"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК – ЖАҢА БАҒЫТ

23.11.2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жастар саясаты

Өткен жұма, 19 қараша күні Ә.Бөкейхан университетінде Семей қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді «Шығыс Қазақстан облыстық Жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы «Тұрақты даму мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар» жобасы аясында ұйымдастырды.

Жиынға «ШҚО Жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Эльзира Жүнісова, Семей қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының Олжас Соғымбай, Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Әзімхан Арин, «Атамекен» ШҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес-тәлімгері Лаура Байділданова, Alikhan Bokeikhan University бизнес және басқару кафедрасының аға оқытушысы Фазыл Аубакиров, Семей қаласындағы Niet.Woman қоғамдастығының төрайымы Еркежан Тұрсынбаева қатысты.

Жиында қаладағы шағын және орта бизнесті дамыту, жастарды қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбы қозғалды.

— Ағымдағы жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 26 762. Оның ішінде 22 597-сі жұмыс істеп тұр. Қаңтар мен қазан айларында шағын және орта бизнестің өнім көлемі 112 459 млн теңгені, кәсіпкерлік кәсіпорындарда ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 1649 адамды құрады, — деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Әзімхан Арин.

Семей қаласындағы Niet.Woman қоғамдастығының төрайымы Еркежан Тұрсынбаева әлеуметтік кәсіпкерлік жайлы сөз қозғады.

— Niet.Woman қоғамдастығы әлеуметтік осал топтағы және көп балалы аналармен үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Семинарлар, бизнес сабақтар ұйымдастырып, оларға өз бизнестерін, кәсіптерін бастауға көмектесеміз. Осы жұмыстарымыздың нәтижесінде жарты жылдың ішінде он бір әйел өз кәсіптерін бастап кетті. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттырып, бизнес-жоспар жасауды, жеке кәсіпкерлік ашуды, салық төлеуді үйретеміз. 1 қаңдарда елімізде «Әлеуметтік кәсіпкерлік» туралы заң шығады. Айта кететін жайт, әлеуметтік кәсіпкерлікті қайырымдылықпен шатастыруға болмайды. Кейбір адамдар жалақысының он пайызын қайырымдылыққа аударса, өзін әлеуметтік кәсіпкермін деп есептейді. Біз қызметімізден ақша таба отырып, әлеуметтік осал топтағы адамдардың бизнес бастауына көмектесеміз. Мен кәсіпкерліктен бұл салаға өз еркіммен келдім. Мақсатым – көп ақша табу емес, әлсіз жандарға көмектесу. Иә, қазіргі күні «әлеуметтік кәсіпкер» түсінігі көпшілікке таңсық. Көрші Ресейде бұл сала өте жақсы дамыған. Жаңа жылда заң шыққан кезде, әр қалада үйлестіруші тағайындалып, әлеуметтік кәсіпкерлердің тізімі жасалатын болады. Әрі қарай бұл сала елімізде қарқынды дамиды деп сенемін,- деді Еркежан Тұрсынбаева.

«Атамекен» ШҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес-тәлімгері Лаура Байділданова «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясындағы «Бастау» жобасының іске асу барысы туралы айтып берді. Елімізде «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы «Бастау» жобасы бесінші жыл қатарынан іске асып келеді.

— «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бастап 545 жобаға қолдау көрсетілді. 385 жоба субсидияланды. Субсидия соммасы – 576,4 млн теңге. Мамыр айы бойынша мемлекеттік гранттарды алудың облыстық конкурсына 33 бизнес субъектісі қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша жеті жобаға жалпы сомасы 21,5 млн теңге берілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында ағымдағы жылдың 10 айында 50 жобаға қолдау көрсетілді, — деген «Атамекен» ШҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес-тәлімгері Лаура Байділданова мемлекеттік грант тек жұмыссыз адамдарға ерекше бизнес жобалары үшін берілетінін атап өтті. Бизнес-тәлімгердің айтуынша, жақсы бизнес-жоба ұсыну арқылы 500 мыңнан бес миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант ұтып алуға болады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жастарды аталмыш жобаларға тарту мәселесін талқылады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС