"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жауапсыз инвестордың жалған жобасы

21.05.2021
Жауапсыз инвестордың жалған жобасы
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жақында Семейде өткен дөңгелек үстел барысында атышулы түрік инвесторының өкілі ЖЭО-3 құрылысы туралы тағы да еске алды. Ол келісімшарттың бұзылуына билік өкілдерінің кейбір пайдакүнемдік мүдделері себеп болды деп мәлімдеп отыр. 

Десек те, ол Жоғарғы соттың шешімі бар екенін ұмыт қалдырады, не боламаса әдейі ол туралы тіс жармады… Біз түрік компаниясымен болған оқиғаның көрінісін қалпына келтіруге тырыстық және ақиқаттың «Unit Energy Investment» ЖШС-нің жағында емес екенін анықтадық. 

Әрине, көптеген адамдар Бішкектегі ЖЭО-ның тарихын білетін шығар, оны жаңғыртуға 386 миллион доллар жұмсалған болатын, содан кейін бүкіл ТМД-ны шулатқан алапат апат орын алды. Сол кезде көптеген лауазымды тұлғалар, соның ішінде елдің бұрынғы премьер-министрі де сотты болған-ды. Шығыс Қазақстанда әкімдік жауапсыз инвестордың ірі жобасын салуға жол бергізбеді.

Жоспар бар, ал қаражат жоқ..

«Unit Energy Investment» ЖШС Семейдегі ЖЭО-3 құрылысына инвестор болғысы келген үміткерлердің бірі болатын. Әлбетте, компания өз бизнес-жоспарын ұсынды, ол жобаның күшті жақтарын көрсетіп, компанияның өміршеңдігін дәлелдеуі керек еді. Бірақ, Семей қаласының бұрынғы әкімі, аймақ басшысының ТҮКШ бойынша кеңесшісі Ермак Сәлімовтің «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында отыз шақты беттен тұратын, көрсетілген құны миллиардтаған теңге болатын керекті жабдықтардың толық тізімінде құрылыс үшін аса қажет жылу станциясының құрылғылары болмай шыққанын айтады. Компанияның қаржылық жағдайы туралы да ешқандай мәлімет болмаған.

– Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1133 бұйрығына қосымшада инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларына қойылатын талаптар нақты көрсетілген, – дейді Ермак Сәлімов. – Міндетті тармақтардың бірі – толық инвестициялық шығындар, қаржыландырудың барлық көздері және рентабельділік пен өзін-өзі ақтау мерзімдерінің есептері бар жобаның қаржылық моделі көрсетілуге тиіс қаржылық бөлім. Мұндай бөлімнің болмауының өзі-ақ инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану үшін негіз бола алады. 

Бірақ, одан бетер көз жеткізу үшін әрмен қарайық. Семей қаласы экс-әкімінің айтуынша, бизнес-жоспарда әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық әсер, рентабельділік пен өтелу мерзімдері есептелген бөлім жоқ. Оның үстіне, компания өз жобасында Семейдің жылу бойынша қажеттілігін ескермеген, ал бұл – ең басты көрсеткіш! 

Атап өтерлігі, инвестор бұл құжатқа электр энергиясы үшін төлем сомасының өсетіні туралы мәліметті енгізуді ұмытпаған.

Келісерсіз, бұл – өзін «ірі» атап отырған инвестор үшін күмәнді артықшылық. Дей тұрғанмен, бұл ретте ЖШС 140 гектар жерді 49 жылға жалға алуды көздеген. Сондай-ақ, осы жобаны іске асыруға берілетін инвестициялық преференцияларға да дәмелі болған. 

Бірақ, бұл үшін негізді себептер болды ма? Ермак Сәлімовтің айтуынша, Семей әкімдігі жобаны іске асыруға келісім бере алмаған, себебі, «тиісті органдардан» осы компанияның қаржылық дәрменсіздігі туралы, сондай-ақ жоғарыда аталған ЖШС құрылтайшысына қатысты міндеттемелерді орындамаудың, сондай-ақ, «күмәнді» қаржылық схемаларға қатысудың анықталған фактілері туралы ескерту-хаттар келіп түскен. Мұның қандай органдар екенін және бұл хаттарда қаржылық алаяқтық, аффилиирленген компаниялардағы қаражат ұрлау туралы ақпарат болғанын түсінуге болады. Расында да, ынтымақтастықты тоқтату туралы және инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап қою туралы шешім негізсіз қабылданбайды.

Біз оларды танымаймыз

Қарсылықтың екінші айналымы басталды, қисынға салар болсақ, ондай қарсыласу болмауы тиіс еді. «Unit Energy Investment» ЖШС тарапынан серіктестері қатарында «Сибэнергомаш» және «Орал турбина зауыты» сияқты өнеркәсіп алыптары бар делінген хаттар келіп түсті. Алайда, аталмыш компаниялардың жауап хаттарында бұл деректер расталмай шықты.

«Сибэнергомаш БКЗ» ЖШҚ «Unit Energy Investment» ЖШС-мен ешбір келісімшарттық міндеттемелері жоқ екенін, «Орал турбина зауыты» АҚ-ның «Unit Energy Investment» ЖШС-мен жасалған шарты жоқ екенін хабарлайды. Облыс әкімінің кеңесшісі ұсынған осы жауап-хаттардан кейін инвесторлардың өзге деректеріне деген күмән арта бастайды. 

Бизнес-жоспарды талдау барысында мамандар басқа да қызықты мәліметтерді анықтады. Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, жоспарды әзірлеу кезінде «Unit Energy Investment» ЖШС-де шикізат жеткізушілермен келісімдер жасалмаған болып шыққан. Шикізат пен материалдардың жекелеген түрлерінің көлемі бойынша да деректер болмаған. Негізгі бәсекелестерді көрсете отырып, Семейдегі жылу және электр энергиясы жағдайын сипаттайтын маркетингтік бөлімі де жазылмаған. Еңбекақы қоры туралы деректер болмаған. Бұл күрделі инвестициялық жобаның сауатты бизнес-жоспарында болуы керек көптеген басқа да мағлұматтар жоқ болған! 

Инвестициялық келісімшарттың негізгі мәні «Unit Energy Investment» ЖШС алғысы келген Семей қаласы аумағындағы жер учаскесі түріндегі грант болып отыр. Майлы шелпек. Бірақ, мәселе мынада, ол жер мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның, бұл жағдайда Семей әкімдігінің келісімімен ұсынылады (бұл нормалар ҚР Азаматтық кодексінде жазылған). Алайда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті жергілікті атқарушы органға заттай грант беру туралы мәселені келісу үшін жүгінбеген. Комитетте бұны қажет емес деп есептеген болуы керек, өйткені, «Unit Energy Investment» ЖШС-нің қолында Семей қаласының әкімінен хат болған. Бірақ, бұл хат – егер компания шынымен ЖЭО-3 құрылысының инвесторы болып жатса, жер телімін беру туралы келісім ғана. 

Астана сотында комитеттің деректері негізсіз, сонымен қатар кәсіпкерлік кодексіне қайшы деп расталды. Семей әкімінің хаттары атқарушы органның пікірін білдірмейтін алдын ала келісім ғана деп танылды. 

«Астана қаласының соты 2019 жылғы 28 ақпандағы №2-172/2018 іс бойынша шешім қабылдады: ШҚО Семей қаласы әкімінің «ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті» ММ-не және «Unit Energy Investment» ЖШС-не 2016 жылғы 21 желтоқсандағы инвестициялық келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылсын».

Алайда, мұндай шешім қалалық биліктің оппоненттерін қанағаттандырмады, сондықтан түрік компаниясы Жоғарғы сотқа шағымдануды шешті. Дегенмен, Жоғарғы сот алдыңғы сот актісінің күшін жоюға негіз таппады. 

ҚР Жоғарғы сотының мамандандырылған сот алқасының 2019 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен Астана қаласы сотының 2019 жылғы 28 ақпандағы шешімі өзгеріссіз қалды.

ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен инвестициялар жөніндегі комитеттің 2019 жылғы 28 ақпандағы Астана қаласы сотының шешімін қайта қарау туралы өтініш-хатын беруден бас тартылды.

Сот нүкте қойды

Жоғарғы сот бұл іске нүкте қойды. «ҚР Жоғарғы соты комиссиясының 2019 жылғы 30 мамырдағы №6001-19-00-2а/26 қаулысы: Астана қаласы сотының 2019 жылғы 28 ақпандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылсын, «ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті» РММ мен «Unit Energy Investment» ЖШС-нің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын».

Осылайша, екі заңды тұлға арасындағы бұл дау Жоғарғы сотта шешілді, бұл жергілікті атқарушы органдардың «Unit Energy Investment» ЖШС-не қойған талаптарының дұрыстығын және заңдылығын растайды.

Бұл ретте мынадай сұрақ туындайды, республикалық органдар өкілдерінің ЖЭО-3-ке арналған учаскенің дәл осы «Unit Energy Investment» ЖШС-не бөлінуіне өз мүдделілігі болған жоқ па? 

Жергілікті атқарушы биліктің сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы туралы, қомақты пара талап етуі туралы шулы мәлімдемелер «қызу» тақырыпқа айналғаны сөзсіз, мұндайды хайп үшін пайдаланып қалмау – күнә. Алайда, жалған ақпаратты жан-жаққа таратпай тұрып, мән-жайды анықтау, барлық тараптардың көзқарасын білу артық етпес еді. 

Ақыр аяғында біз нені көріп отырмыз? ЖШС-мен инвестициялық келісімшарт Жоғарғы соттың шешімі бойынша бұзылды, жоғары сатыдағы сот «Unit Energy Investment» компаниясының инвестициялық келісімшартын жарамсыз деп таныды. Семейде аса қажетті жылу электр станциясы міндетті түрде салынады, оны Алмат Ақышов та растап отыр. Тек маңызды инфрақұрылымдық нысанның құрылысы қазақстандық заңнама аясында – ашық әрі тиімді түрде ұйымдастырылатын болады.

Мария Щетинина

 

Мақалада: ИнвесторСемей

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

27.04.2026
Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Қазақстан...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

27.04.2026
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

27.04.2026
Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

Тағамнан улану – микробты немесе микробсыз табиғаттағы, ауру тудыратын микроорганизмдермен не олардың токсиндерімен ластанған тағамдарды тұтыну нәтижесінде туындайтын жедел инфекциялық...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде экономиканы қолдау және ірі инфрақұрылымдық...

Толығырақ...Details

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

27.04.2026
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

8 часов бұрын

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

9 часов бұрын

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

11 часов бұрын

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

11 часов бұрын

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

11 часов бұрын

Алакөлде қауіпсіздік күшейді: жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды

16 часов бұрын

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

16 часов бұрын

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

17 часов бұрын

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС