"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНУДА

23.12.2021
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНУДА
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда облыстық әкімдікте аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылысы 2022-2025 жылдарға жоспарланған өтпелі жобалар мен тұрғын үй жобаларын іске асыру жөнінде арнайы кеңес өткізді. Басқосу барысында аталмыш сала бойынша алдағы жылдары орындалатын жұмыстарға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Даниал Кенжетайұлы атап өткендей, бүгінгі таңда 171 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену сатысында, ал бұл дегеніміз 650 мың шаршы метрден астам тұрғын үй. Естеріңізге сала кетсек, биыл аймағымыз бұл бағытта алғаш рет миллионыншы белгіден асты. Ал соңғы жылдардағы көрсеткішке сәйкес, Семей қаласы құрылыс қарқыны бойынша алғаш рет облыс орталығын басып озды. Осы көрсеткішті төмендетпей, алдағы жылдарға ұтымды жоспар қою керек.

— Өңірде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы жақсы жолға қойылған, коммерциялық және несиелік үйлер салынуда. Өйткені  сұраныс жоғары. Қаржыландыруды бірінші болып биылғы жылы жақсы нәтижелер көрсеткен аудандар алатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ біз еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінен құрылыс компанияларын осы жылы қайтадан тартуға дайынбыз, — деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар аймақ басшысы әлеуметтік және мәдени объектілер салуды жоспарлау, оның ішінде барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды жүргізуге 2023 жылы қандай қосымша қаржыландыру қажет екенін есептеу қажеттігін де еске салып өтті. Облыс басшысының айтуынша,  қарқынды бәсеңдетпеу керек және 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр тұрғын үй салу маңызды болып отыр.

Осы орайда айта кетсек, коммерциялық тұрғын үй құрылысы аймақтағы перспективалы бағыттардың бірі болып саналады. Аймағымызда құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Оны статистикалық деректер дәлелдейді. Мәселен, 2019 жылы ШҚО-да 32 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынған. Ал биылғы көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Жалпы ауданы 244 мың шаршы метрді құрайтын 36 үй тұрғызылған.

— Өңірде құрылыс жаңа схема бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет барлық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымымен жер учаскелерін береді. Сондай-ақ «Ертіс» ӘКК 25 пайыздық үлестік қатысумен кіреді. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыдан келген көптеген компаниялар осы жобаға бірінші болып қатысуға келісім білдірді. Кейбіреулер құрылысты бастап кетті,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар ШҚО құрылыс басқармасы алдағы бес жылға арналған коммерциялық тұрғын үй құрылысының перспективалық жоспарын жасайды. Бұл ретте үлкен жұмыс тәжірибесі мен дәлелденген қаржылық жағдайы бар сенімді компаниялар ғана таңдалатын болады.

Бір айта кетерлігі, олар дайын типтік жобаларды қолдана алады. Өскемендегі Нұрлы жол және Спорт шағын аудандарында 34 тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ әзірленген. Жоспарда айналма жолдардың жанында құрылыс жүргізу, сондай-ақ облыстың басқа қалалары мен аудандарында коммерциялық тұрғын үй салу бар.

Тек облыс орталығында ғана 2025 жылға қарай үш миллион шаршы метрге жуық жаңа тұрғын үй салынады. 21-ші, 25-ші және 28-ші тұрғын аудандарда құрылыс қарқынды түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, кеңес барысында облыс әкімі айтып өткендей, «Бір қабатты Шығыс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс белсенді жүргізілуде. Семей, Риддер және Өскеменде, сондай-ақ облыс аудандарында жаңа үйлер пайдалануға берілді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: Облыс жаңалығытұрғын үй

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

31 минута бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

44 минуты бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

55 минут бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

59 минут бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС