"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА — ВОЛОНТЕРЛЕР

07.12.2021
ВОЛОНТЕРЛЕР
61
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықаралық Еріктілер күні

 Халықаралық Еріктілер күні қарсаңында, 3 желтоқсан күні, Абай кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, техникалық және кәсіптік бағытта білім беру студенттері арасында халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Ашық жүрек» атты волонтерлер слеті өтті. Слетке еліміздің өзге қалалары мен көрші мемлекеттердің волонтерлері онлайн форматта қатысты.  

Халықаралық Еріктілер күні қарсаңында «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен волонтерлер слетіне 80-нен астам ұйым қатысты. Слетті ұйымдастырушылардың  мақсаты — еріктілердің үздік тәжірибелерімен алмасу, диалог алаңын ұйымдастыру, еріктілер қозғалысын насихаттау.

Шараға Великий Новгород қаласынан Я.Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті жанындағы медициналық колледж, Санкт-Петербург қаласынан В.М.Бехтерев атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі, Минск қаласындағы Беларусь мемлекеттік медициналық колледжі, Витебск қаласынан академик И.П.Антонов атындағы Витебск мемлекеттік медициналық колледжі және басқа да білім мекемелерінің волонтер студенттері Zoom платформасы арқылы қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

— Қала әкімі атынан барлықтарыңызды волонтерлер слетінің ашылумен құттықтаймын! Бүгін, 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күнінде бас қосып отырғанымыз тегін емес. Себебі олар Сіздердің қамқорлықтарыңызды қажет ететін қоғамымыздың ерекше тобы. Осында отырған барлықтарыңызды мейірімділік, қайырымдылық, ашықтық, гуманизм сияқты ортақ қасиеттер біріктіреді. Кез келген қоғам еріктілерге мұқтаж. Сіздердің қажырлы да қайтарымсыз еңбектеріңіз мемлекетімізді жаңа деңгейге көтереді,- деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

«Авиценна» жоғары медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Ахметова да волонтерлерді құттықтап, слет жұмысына сәттілік тіледі.

Слет барысында еріктілер өзара тәжірибе алмасып, алдағы жұмыс бағытын белгіледі.

Осы күні қаламыздың үздік эко-еріктілері Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайында бас қосты. Оларға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және қала әкімі Бақытжан Байахметовтің алғыс хаттары мен сыйлықтары табыс етілді.

Марапаттау кешінде қаладағы «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының президенті Жанна Жибраева экологиялық білім беруге баса көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

– Ел Президенті волонтерлер қозғалысы туралы аз айтып жүрген жоқ. Мемлекет басшысының атап көрсеткен бір саласы – эковолонтерлік. Табиғатты қорғау ХХІ ғасырдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушыларға экологиялық білім беруді арттыруымыз керек. Бұл салада жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен жеткіліксіз. Үлкендердің өзі экологияны қорғауға бейжай қарайды. Балалар арқылы, жастар арқылы біз ересектерге әсер ете аламыз деп ойлаймын. Айта кетейін, жуырда біздің ұйымдастыруымызбен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған экотерапиялық кабинет ашылады,- деді Жанна Жибраева.

Шара барысында «Исток» қоғамдық қорының директоры Людмила Михайлова, «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Людмила Асташкина, «Ертіс» өлкетану қоғамының негізін қалаушы Павел Жуков және басқа да еріктілер «Алтын жүрек» аталымымен марапатталды. Сондай-ақ белсенді қала тұрғындарына да алғыс хаттар пен шағын сыйлықтар табыс етілді.

А.САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ВОЛОНТЕРЛЕР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының кандидаттары ардагерлермен кездесті

02.11.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының кандидаттары ардагерлермен кездесті

Абай облысында алдағы бес жылға арналған әлеуметтік даму жоспарлары талқыланды. «Әділет» партиясынан мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесіп,...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының кандидаттары ардагерлермен кездесті

3 минуты бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 часа бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

21 час бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

1 день бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

1 день бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

1 день бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС