"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА АРНАЛДЫ

22.10.2021
ядролық полигон
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған конференция өтті. Аталмыш басқосуда «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудың келешегі және проблемалық тұстары қаралды.

Конференцияға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің атынан Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.

— Әлемге ұлы ойшыл Абайды, данышпан Шәкәрім мен мұхит ойлы Мұхтарды сыйлаған текті топырақта, қиын-қыстау жылдары бақытсыздыққа ұшыраған ағаларымыз бен әпкелерімізді қабылдап, оларды құшағына алып, жылытқан қасиетті жерде, осы конференцияда басымызды қосуымыз кездейсоқ емес. Семей жерінде адамзаттың ғылыми жетістіктері үшін көптеген ауыр сынақтар өткізілді. Тек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында тыныштық орнап, бүгін Семей қаласы Қазақстанның тарихи және рухани орталығына айналды, – деді Бақытжан Байахметов.

40 жыл ішінде Семей сынақ полигонында 473 ядролық жарылыс болды. Қазақстан аумағында болған барлық ядролық жарылыстардың жалпы суммарлық қуаттылығы 50 мегатоннан асты. Радиоактивті қалдықтар 1,7 млн адам тұратын 304 мың шаршы шақырым аумаққа таралды. Семей облысы экологиялық апат аймағына айналды. Бүкіл аумақ жарылыс өнімдерімен ластанды, миллионнан астам адам түрлі диапазон дозасында радиация сәулесін алды.

— Алайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шешуші қадам жасап, ядролық қаруды сынауға мораторий жариялады. 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқының қолдауымен қауіпсіз болашаққа қадам бастап, Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы № 409 Жарлыққа қол қойды, — деді шаһар басшысы.

Конференцияға Ресей Федерациясының делегаттары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы филиалдарының, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының және үкіметтік емес ұйымдардық өкілдері қатысты.

Видеоконференция режімінде қатысушыларды Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, ақын, жазушы, «Невада» антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов құттықтап, тарихи естеліктерімен бөлісті. Оның айтуынша, сынақ полигонын жабу арқылы еліміз миллиондаған адамның өмірін радиологиялық сәуледен құтқарып қалды.

Қатысушылар өз кезегінде Семей ядролық полигонының қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсері, полигонды жабудың тарихи фактілері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының ядролық қаруды таратпау саласындағы рөлі туралы айтты.

Семей қалалық әкімдігінің қолдауымен конференция қонақтары үшін Жидебай және Курчатов қаласына саяхат ұйымдастырылды.

Мақалада: Семейядролық полигонЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

11 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

20 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

20 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

21 час бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС