"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҒЫМЫЗДА 65 ЖАҢА НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

21.12.2021
ЖАҢА НЫСАН
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Логотип Тәуелсіздікке 30 жыл

 Шығыс Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар ел егемендігінің мерейтойын арқау еткен мәдени шаралар да өткізілді.

Мереке қарсаңында барлық қалалар мен аудандарда әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылуы, аймақтың дамуына зор үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімдері өтті.

Алтай ауданының орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар кітапханасы ашылды. Мұнда балалардың шығармашылығын дамытуға, танымдық қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндіктер жасалған.

Ал Ұлан ауданы Герасимовка ауылында екі бірдей нысан ашылды. Ауыл тұрғындарының игілігіне жаңа балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ ауылда 400-ден астам ауланы таза ауыз сумен қамтамасыз ететін орталық су құбыры іске қосылды. Жоба «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

Ұлан ауданының Сағыр ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. 1981 жылы салынған бұрынғы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты 90 млн теңгеге жөнделіп, жаңа жиһаздармен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ал Жарма ауданында қуаты 30 МВт-ты құрайтын  жел электр станциясы іске қосылды. Бүгінде бұл — жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған «жасыл экономиканың» ең ірі жобаларының бірі саналады. Аталмыш шараға Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин арнайы қатысып, жаңа нысанның лентасын салтанатты түрде қиды.

Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысы жауынгерлері мен батырларының, Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне Батырлар аллеясы ашылды.

Көкпекті ауданының Самар ауылында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Ал Үлкенбөкен және Сарыбел ауылдарында шағын футбол алаңдары ашылды.

Жалпы, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шығыс Қазақстанда барлығы 140-тан астам іс-шара өтіп, 65 жаңа нысан тұрғындарға есігін айқара ашыпты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  ел шығысында мәдени шаралар да көптеп өткізілді. Мәселен, облыс орталығы Өскемен мен Семей қалаларында көрмелер ұйымдастырылды. Семей шаһарындағы Ф.М.Достоевский атындағы музейде павлодарлық суретші В.Поликарповтың «Родительница степь» атты көрмесі өтті. Экспозицияға суретшінің қазақ даласының сұлулығын бейнелейтін оннан астам туындылары қойылған.

Ал Невзоровтар отбасы атындағы музейде келушілердің назарына 40 суретшінің картиналары ұсынылды. Оның ішінде пейзаждар, портреттер, натюрморттар, иллюстрациялар, тарихи-тақырыптық композициялар бар. Жиналған жұрт кескіндеме, графика, мүсін және инсталляция өнері туындыларын тамашалады.

Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде ұйымдастырылған көрменің тақырыбы «Тәуелсіздік — ел бақыты» деп аталды. Көрменің ашылуына қала әкімі Бақытжан Байахметов қатысып, жиналғандарды жалпыұлттық мерекемен құттықтады.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАҢА НЫСАН

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

8 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

8 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

8 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

8 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

8 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

8 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

8 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

8 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС