"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІР ДАМУЫНДА ОҢ ДИНАМИКА БАР

23.12.2021
ӨҢІР ДАМУЫНДА ОҢ ДИНАМИКА БАР
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қалалық ақпарат орталығында шаһар басшысы Бақытжан Байахметовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Қала әкімі БАҚ өкілдері алдында ҚР Президенті Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы және Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында кең көлемде әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Алдымен Семей өңірінің биылғы жылдағы дамуы туралы сөз қозғаған Бақытжан Кәкенқажыұлы қаладағы құрылыс қарқыны туралы айтып берді.

Бұл орайда, қала әкімі айтып өткендей,  қарқынды өсім байқалуда.

— Тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуі өткен жылмен салыстырғанда 102 пайызды құрайды. Жақсы динамикалық даму бар. 416 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Қарағайлы шағын ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда, қала орталығында да үйлер салынып жатыр. Өсу тенденциялары жақсы. Жыл сайын біз бюджет қаражаты есебінен үйлердің құрылысы үшін шамамен 9 млрд теңге игереміз, — деді әкім.

Сондай-ақ Бақытжан Байахметов құрылыс қарқыны алдағы жылы да төмендемейтінін атап өтті. Бұл саланы облыс әкімі Даниал Ахметов те назарда ұстап отыр.

– Бізде мемлекеттік бағдарламалар бойынша да, жеке капитал арқылы да тұрғын үйлер салынатын болады. Қазіргі күні мемлекеттік бағдарламалар бойынша Қарағайлы шағын ауданында 37 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қалғандары коммерциялық бағытпен орталықта, қаланың оң және сол жағалау бөліктерінде салынуда. 2023 жылы да тұрғын үй құрылысы жалғасады. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке капитал бойынша үйлердің құрылыс көлемі мен қарқыны теңеседі, — деп толықтырды сөзін Байахметов.

Сонымен қатар қала басшысы қазіргі таңда «Отбасы банкі» өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын да баса атап өтті.

Өткен жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 10 үй салынған.  Биыл 53 үй тұрғызылыпты. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағдарламалары бойынша аталмыш  банкпен келіссөздер жүргізіліп, клиенттік базалармен салыстырылуда. Жалпы алғанда, салынған үйлердің сапасы жақсы.

Бақытжан Байахметов сонымен қатар Семей өңірінде ауыл шаруашылығының даму болашағы зор екенін де атап өтті.

– Ірі қара мал басының өсуі 100 пайыздан астам, ұсақ мал 174 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығының даму болашағы зор. Сонымен қатар қазіргі таңда өсімдік шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Келесі жылы іске асырылатын бірнеше бағдарламалар бар, – деді Б. Байахметов.

Бақытжан Кәкенқажыұлы егіс алқаптары ұлғайтылатынын да тілге тиек етті.

– Біздің өңірімізде суармалы алқаптарға айналдыруға болатын бос жерлер көп. Осы жылы біз тек 15 мың гектарды ғана пайдаландық, біз бұл алқаптарды әлі де бірнеше есеге дейін ұлғайтып, жүз пайыздық өтемі бар май экстракциялық зауытты шикізатпен қамтамасыз ете аламыз, — деп атап өтті қала әкімі.

Баспасөз мәслихаты барысында шаһар басшысы жылу беру мәселесіне де тоқталып, қала көлеміндегі жылу қазандықтарын жаңғырту жұмыстары нәтижесін беретінін айтты. Алайда шешілуі тиіс мәселелер әлі де бар.

— Жылу сапасына келетін болсақ, биылғы жылы жүргізген жұмыстарымыз өз нәтижесін беруде. Барлық қазандықтарда қуаттылықты арттырдық. Өткен жылғы тапшылық сағатына 107 Гкал құраған болатын. Қазандықтарға түсетін жүктеме шамамен 30 пайызды құрайды. Екі аптада бір рет тексеріп отырамыз. Биыл қысты бірқалыпты өткіземіз деген ойдамыз. Қазіргі таңда гидравликалық есептеулер жүргізілуде. Жалпы, жылу мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді, — деп атап өтті әкім.

Айта кетерлігі, қолға алынған барлық жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Алайда гидравликалық есептеулер жүргізу жұмыстары әлі де жалғастырылуда. Арнайы датчиктер барлық жерде орнатылған. Басты міндет бір көзден жылу берілетін нысандарға жылуды біркелкі бөлу болып отыр.

Сонымен қатар Бақытжан Байахметов Семейде ЖЭО салу үшін дұрыс есептеулер жасалу керектігін атап өтті. Бұл ретте жаңа ЖЭО салынғаннан кейін қала бойынша 300 шақырымнан астам жылу жүйесін ауыстыру қажет болады екен. Сондықтан да ЖЭО салу алдын ала тыңғылықты ойластыруды қажет етеді.

Қазіргі таңда ЖЭО құрылысының мүмкіндіктері жан-жақты зерделеніп жатыр. Қала басшысы Түркияда болып, ол елдегі ЖЭО-дағы жаңа жабдықтармен танысып, мәселенің мәніне тереңінен үңілген.

Сөз орайында әкім қазандықтардан шығатын қою қара түтін туралы да айтып өтті. Бақытжан Байахметов қазандықтарға орнатылған циклондық сүзгілер көңілден шықпайтынын айтып, оларды ауыстыру мәселесі қарастырылатынын жеткізді. Жалпы, бұл мәселені шешуде ескеретін жайт көп.

Сөз ретінде Бақытжан Байхаметов қала халқы көмір қорымен қамтамасыз етілгенін айтты.

— Көмір жеткізуде мәселе туындап отырған жоқ. Екі жеткізушімен шарт жасалды. Халықтың негізгі бөлігі көмір сатып алды. Кейбір тұрғындар шағындап алады. Негізінен, халықты көмірмен қамтамасыз ете алдық, — деді қала басшысы. Қазіргі таңда қатты отынға тапшылық жоқ.

Жиын барысында қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы алдағы жылы Семейде тағы 64 шақырымнан астам жол асфальтталатынын жеткізді. Бұл ағымдағы жылы жөнделген көшелер санынан екі еседей көп. Сонымен қатар қала көшелеріндегі жолдарда тағы да 50 оң бұрылыс салу жоспарланып отыр. Ал биыл қала бойынша жалпы ұзындығы 30 шақырым жол асфальтталыпты.

— Қала ішіндегі жолдардың жағдайы онша жақсы емес, 60 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Шамамен 240 шақырым жол асфальтталған. Олардың 41 пайызы жыл басында қанағаттанарлықсыз жағдайда болды. Сондай-ақ шеткі аудандардағы  жолдар да назардан тыс қалмауы керек. Биылғы жылы біз 80–ге жуық жол жасадық.  Грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 30 шақырым жолды асфальттадық. Көліктер көп жиналатын жерде 12 оң жақ бұрылыс жасалды, — деді Бақытжан Байахметов.

– Келесі жылы 64 шақырым жолды асфальттауды жоспарлап отырмыз. Биыл негізгі назар қала шетіндегі жолаушы тасымалдайтын автобустар жүретін көшелерге аударылды. Жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды, — деп атап өтті қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша, 50 оң бұрылыс салу жоспарлануда. Бұл жұмыс облыс әкімінің ерекше бақылауында тұр. Сонымен қатар алдағы жылы көше жарығын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Бірінші жарты жылдыққа 49 көше жоспарланған, екінші жарты жылдықта ешқашан жарықтандырылмаған көшелерде шамдар орнату межеленіп отыр.

Алдағы уақытта сонымен қатар бірнеше көшені, соның ішінде бірінші кезекте Шәкәрім даңғылы мен Өскемен көшесін кеңейту жоспарланып отыр.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байхаметов сөз орайында COVID-19-дың жаңа штамымен күресу,  «омикронға» дайын болу керектігі жайлы айта келе, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жасөспірімдерді вакцинациялау жайына да тоқталды.

— Pfizer вакцинациясымен екпе салу науқаны белсенді түрде жүргізілуде. Аурудың күнделікті өсуі — 6-дан 10 адамға дейін. Қазір әлемде жаңа штамм – «омикрон» пайда болды. Бұл — өте жұқпалы штамм, сондықтан да дайын болу керек. Коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі вакцинация екені белгілі, – деп атап өтті қала әкімі.

Баспасөз мәслихатында Семей көшелеріндегі маршруттық желіні кеңейту шарасы жоспарланып жатқаны да айтылды.

— Қоғамдық көліктерге  қатысты сұрақтар жиі қойылады. Менің жеке парақшама да шағымдар түседі. Бұл сұрақтар талданады. Бұрынғы көптеген маршруттар қазір жоқ. Бірақ оларды қайтару мәселесін қарастырамыз. Бізде автобустардың саны жеткілікті, тіпті 10 маршрут қоссақ та, — деді әкім.

Автобус бағыттарының санын арттыруға байланысты жұмыстар келесі жылы басталады.

– Қала көлемінде 2018 жылға дейін 50 маршрут болды. Келесі жылы билеттеу және басқа да мәселелерді ескере отырып, маршруттық желіні кеңейтетін боламыз, – деді Бақытжан Байахметов.

Қала басшысы барлық мәселелер қала тұрғындарының ұсыныс-тілектері ескеріле отырып қарастырылатынын айтты.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Баспасөз мәслихаты

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

5 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС