"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Балаға жасалған қамқорлық елдің ертеңі үшін қажет

28.07.2021
Балаға жасалған қамқорлық елдің ертеңі үшін қажет
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Балалардың жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін, толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтулары қажет, оған қолайлы уақыт – жаз айлары. Жаз айларын мектеп оқушылары ерекше күтетінін бәріміз де білеміз. Әрбір бала жазғы демалысты қызықты өткізуді армандайды. Сабақ барысында берілетін демалыс күндері жаз кезіндей еркін демалуға мол мүмкіндік бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының, жалпы, физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Жазғы балалар лагерьлері мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер мен сауықтыру лагерьлері болып бөлінетінін жақсы білеміз. Сәл ертерек уақытта еңбек-тынығу лагерьлері деген болған. Балалар бір мезгіл лагерь маңында жұмыс істейтін еді, белгілі мөлшерде табыс та табатын.

Тәрбиенің үлкені – еңбек. Бала еңбек етіп үйренуі тиіс. Еңбек денені шынықтырып қана қоймай, сонымен бірге адам бойындағы көптеген жақсы қасиеттердің қалыптасуына да бірден-бір себепші болады. Ауызбірлікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, қайырымдылыққа үйретеді.

Қала сыртындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда басты назарды баланың денсаулығын нығайту мен демалуына ғана емес, сонымен қатар физикалык және психологиялык жүктемеден арылып, өзі қалайтын іспен шұғылдануына, оның өз дегенін іске асыруына себепші болатын, тәжірибесін толықтыруға жағдай тудырып, мүмкіндік берер тиімді әдістерге зер салу қажет. Тәрбиелік жүйе шын ниетпен балажандыққа негізделуі тиіс, сонда балалар демалыстарын қызықты, естен кетпестей өткізсе, ал ересектер шығармашылықпен жұмыс істейді. Лагерь тәрбиешілерінің алдындағы жауапкершілік өте үлкен. Демалыстың толыққанды, қызықты өтуі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне педагогикалық мәдениетіне, балаларды кызықтыра білуіне байланысты. Бұл ретте халқымыздың ұлттың ойындарының алар орны ерекше. Қазақтың қай ойынын алап қарасаңыз да, тапқырлық пен табандылықты, біліктілікті талап етеді. Ұлттық ойындарымыз тек ойын-сауық емес, ол – спорт, ол – өнер, ол – шаруашылық істерінде маңызы бар тәрбие құралы. Сондықтан баланың зеректігін арттырып, зейінін ашатын, шынықтыратын, ширықтыратын сан түрлі ұлттық ойындарды жазғы демалыс уақытында ойнатуға болады.

Семей  қаласы білім бөлімі мамандарының айтуына  қарағанда, биылғы жазғы каникул кезінде жасөспірімдердің демалуы мен денсаулығын түзеу бағытында көптеген шаралар ұйымдастырылыпты. Жазғы демалысты ұйымдастырудың республикалық тұжырымдамасына сәйкес қалалық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары жасалған. Аталған комиссияның құрамына білім саласы мен  Бородулиха және Бесқарағай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және өрт қауіпсіздігі басқармаларының өкілдері тартылған.

Биылғы жылы қала сыртындағы лагерьлерге бюджеттен  4 млн 375 мың теңге бөлініпті. Әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардың балаларының демалысы үшін, атап айтсақ 1174 балаға бюджеттен 54,6 млн теңге қарастырылған. ҚР бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы №67 қаулысына сәйкес, жолдама құнына ПТР — тестінің құны да енгізілген.

Тегін жолдамаларды рәсімдеу ЭҚО (электронды қызмет орталығы) арқылы жүзеге асырылады.

Жазғы демалыс балаларды сауықтыру және жұмыспен қамту сынды 2 бағытта ұйымдастырылуда. Екінші бағыт бойынша ауыл мектептері шаруа қожалықтарымен әріптестік орнатуды жалғастыруда. Оқушылар күзгі егін жинау барысында Приречный ауылындағы «Дар»,  Мұздыбай ауылындағы «Арман» шаруа қожалықтарында жұмыс істейді. Ата-аналарының келісімімен балалардың жас мөлшерлері, жұмыс уақыты және еңбек қауіпсіздігіне қатысты шектеулер еңбек заңнамасындағы нормаларға сәйкес белгіленеді.

Жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, еңбекке араласады, жаңа достар табады. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғы шарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті.

 Ұзақбек АТАНБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

Мақалада: жазғы демалыслагерьСемей

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

10 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

10 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

10 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

1 день бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС