"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.11.2021
МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық әкімдікте

 22 қараша күні Семей қалалық әкімдігінде қала басшысы Бақытжан Байахметов бөлім басшыларының қатысуымен селекторлық жиын өткізді.

Жиын барысында сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ардақ Исатаевтың, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың баяндамалары тыңдалды.

— Сәулет және қала құрылысы бөлімі суретшілермен және сәулетшілермен бірлесіп, қаланы безендіру және жарықтандыру бойынша жобалар әзірлеуде. Қала көшелерін қысқы безендіру жұмыстары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жаңа жыл мерекесіне орай жүргізіледі. Қысқы безендіру және түнгі жарықтандыру Бозтаев, Глинки, Әуезов даңғылы, Шәкәрім даңғылы, Қайым Мұхамедханов, Қабанбай батыр, Қабылбаев, Абай, Гагарин көшелерінде және айналма жолайрығынан Шугаев көшесіне дейінгі аралықта, ішінара Сәтбаев көшесінде, қаланың Орталық алаңы жанында орналасқан ғимараттарда, Әуезов атындағы алаңда, сондай-ақ саябақтар мен арбатта жүргізу туралы эскиздік жобалар әзірленді. Нобайлық жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін ТҮКШ бөлімімен бірлесіп жобалық-сметалық құжаттама жасалады. Кәсіпкерлік бөліммен бірге жоғарыда аталған коммерциялық нысандарды аралап, кәсіпкерлерге ғимараттарды жарықтандыру, қысқы кезеңге дайындық туралы және жұмыс мерзімі көрсетілген хабарламалар беріледі. Жұмыстар барысын қадағалау үшін 6-13 желтоқсан аралығында бақылау жұмыстарын жүргіземіз,- деді сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ардақ Исатаев.

Қала әкімі бөлім басшысының есебін тыңдаған соң жобаны жүзеге асыруға уақыттың тым тапшы екенін айтып, ескерту жасады.

— Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға бір ай, конкурус өткізуге бір ай уақыт кетеді. Мемлекеттік қызметкердің бұл туралы білмеуі мүмкін емес. Алдымызда үлкен мереке – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күні күтіп тұр. Мен Сіздің таныстырылымыңыздан Тәуелсіздік күніне арналған ешқандай жоба көріп тұрған жоқпын. Басты мерекені ұмыт қалдырып отырсыздар. Уақыт тым аз қалды, бұл жобаларды қалай жүзеге асырмақсыздар? – деді бөлім басшысының дайындық жұмыстарына көңілі толмаған қала әкімі.

Бақытжан Кәкенқажыұлы сонымен қатар тиісті бөлім басшыларына Тәуелсіздік күніне арналған идеологиялық жоспарларды іске асыруды тапсырды.

Жиын барысында қаланың қысқа дайындық барысы туралы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев баяндады.

Жиын соңында Бақытжан Кәкенқажыұлы орынбасарлары мен бөлім басшыларына жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды талап етіп, тапсырмалар берді.

 

А.САМАТОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС