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының мергені — аға сержант Төлеуғали Әбдібеков жаудың 397 солдатын жер жастандырған. 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының әскери іс-әрекеттердің қысқаша есебінде 1942 жылдың өзінде аға сержант Әбдібековтің 219 фашистің көзін жойғаны жазылған. Алайда нағыз ерге батыр атағы берілмеді. Дегенмен Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырымызды жерлестері мақтан етеді. Өнегелі өмірін үлгі тұтады.

От пен оқтың арасында толарсақтан саз кешіп жүріп елі мен жерін жаудан қорғаған жауынгерлердің ерлігіне ұрпақтары әрқашан тағзым етіп келеді. Жыл сайын Жеңіс мерекесінде Найл Загидуллин де ерекше құрметке бөленеді.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы» 

Мақалада: ЖармаЗагидуллин Найл ГашигуловичТөлеуғали ӘбдібековҰлы Отан соғысы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

17 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

17 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

17 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС