"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Саябақ қалай сақалды құрылысқа айналды немесе мәселенің мәнісі

17.05.2021
Саябақ қалай сақалды құрылысқа айналды немесе мәселенің мәнісі
93
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бір қарағанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тарихи орталық деп баға берген Семей қаласында саябақ жоқ дегенге  сену қиын да сияқты.  Алайда бұл — шындық! Қала тұрғындары мен қонақтары үшін  қазір Ертіс жағалауынан басқа барар жер жоқ. Семейліктердің неше буын өкілдері үшін  сүйікті демалыс орны болып келген Орталық саябақтың есігіне қара құлып салынғалы  үш жылдай уақыт болды. Алғашқыда  жөндеу жүргізіледі дегенді естіп қуанған  қала тұрғындары қазір жаңартылған саябақты көруден үміт үзе бастағандай…

Соңғы кездері биліктің үстінен шағым айтып, өздерін ақиқаттың жаршысы, қиянаттың құрбаны етіп көрсетіп, әлеуметтік желінің жұлдызына айналған кәсіпкерлер көп. «Осы сақалды құрылысқа  айналған саябақты  жөндеуге бөлінген МИЛЛИАРДТАН  асатын  үлкен  жобаның мердігері  кім?» деген сауал көпшіліктің санасына салмақ салып келе жатқаны құпия емес…

Өткен жылы, Абайдың туғанына 175 жыл толуы қарсаңында беріледі деп күткен нысан әлі күнге жабық, таяу күндері ашылатын түрі де байқалмайды. Жолға  жайылған тас төсеніштер мен саябақ ортасындағы Шәкәрім Құдайбердиев ескерткішінің тұғырындағы қаптамаларының қопарылып жатқанын көрген семейліктердің «қайран, суға кеткен бюджет қаржысы» деп өкініш білдіруден басқа амалдары жоқ. Мамыр айының  ортасынан ауып барады, алайда  семейліктер биыл да саябақта сайрандай  алмайтын сияқты. Бос уақыттарында Орталық саябақты бетке алатын семейліктер  бұл күндері  адам бойынан асатын темір қоршауындағы тесік-тесіктен сығалаудан әрі аса алмай жүр.

Сонымен, Семейдегі Орталық саябақ қалай сақалды құрылысқа айналды?

Орталық саябақ құрылысы Мәңгілік Ел көшесінің Жамақаевпен қиылысынан бастап Шмидтке (Арбат) дейін  жөндеу жобасы негізінде басталған болатын. Тапсырыс беруші — «Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Мердігер мекеме — «Еңбек-Семей» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты  шаруашылық жүргізу құқына ие «Еңбек» филиалы, «Көкжартас-құрылыс» ЖШС. Жөндеу жұмысы 2021 жылдың 1 маусымында аяқталуға тиіс болатын.

Жұмысы 2019 жылдың қыркүйек айында басталған саябақ ішіндегі жолдарға төсейтін тастармен Саранбаев басшылық ететін «Семей — Табиғат» ЖШС қамтамасыз ету керек болатын. Жөндеу жұмыстары аталған серіктестіктің мемлекеттік тапсырысты мерзімінде орындай алмауынан әлі күнге аяқталмай тұр… Оның себебі не дейсіздер ғой?! Себебі — серіктестік  құны МИЛЛИАРДТАН асатын жобаны ысырып қойып, басқа тапсырысты орындауға кіріскен. Саябақтағы жөндеу жұмысының аяқталмай тұруының басты себебі жолға төсейтін тастардың мезгілінде жеткізілмеуінен. Нақты айтқанда, саябаққа тиесілі төсеніш  тастар Әуезов даңғылының бойындағы «Абай жолына» жөнелтілген. Семей қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, «Семей – Табиғат» ЖШС құрылтайшысы  ресми түрде басқа адам болып тіркелгенімен, жұмыс есімі көпшілікке таныс Рафаил Хазиповтың тікелей басшылығымен жүргізілген. Тапсырыс берушілер тарапынан бірнеше мәрте ескерту жасалған. Алайда Рафаил Хазипов  күнде ертеңмен, немесе «әне келеді», «міне келедімен» шаршатқан сыңайлы. Бас мердігер мен қаланың бұрынғы әкімі Ермак Сәлімовтің тарапынан қатты талап қойылмағандығы да  нысанның  сақалды құрылысқа айналып кету  себептерінің бірі екендігі сөзсіз.

Саябақ қалай сақалды құрылысқа айналды немесе мәселенің мәнісі

Биыл қыс маусымында семейліктер үшін саябақтың есігінің ашылуы кездейсоқ жағдай болды. Ашылардан аз уақыт бұрын ғана, нақты айтқанда қараша айында, саябақ ішіндегі жолдарға  тастар төселген болатын. ҚАРАШАДА!!! Біздің жақта қыс ерте түсетіні белгілі. Қарашада — Қазақстанның шығысында  алғашқы суық түсіп, жер қатып, қыс  хабарын беретін уақытта — төсеніш тастар  жеткізіліп, жердің қатып қалғанына да қарамастан жайылған. ҚАТЫП ҚАЛҒАН ЖЕРГЕ!  Жер қатып қалатын уақытта тақтатас төсеу  құрылыс жұмысының техникалық талаптарына қайшы екендігін білу үшін маман болу қажет емес деп ойлаймыз… Сонымен, құрылыс талаптарына қайшы атқарылған іс өз «нәтижесін» берді. Күн жылынып, қар ери бастағанда қарашада  төселген  тастар  қопарылып қалды.

Бүгінгі таңда саябақтағы қателіктер салдарын  қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр. Әрине, тапсырысты орындауға тиісті мердігер есебінен. «Көкжартас» фирмасы жерге тас төсеу  конкурсын ұтып алған.

Сөйтіп, «Семей — Табиғат» ЖШС-нің жауапсыздығынан болған әрекет семейліктердің жалғыз саябағын ұзақ уақытқа жабуға себеп болып отыр. Бір тапсырысты орындамай, екінші  нысан құрылысын бастаған аталған серіктестіктің берекесіздігі бұл ғана емес сияқты…  Өткен жылы «Абай жолы» бойына төселген тастардың бүгінгі жағдайы қалай? Абайдың туғанына 175 жыл толуы  құрметіне ақын мұражайы маңында атқарылған құрылыс жұмыстарына аталған серіктестіктің қатысы бар ма? Осы сауалдарға тиісті орындардың  жауап беруін сұрағымыз келеді.

Семейдегі Жеңіс саябағына таяу орналасқан Мәңгілік ел көшесінің бойындағы Арбатта  отырғызылған шыршалар жайлы да айта кеткен орынды болар. Өткен жылдың мамыр айында  шыршалардың сауатсыз отырғызылғандығы семейліктер тарапынан аз наразылық туғызбаған болатын. Арада бір жыл өткенде сол наразылықтың орынды екендігіне көпшіліктің көзі жетті.  Шыршалар қазір түгелдей дерлік қурап қалды. Отырғызуға жұмсалған қанша бюджет қаржысы ысырап болды?! Шыршалар Жеңістің 75 жылдығы құрметіне Катонқарағайдан арнайы сыйлыққа жіберілген  болатын. Алайда бұл күндері қурап қалған шыршаларды көргенде, «жұмысты орындаушы кім?» деген сауалдың  көпшіліктің көкейінде болуы заңды. Рас-өтірігін кім білсін, бұл ағаштарды отырғызған қосымша мердігер де «Хазипов» ЖК дегенді естідік.

Рафаил Хазипов өзін Семейдің патриоты етіп көрсетеді. Егер шын мәнінде қалаға жаны ашитын азамат болса (қалалық мәслихаттың депутаты екендігі өз алдына), осындай келеңсіздіктерге жол берілмес пе  еді?

Сақалды құрылыстар қатарына кірген саябақ, Мәңгілік ел көшесінің бойындағы қурап қалған шыршалар, «Абай жолына»  сапасыз төселген тастарға сұрау бола ма?  Біз тапсырысты мезгілінен кешіктіріп, сапасыз атқарған мердігерлерді, ҚР «Мемлекеттік сатып алу  туралы» Заңының талаптарына сәйкес,  «жауапсыз орындаушы» тізіміне кіргізу  қажет деп есептейміз.

Орталық саябақ жаққа жалтақтаған халықтың таяу күндері ашылады деген үміті де үзіле бастады. Саябақтың тура ортасында  Шәкәрім  бабамыз  ысырап болған МИЛЛИАРДТАН астам  қаржы мен  жауапсыз мердігерлердің жұмысынан  түңіліп, бүгін-ертең қамаудан шыға алмайтынына күйініп отырғандай…

 Риза МОЛДАШЕВА

 

Мақалада: Орталық саябақСемейХазипов

Ұқсас жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

27.07.2026
«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

27.07.2026
Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Ресейдің Омбы қаласында XXIІ Қазақстан - Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

27.07.2026
Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

Бүгін Ресей федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – жыл сайын экономика,...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

27.07.2026
Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

Бүгін Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

27.07.2026

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – меритократия. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бұл қағидат мемлекеттік қызметке...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

27.07.2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

4 дня бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

4 дня бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

4 дня бұрын

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

1 неделя бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

1 неделя бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

1 неделя бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС