"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Дулат Тастекеев: «Мақсатым – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту»

13.05.2021
Дулат Тастекеев: «Мақсатым – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту»
153
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бірде Тарбағатай ауданының шалғайдағы ауылындағы мектепте мұғалім оқушыларға «Патриот қандай болуы керек?» деген сұрақ қояды. Сонда бір оқушы қыз тұрып: «Мен үшін нағыз патриот — Дулат Тастекеев», — деп жауап беріпті.

Дулат Тұрсынұлы Тастекеевті оқырман қауымға таныстырып жатудың өзі артық болар. Есімі шығысқа ғана емес, бүкіл Қазақстанға танымал кәсіпкер, меценат Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылында дүниеге келген. Ол — бизнес саласына жаңашылдық әкелген қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа толқынының өкілі.

Барлығы осыдан он жыл бұрын ашылған кішігірім кеңдесен басталды. Дулат Тұрсынұлы өзі кассир, өзі күзетші болып, телефон қоңырауларына да өзі жауап беріп, барлығын ретке келтіріп отырған. «TASKREDIT» автокөлікті кепілге қойып, көлік жүргізу құқығымен несие беруді қолға алған ең бірінші компания болды. Қазіргі күні «TAS GROUP» компаниялар тобына бірнеше компания кіреді.

Биыл Дулат Тұрсынұлы «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасының жеңімпазы атанды. Жуырда жерлесімізбен телефон арқылы тілдесіп, құттықтаған едік.

Дулат Тастекеев: «Мақсатым – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту»

— Дулат Тұрсынұлы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атануыңызбен құттықтаймыз! Бұл жоба Сіз үшін жаңа белес болды ма?

— 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба биыл төртінші мәрте өткізілгені белгілі. Халықтың ең көп дауысына ие болған және қазылар алқасының таңдауына іліккен 100 азамат жоба жеңімпазы атанды. Солардың қатарынан көрінгеніме, әрине, қуаныштымын.

Жоба жеңімпаздарының халықтың алдындағы танымалдылығы артып, мемлекеттегі кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан белгілі бір артықшылықтарға ие болып жатты. Өз басыма келер болсам, жеке кәсіпкер ретінде мұндай қолдауды іздеген сәтім болған жоқ. Ең қызығы, мен бұл жобаға ұсынылғанымды кейіннен білдім. Мені Тарбағатай ауданы әкімдігі ұсыныпты. Дауыс жинау үрдісіне мүлде араласқан жоқпын. Халықтан көп дауыс жинағаным халық алдындағы абырой-беделім шығар. Мені қуантқаны да осы болды.

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Халықтың ел алдындағы азын-аулақ қызметімді ескеріп, бағалап жатқаны мен үшін абырой әрі мақтаныш.

— Келешекте Мәжіліс депутаты болу ойыңызда бар ма?

— Біздің халықта бұрынғы Кеңес Одағынан қалып қойған ескі стереотип бар. Адам дәулетті, халқының алдында белсенді, абыройлы болса, Үкіметтің заң шығарушы органы Парламентке немесе мәслихаттарға депутатат болуы керек деген пікір қалыптасқан. Бұрын бұл мәселеге қызығушылық танытқаным рас. Бірақ қазір бір жақты шешім қабылдадым. Мен кәсіппен айналысып жүрген азаматпын. Менің мақсатым — кәсібімді дамыту арқылы қаржы саласында қалыптасқан нарықты өзгертіп, оны халыққа жақын етіп, трансформация жасау. Екінші жағынан, еліміздің басқа кәсіпкерлеріне бизнесті ешқандай қолдаусыз жүргізуге болатындығын көрсетіп, үлгі болсам деген ниетім бар. Қазақстандық бизнесті, отандық қаржы нарығындағы қызметтерді экспортқа шығарып, шетелде де қазақстандық компанияның жұмыс істеп, беделді бола алатындығын көрсеткім келеді. Сол арқылы еліміздегі кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуына үлесімді қоссам деймін. Адамның жетістікке жетуі биліктің өкілі немесе депутат болуына тәуелді емес. Сондықтан да қазіргі таңда депутат болу немесе министрлікке бару менің ойымда жоқ. Бұл менің мақсатым емес.

— Бизнеске қалай келдіңіз?

— Адамның өзгелерге жақсылық жасаймын деген ойы болса, бірінші кезекте өзіне-өзі жақсылық жасауы тиіс. Менің алдымда өзімді, жақындарымды қаржылай тәуелсіз адам ету мақсаты тұрды. Университетті аяқтағаннан кейін менде екі түрлі таңдау болды: мемлекеттік қызметке кіріп, сол жақта қызмет ету немесе жеке бизнеспен айналысу. Менің ойымша, адам өзін қаржылай тәуелсіз еткісі келсе, белгілі бір нәрсемен шектелмей, табыс көзін қалыптастыруы керек. Мемлекеттік немесе жекеменшік компанияларда қызмет еткен адамның табыс көзі шектеулі болатыны анық. Қолынан келсе, тек қана кәсіпкерде шектеусіз табыс таба білу мүмкіндігі бар. Сондықтан мен қиын және тәуекелі мол болса да, бизнеске аяқ бастым. Қазіргі таңда, шүкір, белгілі бір белестерді бағындырып, жетістікке жетіп отырмын. Бұл біздің бағындырған асқар шыңымыз емес. Әлі орта жолға да жетпеген шығармыз. Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып, халықтың қаржылық қиындықтарын шешу барысында әлемге қазақ бизнесінің жаһандық деңгейге шыға алатынын көрсеткіміз келеді. Мұның бәрі бала күнімде, жасөспірім шақта, студенттік кезде қалыптасқан ойларым мен мақсаттарым.

— Дулат Тұрсынұлы, «TAS GROUP» компаниялар тобы жайлы тарқатып берсеңіз…

 — «TAS GROUP» компаниялар тобы 2010 жылы құрылып, қазіргі таңда Қазақстанның қаржы нарығында өзіндік орнын қалыптастырған. «TAS Group» компаниялар тобына бірнеше компания кіреді. Олар: автокөлік кепіліне несие беру нарығының көшбасшылары – «TASCREDIT» пен «TAS FINANCE GROUP», «TAS EXCHANGE» ақша айырбастау пункттерінің желісі, «TME» микроқаржы компаниясы, «Жетісу Агрокредит» несиелік серіктестігі, «AHTAS Contruction» құрылыс компаниясы, «Жанұя Мед» медицина орталығы және «38 РУ» қаржы тобы (Мәскеу қаласы). Биылғы жылы Өзбекстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылдан бері халыққа ыңғайлы болу үшін өз қызметтерімізді онлайн форматында да ұсынудамыз. Клиенттерге арналған арнайы мобильді қосымшамыз бар. Келесі бес жылдың ішінде кемінде 10 шақты мемлекетке өзіміздің қаржылық қызметімізді ұсынбақпыз. Яғни халықаралық қаржы нарығындағы халықаралық қор биржаларында акцияларымыз айналатын компания құрсақ деген мақсатымыз бар. Жоғарғы технологияларды меңгерген қаржылай инновациялық компанияға айналып, әлемдік бәсекеге төтеп бергіміз келеді.

— Дулат Тұрсынұлы, туған жеріңіздің көркеюіне қомақты үлес қосып жүрген азаматсыз. Әсіресе Шығыс халқы өзіңізді меценат ретінде жақсы біледі. Семейде көп жылдар бойы құрылысы тұралап тұрған мешітті халық игілігіне бердіңіз. Тарбағатай өңірінде екі мешіт салдырдыңыз. Осы уақытқа дейін қайырымдылық жобаларына қанша қаржы жұмсадыңыз?

— Біздің компания кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы түсінеді. 2018 жылдан бастап «ASSYLTAS» қоғамдық қоры құрылды. Енді компанияның барлық қайырымдылық шаралары ресми түрде жүзеге асырылатын болды. Қоғамдық қор бірнеше бағытта жұмыс істейді. Қайырымдылық қорының ең үлкен жобасы — бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған Семей қаласындағы мешіт құрылысын қайта жандандырып, халық игілігіне бердік. Өздеріңіз білетіндей, біздің әулетіміз бұған дейін Тарбағатай ауданына екі мешіт тұрғызды.

Руханиятты, мәдениетті қолдау бағытында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры тағы бір ауқымды әрі ерекше жобаны қолға алған болатын. Туған жерім Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында бірнеше жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Алтын домбыра» атты халықаралық ақындар айтысын толықтай қаржыландырып отырдық. Айтыс жүлдесіне ауқымды сыйлық қорын ұсынып, екі ақынға ай сайын біздің компания атынан 200 мың теңге, яғни 2,5 млн теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалып келді. Сонымен қатар биылдан бастап «Асыл домбыра» атты жобаны іске қостық. Бұл жоба аясында да журналистика, ғылым, әдебиет, спорт саласының үздіктеріне жыл сайын қор атынан стипендия бермекшіміз. Бокстан Қазақстан туын көкте желбіретіп жүрген Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, Батыр Жүкенбаев сынды танымал былғары қолғап шеберлерінің әлемдік арнеада атой салуына өз үлесімізді қостық. Әлі де қосып жүрміз.

«АSSYLTAS» қоғамдық қоры сонымен қатар Жандарбек Бұлғақов, Мұхтар Шаханов, Ақберен Елгезек сынды бірнеше авторлардың кітаптарын шығаруға, таралуына демеушілік көрсетті. Мұның барлығы руханиятты қолдау бағытында жүзеге асқан шаралар.

Айтысты қолдау – қазақ тілін қолдаудың бір бағыты. Біз өз компанияларымызда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге баса мән беріп отырмыз. Барлық іс қағаздарды, қарым-қатынас тілін қазақ тіліне көшірудеміз. «TAS GROUP» компаниялар тобында қызмет еткісі келетін адам мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тиіс. Компания қызметкерлеріне осындай талап қояды. Өткен жылдан бастап компанияда қызмет ететін өзге ұлт өкілдеріне арнап жұмыс уақытында мемлекеттік тілді ақысыз үйрететін курстар аштық.

Былтырғы жылы пандемия кезінде 200-ден астам отбасыға қаржылай көмек көрсетіп, азық-түлік  тараттық. Қазақстанды түгел қамти алмасақ та, қолымыздан келгенше мұқтаж жандарға жәрдемдесіп отырамыз. «Алып анадан туады» атты жобамыздың аясында көп балалы аналарға да сый-сыяпат көрсетеміз.

Әр адам алдымен өзінің туған жеріне қолдау көрсету керек деп ойлаймын. Қордың «Өңірлерді қолдау» жобасы аясында Ақсуат өңірінде екі мешіт, футбол алаңы салынып, жол жасалды, ауылдардың кіреберісіндегі аркалар жаңартылып, аялдамалар қойылды, Екпін ауылындағы орта мектепте музей мен кабинеттер жабдықталды.

Біздің компаниялар тобы өзінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпайды. «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясындағы қайырымдылық жұмыстарымыз мұнымен шектеліп қалмасы анық.

— Қазір өмірде жетістікке жеткен адамдардың кітап жазуы қалыпты құбылысқа айналды. Жуырда өзіңіздің «Өте маңызды» атты кітабыңыз жарық көрді. Кітабыңыз өтімді болады деп ойлайсыз ба?

— Жаңа айтып кеткенімдей, отандық бизнесті дамыту – менің өмірлік мақсаттарымның бірі. Биылдан бастап «ASSYLTAS» бизнес гранты жобасы жүзеге асуда. Осы жоба аясында ай сайын екі кәсіпкерге миллион теңгеден грант бөліп отырмыз. Яғни жыл бойына 24 кәсіпкерге өз бизнесін бастауға мүмкіндік беріледі.

Бизнес саласындағы он жылдық тәжірибемді, былтырғы карантин кезінде тікелей эфирде айтқан кеңестерімді қарастырып, жүйелеп отырып кітап шығару туралы ой келді. Кітабымды оқыған адам өзінің кәсібін одан әрі дөңгелетіп, дамытуды, алдына мақсат қоюды үйренетініне, қазақстандық кейстерге негізделген ақыл-кеңес алатынына күмәнім жоқ. Осы кітапты кемінде 10 мың адам оқитын болса, кәсіпкерлікті дамытамын деген арманымның іс жүзіне асқанының куәсі боламын. Және оқиды деп сенемін. Себебі қазіргі таңда білімге құштар, биікке талпынған жастар өте көп. Осы уақытқа дейін бірнеше кездесу өткізіп, жастардың құлшынысын өз көзімізбен көрдік.

— Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз…

— Біз отбасымызда 3 ағайындымыз. Өзімнен кейін қарындасым және інім бар. Анам Гүлнар әлі күнге дейін мектепте ұстаз болып қызмет атқарады. Әкем Тұрсын кезінде совхозда қызметкер болған. КСРО құлағаннан кейін кәсіпкерлікке бет бұрып, бүгінгі күнге дейін айналысып келеді.

Қазір, Құдайға шүкір, жұбайым екеуіміз екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Тұңғышым Нұрдәулет 17–де болса, кенжем Аяжан 1 жастан асты. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» дейді халық даналығы. Мен де өзімнің әлеуетім, уақытым, білімім жеткенше балаларыма дұрыс тәрбие беруге, өнеге көрсетуге тырысамын. Нәтижесін олар ержеткенде көретін боламыз. Ұл-қызым саналы, ақылды болып ержетіп, ел-жұртқа пайдасы тисе екен деп әрбір оқыған дұға-тілегімде айтып отырамын.

— Дулат Тұрсынұлы, сұхбатыңызға рақмет! Қазағымның Сіз секілді азаматтары көп болғай!

 Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Мақалада: Дулат ТастекеевДулат ТұрсынұлыҚазақстанның 100 жаңа есіміРухани жаңғыру

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл келбеті – ортақ жауапкершілік: «AMANAT» партиясы экологиялық бастаманы қолдады

06.11.2025
Ауыл келбеті – ортақ жауапкершілік: «AMANAT» партиясы экологиялық бастаманы қолдады

Көкпекті ауданындағы Жеңіс саябағында «AMANAT» партиясының қолдауымен экологиялық бағыттағы «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға жанашырлық...

Толығырақ...Details

ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

06.11.2025
ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

Соңғы аптада қазақстандық баспасөз тағы бір ауыр соққы алды. Тағы бір деп отырған себебіміз - маусым айында «Қазпошта» баспасөзді тасымалдау...

Толығырақ...Details

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

05.11.2025
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, әнші Мөлдір Мұқанова заңсыз ұтыс ойнатқаны үшін шамамен 598 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт...

Толығырақ...Details

Елеке сазы: Берік Уәли археологиялық жобаларды қолдауға уәде берді

05.11.2025
Елеке сазы: Берік Уәли археологиялық жобаларды қолдауға уәде берді

Semeytany.kz - Облыс әкімі Берік Уәли белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевпен кездесті. Зерттеуші Ақсуат ауданындағы Елеке сазы қорымында...

Толығырақ...Details

Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

05.11.2025
Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

Semeytany.kz - Абай облысында өңірдегі сәулет-құрылыс нысандарының сапасына арналған жиын өтіп, оған облыстық басқарма басшылары қатысты, қала және аудан әкімдері...

Толығырақ...Details

Ақсуат аудандық ауруханасы жаңғыртылуда: күрделі жөндеу 2026 жылдың басында тәмамдалады

05.11.2025
Ақсуат аудандық ауруханасы жаңғыртылуда: күрделі жөндеу 2026 жылдың басында тәмамдалады

Semeytany.kz – Ақсуат аудандық орталық ауруханасында қыркүйек айында басталған күрделі жөндеу облыстық бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Жұмыс шеңберінде ғимараттың шатыры...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ауыл келбеті – ортақ жауапкершілік: «AMANAT» партиясы экологиялық бастаманы қолдады

6 часов бұрын

ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

6 часов бұрын

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

1 день бұрын

Елеке сазы: Берік Уәли археологиялық жобаларды қолдауға уәде берді

1 день бұрын

Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

1 день бұрын

Ақсуат аудандық ауруханасы жаңғыртылуда: күрделі жөндеу 2026 жылдың басында тәмамдалады

1 день бұрын

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

1 день бұрын

Бруцеллезге қарсы 2 миллионға жуық мал басы тексерілді

1 день бұрын

Балдана Балтабекқызы: Абай облысында жылу желісін қайта жаңғыртуға арналған 14 жоба әзірленді

1 день бұрын

Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС