"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ» ҰЛЫБРИТАНИЯ ТӨРІНДЕ

06.10.2021
«ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ» ҰЛЫБРИТАНИЯ ТӨРІНДЕ
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлы дала алтыны» атауымен ерекше көрме ашылды. Оған біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды жәдігерлер қойылды.

ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ

Ұлыбританиялықтарға сонымен қатар Берел, Шілікті және Елеке сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжалар ұсынылған. Ал олардың ішіндегі ең бағалы экспонаттардың бірі — киімдері 15 000 алтын бұйымдардан тұратын Алтын адам.

— Бұл — Ұлыбританияға және бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік. Меніңше, бұл — жаһан тарихын қайта жазатындай тарихи жағдай. Ішіне талай сырды бүккен археологиялық қазбаларды зерттей отырып, талай ғылыми жаңалықтарды бірге ашамыз деген ойдамын, — деді Фицуильям мұражайының директоры Люк Сайсон көрменің ашылу салтанатында.

Бүгінде отандық археологтер қорғандардан табылған жәдігерлерді британиялық әріптестерімен бірге зерттеп келеді. Кембридж университеті жанындағы Макдональд археологиялық зерттеу институтының ғалымдары жаңа технологияларды қолдана отырып, бірегей артефактілердің құпияларын ашып жатыр.

— Біз микроанализдер жасаймыз. Заманауи микроскоптың көмегімен ежелгі сақтардың қандай технологиялар пайдаланғанын және қолөнер бұйымдарын қалай жасағанын зерттей аламыз, — деді көрме кураторы Ребекка Робертс.

— Бүгін біз сіздерді «Ұлы дала алтыны» көрмесінің ашылуында көргенімізге қуаныштымыз. Бұл шара Қазақстан — Британ қарым-қатынасын нығайта түсетіндігі сөзсіз. Көрме көпшілікті бірегей жәдігерлермен таныстырып қана қоймай, көрнекті мәдени және терең тарихы бар елдер – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени мұра алмасуды жалғастыра түседі.

«Ұлы дала алтыны» — екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты күшейте түсудегі тағы бір маңызды қадам. Көрме ізгі ниет пен өзара сыйластықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Көрме британдық ғылыми қауымдастықты ғана емес, ежелгі тарихқа қызығатын азаматтардың барлығын біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Ұлы даланы мекендеген көшпелі сақтардың өркениетімен таныстырады. Экспозицияда ата-бабаларымыздың қолынан жасалған ерек туындылар ұсынылған. Бұл заттар ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен және металлургия саласында бірегей мәдениет пен терең білімге ие болғанын паш етеді. Назарларыңызға қойылған жәдігерлерді қазақ археологтері Шығыс Қазақстан аумағында біздің заманымыздан бұрынғы 7-6-ғасырлардағы сақ элитасының қорғандарынан тапқан. Бұл кезең ежелгі қазақ тарихында «алтын ғасыр» деп те аталады. Ең көрнекті жәдігерлердің бірі — киімінде 15000 алтын бұйымы бар «Алтын адамның» қалдықтары. Сақтар элитасының қорымдары қымбат металдар және тастармен безендірілген сәнді киімдермен, сондай-ақ бай әбзелдермен көркемделген жылқыларды қоса жерлеумен ерекшеленеді. «Ұлы дала алтыны» көрмесі Ұлыбританияның ғылыми ортасы мен қалың жұртшылығының назарын аударып, қызығушылығын оятатынына сенімдімін,- деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, осындай бірегей алтын артефактілер еуропалық аудиторияға алғаш рет ұсынылып отыр. Оларды британиялық БАҚ «халықаралық археологиялық сенсация» деп атады. Экспозицияны келер жылдың 30 қаңтарына дейін тамашалауға болады.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫНЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

12 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

12 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС