"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АГРОӨНЕРКӘСІПТІҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ

07.11.2021
АГРОӨНЕРКӘСІПТІҢ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кәсіби мереке

 Қалалық Мәдениет сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық саласы еңбеккерлері мен ардагерлері және жергілікті билік өкілдері қатысты.

Бақытжан Кәкенқажыұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 43,6 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30 пайызға өскен. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған баяндамасында айтылды.

Семей қаласының әкімі өңірдің аграрлық саладағы жоғары экономикалық көрсеткіштерін атап өтті. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 103,4 пайызды құрады. 2021 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 958,7 млн теңгеге, немесе 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 324,8 пайызға жетті.

Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрлерінің шығымдылығы, оның ішінде дәнді дақылдар 30 пайызға, майлы дақылдар 16 пайызға, картоп 20 пайызға, көкөністер мен бақша дақылдары 14 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алудың арқасында 10 айда өсімдік шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 25323,6 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары.

Жыл басынан бері 7,9 млрд теңге сомасына 3 инвестициялық жоба — өсімдік майын өндіру бойынша май экстрациялық зауытының құрылысы, «SEMEI QUS» ЖШС тауарлық жұмыртқа шығару және «Приречное» агрофирмасында қосымша 5 жаңбырлатқыш агрегат орнату пайдалануға берілді.

2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға 1816,5 млн теңге субсидия бөлінді.

— Біз сіздердің еңбектеріңізді мақтан тұтамыз. Біздің құнарлы жерімізде өсірілетін өнімдер бүкіл Қазақстанға танымал! Әрине, ел Үкіметінің аграрлық секторды дамытуға бағытталған күш-жігері өз жемісін беруде. Ауыл еңбеккерлеріне өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік мол. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және халқымыздың, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жоғары жетістіктер тілеймін!- деп Бақытжан Байахметов ауыл шаруашылығы саласы ардагерлері мен еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиында еңбегімен ерекшеленген сала қызметкерлері марапаттарға ие болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен «Балабек» шаруа қожалығының басшысы Аманжол Суықбаев марапатталды. Семей қаласы әкімінің грамоталары «Восток бройлер» ЖШС директоры Төлеужан Жексембаев, «Семей құс» ЖШС директоры Марат Анаев, «Кондиз» ЖШС директорының орынбасары Әділбек Акимов, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Гүлжан Тасыбаева, Қараөлең ауылдық округінің «Мендеке»  шаруа қожалығының басшысы Тәңірберген Тұрысбеков және тағы басқа сала мамандарына салтанатты түрде табыс етілді.

Ал Семей қаласы әкімінің aлғыс хатымен Озерки ауылдық округіндегі «Баршын» шаруа қожалығының басшысы Наиль Козлов, «Приречное» агрофермасының жүргізушісі Иван Золотухин және басқалар марапатталды.

Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Мақалада: АГРОӨНЕРКӘСІПТІҢ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

14 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

14 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

14 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

15 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС