"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сақалды құрылыстың сыры көп

27 мамыр күні Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Ұлттық ядролық орталығының өндірістік-техникалық бөлімі басшысы Оксана Журина, орталық директоры Марат Сандыбаев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры, техника ғылымдарының докторы Валентина Колпакова және аталған оқу орнының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Александр Хапин қатысты.

01.06.2021
Сақалды құрылыстың сыры көп
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылдың сәуір айында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы базасында елімізде алғаш рет радиофармпрепараттарды қолдана отырып, ауруларды анықтайтын және  емдейтін ядролық медицина орталығы ашылды. Ядролық медицина кластерін құру туралы бастаманы 2009 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын.

Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығының құрылысын мердігер мекеме «ИртышГэсСтрой» ЖШС 2012 жылы бастады. Бірақ мердігер мекеменің жауапсыздығынан үлкен қателіктер орын алып, орталықты іске қосу тоқтатылған болатын. Салдарынан мемлекет қазынасына 2,5 млрд теңге шығын келді. Осы іс бойынша 16 сот отырысы өтсе, оның 4-еуі Жоғары сотта қаралды. Сот шешімімен «ИртышГэсСтрой» ЖШС директоры 8 жыл және 6 айға, ал оның орынбасары 6 жыл және 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Баспасөз конференциясы барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сарапшылары Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының не себепті ертерек іске қосылмағанын түсіндірді. Атап айтсақ, циклотронды, сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау және сақтау жүйесін, позитронды-эмиссиялық томографты және гамма-камераны орнату кезінде өрескел қателіктер жіберілген. Жергілікті мамандар ғана емес, сонымен бірге МАГАТЭ өкілдері де «бұрынғы мердігерлер жобаға мүлдем немқұрайлы қарады» деген қорытынды жасады.

Аталған оқу орнының профессоры, техника ғылымдарының докторы Валентина Колпакованың айтуынша, бұрынғы жүйе тиісті стандартқа мүлде сәйкес келмеген.

— Бұрынғы сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау және сақтау жүйесіндегі дәнекерленген тұстар арқылы радиация өтіп кетуі әбден мүмкін еді. Бұл орталық қызметкерлері мен пациенттердің денсаулығына орны толмас зиян келтірер еді. Ал қолданылған цистерналар жанармай құю бекеттеріне арналған контейнерлердің түрі болып шықты. Барлығы ағаш тіректерде орнатылған. Ал сұйық радиоактивті сәулелерді 132 күн мерзімге сақтау жоспарланған. Ол жүйеде бұл мерзім сақталмай, метан жинақтала бастады. Метан жарылған кезде шахталарда не болатынын бәріміз білеміз. Бұл адам өміріне үлкен  қауіп төндіреді,- деді Валентина Калпакова.

Сонымен қатар радиоактивті сәулелерді өндіретін циклотрон орнатылған тақталардың қалыңдығы да жобаға сәйкес келмеген. Циклотрон жеті жыл бойына орнатылмаған, сақтау шарттары да сақталмаған.

— Радиациядан қорғауға арналған тақтаның жобалық қалыңдығы сақталмады. Тақта бетоннан жасалып, қалыңдығы 2,5 метр болуы керек еді. Егжей-тегжейлі сараптама нәтижесінде бетон тақтаның қалыңдығы бар болғаны сегіз сантиметр екені анықталды.

Бұл қызметшілердің сәулеленуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар циклотронмен тек өндіруші компания ғана жұмыс істей алады. Бельгиялық компанияның өкілдері құрылғыға ұзақ уақыт бойы су тамшылап тұрғанын көргеннен кейін, кепілдеме беру мен қызмет көрсетуден бас тартты. Сондықтан жаңа циклотрон сатып алу қажеттілігі туындады. Мұндай қондырғылардың әлемде небәрі 41 данасы бар. Оның біреуі біздің орталықта орналасқан, — деді Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ӨТБ басшысы Оксана Журина.

Бұрынғы мердігер  позитронды-эмиссиялық томограф пен Siemens Symbia гамма-камерасын орнату кезінде де заң бұзушылықтарға жол берген. Өндіруші компания кристалдар мен БФЭКТ жүйесін ауыстыру қажеттілігі туралы сараптамалық қорытынды шығарды. Мұны «Фирма Азия» ЖШС жүзеге асырды.

— Желдету, электр және сумен жабдықтау жүйелеріндегі кемшіліктер онша маңызды емес болып көрінгенімен, әлемдік деңгейдегі медициналық мекеме барлық стандарттарға сай болуы керек. Инженерлік-техникалық жүйелер іске қосылды, — дейді орталық директоры Марат Сандыбаев.

— Бүгін сіздермен бірге Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында атқарылған жұмыстарды, орнатылған құрал-жабдықтарды көрдік. Жобаны әзірлеуге қатысқан мамандар да қазір осында. Орын алған барлық қателіктер түзетілді. Бүгінде ядролық орталықтың өндірістік-диагностикалық желілері ең жаңа құырлығылармен жабдықталған. Барлық емшараларды арнайы оқудан өткен мамандар жүргізеді. Кадрларды даярлау құрылысты жоспарлау алдында басталды. 2009 жылы ядролық медицина бойынша МАГАТЭ қолға алған бес жылдық жоба аясында ядролық медицина қызметкерлері де оқытылды. Бұл тұрғыда ШҚО әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің медицина қызметкерлерін ұзақ мерзімді оқуға жіберу туралы идеясы үлкен рөл атқарды, — деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Ядролық медицина орталығын іске қосу үш кезеңнен тұрды. Іске қосудың бірінші кезеңінде, 13 сәуірде, радионуклидті диагностика бөлімі ашылды. Диагностика бөлімінде радиофармпрепараттар пайдаланылады. Сол арқылы ағзалар қызметінің бұзылуын анағұрлым ерте анықтауға мүмкіндік туады. Бұл әсіресе онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларда маңызды.

Сәуір айынан бастап БФЭКТ аппараттарында пациенттерге зерттеу жүргізілуде. Мұнда қаңқа, бүйрек, қалқанша без қосалқысы, қалқанша без, бауыр, асқазан, ішек жолдары тексеріледі.

Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығы – онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен емдеуге арналған құралдармен жабдықталған, радиофармпрепарат өндірісі желісін және білікті мамандарды біріктіріп отырған еліміздегі бірегей орталық. Орталық халық қажеттілігін қанағаттандырып, еліміздегі медициналық радиологияны жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Мақалада: Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығысұйық радиоактивті қалдықтар

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

4 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

6 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

6 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

6 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

6 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС