"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат

02.09.2021
Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне көрнекті мемлекет қайраткері, халқымыздың біртуар тұлғасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі берілді. Алаш қозғалысы жетекшісінің туғанына 155 жыл толуына орай, университетте «Әлиханның Семейге оралуы» атты тақырыптық концепция аясында бірқатар қоғамдық, ғылыми және мәдени іс-шаралар өтті.

Іс-шаралар легі өткен жұма, 27 тамыз күні білім ордасының бас ғимаратында «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциядан басталды. Бұл күні сондай-ақ оқу ордасында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті.

Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның тарихи-мәдени орталығы» атаған киелі Семейде көрнекті мемлекет қайраткері, халқымыздың біртуар тұлғасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 толуына және университетке есімі берілуіне орай өткен конференцияға оқу орны ректоры Шырын Асылханқызы Құрманбаева, академик Ғарифолла Есім, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, әлихантанушы, алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы, аталған университеттің түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Амантай Шәріп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры, тарихшы, шежіреші ғалым Мұхтарбек Қарпықұлы, осы оқу орнының профессоры, тарихшы, шежіреші ғалым Амантай Исаұлы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері, әдебиеттанушы, алаштанушы ғалым Тұрдықұл Шаңбай, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев және алаштанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама оқыды.

Университет құрылтайшылары оқу орнының ұстаздары мен білім алушыларының, Семей жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оқу орнына мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін беру туралы тоқтамға келген. Білім ордасының ректоры, профессор Шырын Құрманбаева мұндай қадам – ел тарихы мен Семей қаласы тарихына әрі ұлт мүддесін ту еткен Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

— Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы белесінде мемлекетіміз бен қоғамымыздың үздіксіз даму үдерісіне орасан зор ықпалы бар жасампаз идеяларды бүкіл халық болып жүзеге асырудамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласының мәртебесін тарихи- мәдени орталық ретінде ерекше айшықтаған және оны заманауи жаңғырту міндеті жөнінде айтқан аса ардақты сөздері бар.

Осы ретте Семей қаласы мен өңірінің білім жүйесінде Әлихан Бөкейхан есімін жаңғырту ісі өзекті деп айтар едім. Бұл тұрғыда республикалық жоғары білім кеңістігінде өзіндік орны бар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы Президентіміздің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында және республика жұртшылығының қолдауымен «Әлихан Бөкейхан университеті» болып ауысты.

Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған Тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл сонымен қатар университет құрылтайшылары мен білім алушыларының ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрметі.

Әлемдік ағартушылық қағидаттарын ұлттық мүддемен үйлестіре ұсынған қайраткер есімін иеленген университет үшін ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңірген, ел игілігі жолында ерен еңбек ететін мінезді азамат, білікті маман даярлап шығару — зор мақсат һәм биік белес!

Әлихан Бөкейхан университеті өз миссиясы мен алдағы уақыттағы қызмет болмысын жаңашыл санатта көреді. Біз қоғам тынысын терең сезінетін, мемлекетіміздің даму үдерісіне белсене араласа білетін әлеуметтік жауапты университет болуға ұмтыламыз!- деді Шырын Асылханқызы.

Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат

Шара барысында университеттің жаңа логотипі, фирмалық түстері мен брендік топтамасы, оқу орны қабырғасындағы «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының жұмысы таныстырылып, Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмірі және қызметіне қатысты тың деректер көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

Ресми шара барысында университет атауының ауысуына байланысты Президент әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен, жоғарғы оқу орындары мен ресми билік өкілдерінен, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан келіп түскен видеоқұттықтаулар көрсетіліп, телеграммалар оқылды. ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли де университет ұжымын видео арқылы құттықтады.

— Бүгін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті атауын қазақтың мемлекеттік және саяси-қоғам қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханға беріп, еліміздің білім саласындағы елеулі оқиғаға себепкер болып отыр. Қазыналы қарт Семей қаласы қашанда Алаш идеясының алтын ұясы, тал бесігі болып қала береді. Өздеріңіз білетіндей, ХХ ғасырдағы Алаштың прогресшіл тұлғалары осынау шаһарды үлкен ұлттық идеяларымен рухани дүмпудің орталығына айналдырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алаш арыстары заманның сын-қатеріне қарамай, қазақ елінің мемлекетшілдік идеясын жаңғыртты»,- деп Алаш қозғалысына саяси баға берді. Семей шаһарының Алаш үкіметінің астанасы болуы да тегін емес. Сонау ХІХ ғасырдан, тіпті арғы замандардан Семей ғылым мен мәдениеттің, руханияттың орталығы болды.

Азаттық үшін өз өмірін құрбан еткен алып тұлғаның есімін иеленген университеттің жұлдызы ұзақ жанатынына сеніміміз мол. Бұл бастама еліміздің басқа да білім ордаларына үлгі болады деп сенемін. Осы орайда білім ордасының ұжымына, конференцияға қатысушыларға зор алғысымды айтамын. Ел үшін күн күлмей, түн ұйықтамай қызмет ететін қайраткерлер босағаларыңыздан түлеп ұша берсін деп тілегім келеді. Әлекең айтқандай, «Ұлттың жоғын ояу жүріп іздейік!»- деп құттықтауын білдірді Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли.

Оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімге, профессор, әдебиеттанушы ғалым Арап Еспенбетовке, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдіге және профессор, алаштанушы, абайтану ғалым әрі жазушы Тұрсын Жұртбайға Әлихан Бөкейхан университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.

Конференциядан соң университеттің бас ғимаратының кіреберісінде Әлихан Бөкейхан мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, белгілі мүсінші Анарбеков Талғат Абдукаримұлы.

Мүсінді шараға арнайы шақырылған Әлихан есімді балалар ашты.

Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат

— Іс-шараға жас Әлихандарды шақырудың үлкен символикалық мәні бар. Білім ордасы — ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын бірден-бір орталық. Кешегі Әлихандар арман еткен Ұлт мұраты бүгінгі зиялы қауым, ел азаматтары, білім жолындағы докторанттар, магистранттар мен студенттер және осындай жас өрендермен жалғасады. Жалпы, «Әлихан» есімі соңғы 10 жыл ішінде дүниеге келген ер балаларға ең жиі қойылған есім екен. Мұның өзі Әлихан сынды Ер есімі ел есінде мәңгі жаңғыра беретінінің айқын айғағы,- деді Ш. Құрманбаева.

Іс-шаралар аясында сондай-ақ университеттің Абай көшесі, 94 мекенжайындағы оқу ғимаратының қасбет қабырғасына Алаш қайраткерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Тақтаның ашылу салтанатына қала басшылығы, алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым және білім алушы жастар қатысты.

Бірегей тарихи миссияға адал болу – университетке артылған аманат

Әлихан Бөкейхан университетінің бас ғимаратында ғылыми-практикалық конференциямен қатар «Әлихан Бөкейхан және Семей» тақырыбындағы архив құжаттары мен кітаптар көрмесі және «Алаш арыстары» музейінің көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шаралар легі күннің екінші жартысында конференцияға қатысушылардың Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.

Әлихандай тұлғаның есімін алу университетке, оның басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне және білім алушыларына үлкен жауапкершілік артатыны сөзсіз. Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің жұлдызы биікте жарқырай берсін!

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Мақалада: Әлихан БөкейханҚазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Ұқсас жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

15.06.2026
Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

Туристік маусымның қызған шағы қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөл жағалауында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай жүргізуге бағытталған...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

15.06.2026
«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

15.06.2026
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Заң бойынша әскерге шақырудан қандай жеңілдіктер немесе кейінге қалдырулар қарастырылған?   Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

9 часов бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

9 часов бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

1 день бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

1 день бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 день бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

4 дня бұрын

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

4 дня бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

4 дня бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС